«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актілерін орындау үшін сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 6906076 (алты миллион тоғыз жүз алты мың жетпіс алты) теңге бөлінсін.
2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 қарашадағы
№ 1308 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі
Р/с |
Сот органының атауы және шешім шығарылған күн |
Талапкер |
Мемлекеттік бажды ескере отырып, өндіріп алушының пайдасына сот шығыстары (теңге) |
Мемлекеттің кірісіне мемлекеттік баж (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 2010 жылғы 22 қарашадағы шешімі, |
А.И.Киреенок |
5445547 |
|
2 |
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының 2010 жылғы 30 қарашадағы шешімі, |
Г.И.Сулейманов |
1000000 |
|
3 |
Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының 2010 жылғы 15 қарашадағы шешімі, |
А.А.Керімов |
150000 |
|
4 |
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14 тамыздағы шешімі, |
Е.И.Пак |
17280 (2011 жылғы 1 қазаннан бастап 30 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде) |
|
5 |
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15 қыркүйектегі шешімі, |
Ф.М.Кәрімов |
93732 (2011 жылғы 1 қазаннан бастап 30 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде) |
|
Жиыны: 6906076 |
||||
Жалпы сомасы: 6906076 |