Құландарды жерсіндіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1183 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысының «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына 2011 жылы 30 (отыз) бас құланды жерсіндіруге рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) Алматы облысының «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан 30 (отыз) бас құланды жерсіндіру мақсатында тірідей аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін;
      2) құландарын жерсіндіру жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады