Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 1345 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Семей, Курчатов, Серебрянск қалаларында және Глубокое кентінде қуаты 100 Гкал/сағатқа дейін қазандықтарға арналған нормативтік айлық отын қорын құру үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 228162457 (екі жүз жиырма сегіз миллион бір жүз алпыс екі мың төрт жүз елу жеті) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                                К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады