Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 158-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
60-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-экологиялық сынып 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап;»;
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 1-қосымшада:
«Бензинінің сипаттамаларына қойылатын талаптар» деген кестеде:
мына:
«
Жiберу клапандарындағы шөгiндiлер, артық емес (СЕС Ғ-05-А-93)* |
мг/клапан |
50 |
30 |
30 |
»
деген жол алып тасталсын;
ескертпе алып тасталсын;
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне 2-қосымшада:
«Дизель отыны сипаттамаларына қойылатын талаптар» деген кестеде:
мына:
«
Отын бүрiккiшiнiң тазалығы, артық емес (СЕС (РҒ-023) ТВА)* |
Өткiзу шығыны, % |
85 |
85 |
85 |
»
деген жол алып тасталсын;
ескертпе алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов