Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1198 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 270-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидалары мен мерзімі;
      2) мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімінің нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 24 қазандағы
№ 1198 қаулысымен  
бекітілген    

Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидалары, нысаны мен мерзімі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі — уәкілетті орган) тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға жазылған құжаттар тізілімін табыс ету (бұдан әрі - тізілім) тәртібі мен мерзімін айқындайды.
      2. Тізілімді тауарлар мемлекетті материалдық резервтен шығарылғаннан кейін уәкілетті орган жасайды.
      3. Тізілімді уәкілетті орган мемлекеттік немесе орыс тілінде 2 данада қағаз тасығыштарда уәкілетті орган тіркеу есебінде тұрған жердің салық органына табыс етеді. Тізілімнің бір данасы салық органының белгісімен уәкілетті органға қайтарылады.
      4. Тізілімді табыс ету үшін есепті кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
      5. Тізілім есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмейтін мерзімде табыс етіледі.
      6. Тізілім есепті кезең ішінде мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған тауарлар бойынша уәкілетті орган жазып берген құжаттар туралы мәліметтерді көрсетуге арналған.
      7. Тізілім мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) кезекті - тізілімді табыс ету бойынша міндеттеме алғаш туындаған есепті кезең үшін және осындай кезеңнен кейінгі есепті кезеңдер үшін уәкілетті орган табыс ететін тізілім;
      2) қосымша - өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын есепті кезең үшін бұрын табыс етілген тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде уәкілетті орган табыс ететін тізілім.
      8. Тізілім қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып толтырылады.
      9. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.
      10. Тізілім уәкілетті органның мөрімен куәландырылады және оны жасауға жауапты тұлға, сондай-ақ уәкілетті органның басшысы не уәкілетті органның уәкілеттік берілген адамы қол қояды.

2. Тізілімді жасау

      11. Тізілімде мынадай деректер көрсетіледі:
      1) А бағанында — жолдың реттік нөмірі;
      2) В бағанында - сатып алушы - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті түрде толықтырылуы керек;
      3) С бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген сатып алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) D бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың нөмірі;
      5) Е бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттың жазылған күні;
      6) F бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы жалпы құны;
      7) G бағанында - мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта көрсетілген қосылған құн салығының сомасы.
      G бағанының жиынтық шамасы тізілімнің тек бірінші бетінде ғана көрсетіледі және барлық беттердің осы бағандарында көрсетілген барлық шамаларды жинақтау жолымен айқындалады.

ЕСЕПТІ САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ІШІНДЕ
МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТЕР ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК
ОРГАННЫҢ ТАУАРЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТЕН ШЫҒАРУЫНА ЖАЗЫЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІЛІМІ

(Қағаз мәтіннен қараңыз)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады