"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1357 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге
қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21,28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «54-бап. Оңалту рәсiмдерi
      Төлемге қабілетсіз борышкерге оның таратылуына жол бермеу мақсатында төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған, заңнамаға қайшы келмейтiн кез келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
      Көрсетілген шаралар жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оны жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмi банкроттық туралы заңнамада белгiленедi.».
      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат, № 2, 28- құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 289-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) заңды тұлғаларды оңалту туралы;
      5-2) заңды тұлғалардың жеделдетілген оңалтуы туралы;»;
      2) 35-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «35-тарау. Банкроттық, заңды тұлғалардың жеделдетілген оңалтуы,
                 заңды тұлғаларды оңалту туралы iстердi қарау»;
      3) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «313-бап. Банкроттық, заңды тұлғалардың жеделдетілген оңалтуы,
                заңды тұлғаларды оңалту туралы iстердi қарау
      Банкроттық, заңды тұлғалардың жеделдетілген оңалтуы, заңды тұлғаларды оңалту туралы iстердi банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктермен қоса, осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша сот қарайды.».
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 535-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтініштерден – 500 пайыз.»;
      2) 609-баптың 3-1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі енгізілген жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты аталған міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.»;
      3) 614-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі енгізілген жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық берешегі туындаған жағдайда, осындай салық төлеушілерге қатысты аталған берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.».
      4. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23., 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар, № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат, № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заң жеделдетілген оңалту, оңалту рәсiмдерiн өткiзудiң, борышкерді банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.»;
      2) 1-бапта:
      4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) әкімшілік шығыстар – осы Заңда белгіленген тәртіппен кредиторлармен танылған, тартылатын мамандардың көрсететiн қызметтерiне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, оларды төлеу жөніндегі міндет банкроттық, оңалту, жеделдетілген оңалту немесе сырттай байқау рәсімі туралы іс қозғалған сәттен бастап және қозғалғаннан кейінгі кезең ішінде сырттай байқау рәсіміне, жеделдетілген оңалту рәсіміне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзу рәсіміне, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмiне бастамашылық жасауға және оларды өткiзуге байланысты шығыстар.
      Жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу рәсімі қолданыла бастаған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдерге салықтық тексеру нәтижесі бойынша салық қызметі органдары есептеген салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға жатады;»;
      «8) борышкер – осы Заңда көзделген рәсімдердің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 11-1), 21-1), 23-1) және 25-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) біртекті кредиторлар тобы – борышкерге ұқсас талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бір-бірінің алдында басымдығы жоқ кредиторлар тобы.
      Біртекті кредиторлар тобы:
      өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша кредиторларды;
      еңбекақы және еңбек шарттары бойынша өтемақы, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары туралы берешектер бойынша кредиторларды;
      кепілмен қамтамасыз етілген міндеттер бойынша кредиторларды;
      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторларды;
      тауарларды жеткізу, жұмыстар және қызмет көрсету шарттарынан туындайтын талаптар бойынша қаржылық ұйымдарды-кредиторларды;
      кепілмен қамтамасыз етілмеген кредит (шағын кредит) алу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторларды қамтуы мүмкін;
      9-2) қарапайым коммерциялық операциялар – тұрақты сипатта болатын борышкердің күнделікті жұмыс істеуін жалғастыру мақсатында жүргізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету айналымымен байланысты іс-әрекеттер;»;
      «11-1) жеделдетілген оңалту рәсімі – сотқа дейінгі тәртіппен кредиторлармен келісілген оңалту жоспарының негізінде борышкерге қолданылатын сот рәсімі;»;
      «21-1) оңалту жоспары – төлем қабілеттігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шараларды, сондай-ақ кредиторлар алдындағы берешекті өтеу кестесін қамтитын борышкерді қаржылық сауықтырудың кез келген жоспары;»;
      «23-1) мемлекеттік қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен ұйымдарға қатысты қолданылатын қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;»;
      «25-1) сырттай дауыс беру – кредиторлар комитетінің отырысы, кредиторлар жиналысы барысында оның өткізілу орнынан тыс жерде болған кредиторлар комитетінің мүшесі, кредиторлар жиналысының қатысушысы қаралатын мәселе (мәселелер) бойынша хаттармен, факсимильді немесе электронды хабарламалармен алмасу, немесе жіберілетін хабарламалардың сәйкестігін қамтамасыз ететін басқа байланыс құралдарын қолдану жолымен жазбаша дауыс беруге құқылы болатын дауыс беру тәсілі;»;
      3) 2-бапта:
      1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, банкроттық, заңды тұлғалардың жеделдетілген оңалтуы, заңды тұлғаларды оңалту туралы iстерге қолданылады.
      Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту туралы iстердi осы Заңда белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша сот қарайды.»;
      4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап. Банкроттық немесе оңалту рәсімдерін қолданудың
              негіздері
      1. Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
      Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен сәттен бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi.
      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп өтiнiш жасауына оны қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған кезде төлем қабілетсіздігі негiз болып табылады.
      3. Борышкер таяу уақыттағы он екі айда ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанда, оны қалпына келтіру мүмкіндігі болған кезде оның төлем қабілетсіздігі немесе төлем қабілетіне қауіп төндіруі борышкердің сотқа оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуі үшін негіз болып табылады.»;
      5) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Оңалтушы басқарушы, санацияға қатысушы кредитор (кредиторлар) немесе уәкiлеттi орган өтініш берген жағдайларды қоса алғанда, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық және оңалту туралы iстi қозғауға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлiктi, бұл мүлiктi өтеусiз, нарық бағасынан төмен бағамен не кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып негiздерсiз алған тұлғалардан қайтару туралы сотқа өтініш беруге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Конкурстық басқарушы, кредитор (кредиторлар) немесе уәкiлеттi орган өтініш берген жағдайларды қоса алғанда, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық немесе оңалту туралы iстi қозғауға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде бұл мүлiктi өтеусiз, нарық бағасынан төмен бағамен не кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып негіздерсіз алған тұлғалардан қайтару туралы сотқа өтініш беруге міндетті.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Конкурстық және оңалтушы басқарушылар, санацияға қатысушы, кредитор (кредиторлар) немесе уәкiлеттi орган өтініш берген жағдайларды қоса алғанда, банкроттық туралы немесе оңалту туралы істі қозғауға дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан сот тәртібімен талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі.»;
      6) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Оңалту рәсімін немесе конкурстық (таратушылық) іс жүргізуді жүзеге асыру мақсатына қол жеткізу үшін оларды жүргізу кезеңінде дәрменсіз борышкердің барлық органдары оларды басқарудан шеттетіледі және борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттік оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) беріледі.
      Оңалтушы және конкурстық басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi.
      Осы тармақтың ережелері осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
      1-1-тармақ алып тасталсын;
      7) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      «9-1-бап. Оңалту рәсімінде борышкердің мүлкін және істерін
                басқару
      1. Борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтініші бойынша, кредиторлар жиналысының келісімімен, сот оңалту жоспарын бекіткен сәттен бастап борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.
      Кредиторлар жиналысының шешімін қоса бере отырып, борышкердің мүлкін және істерін басқару құқықтарын сақтау туралы өтініш, оңалту жоспарын бір уақытта ұсынумен сотқа жіберіледі.
      Борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтау туралы өтініш немесе борышкер басшысын оңалтушы басқарушы етіп тағайындау туралы қолдаухат болмаған кезде кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін уәкілетті органда есепте тұрған тұлғалардың қатарынан уәкілетті органға оңалтушы басқарушы ретінде өз кандидатурасын беруге міндетті.
      Кредиторлар жиналысы сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларды (қатысушыларды) борышкердің мүлкін және істерін басқарудан шеттеткен жағдайда, оңалтушы басқарушы кандидатурасын беруге міндетті.
      Борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайда, осы Заңның 51-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, борышкердің органдарына заңнамада белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер мен осы Заңда оңалтушы басқарушы үшін көзделген жауапкершілік қолданылады.
      Борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), осы Заңда көзделген міндеттерді орган бұзғанын кредитор (кредиторлар) анықтаған жағдайда, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкердің басқарушы органдарының мүшелерін ауыстыруға міндетті.
      2. Оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде уәкілетті органның есебінде тұрған адамдарға қатысты ұсынымдар дәрменсіз борышкердің мүлкін және рәсімдердегі істерін басқару жөніндегі қызметті атқаратын тұлғалардың кәсіби бірлестіктерінен кредиторлар жиналысымен алынуы мүмкін.
      3. Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
      4. Кредиторлық берешекті өтеу кестесін үш айдан аса мерзімде орындамаған және (немесе) уәкілетті орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылық анықталған жағдайда, борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы қалдырылған борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшылар (қатысушылар) өтініш келіп түскен күннен он бес күн ішінде сот кредиторлар жиналысы уәкілеттік берген адамның немесе уәкілетті органның өтініші бойынша басқарудан шеттетеді.
      Сот ұйғарымында:
      ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап он бес күндік мерзімде уәкілетті органға оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсыру туралы;
      борышкердің есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуы тиіс.»;
      8) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн енгiзгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтушы не конкурстық басқарушылар жүзеге асырады.»;
      9) 10-2-бапта:
      2), 5), 6), 7), 8), 11) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
      10), 12), 13) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерiн келiседi;»;
      «12) сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсi мен конкурстық басқарушының қорытынды есебiн келiсу тәртiбiн бекiтедi;
      13) конкурстық іс жүргізу, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;»;
      «27) осы Заңның бұзылғанын анықтаған жағдайда сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін сотта даулайды;»;
      10) 11, 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Кредиторлар комитетін қалыптастыру
      1. Сырттай байқау рәсімінде, жеделдетілген оңалту рәсімінде, оңалту рәсімінде, конкурстық іс жүргізуде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      Кредиторлар комитетін қалыптастыру:
      1) сырттай байқау кезiнде осы Заңның 41-2-бабымен;
      2) конкурстық iс жүргiзу кезiнде осы Заңның 70-бабымен;
      3) жеделдетілген оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 14-3-бабымен;
      4) оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 46-1-бабымен реттеледі.
      2. Кредиторлар комитетінің құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша кредиторлардың өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, кредитордың-мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым көп конкурстық кредиторлар мен кепілді кредиторлар кіреді.
      Қалыптастырылатын кредиторлар комитетінің құрамына кредитордың (кредиторлардың) біртекті тобынан ұсынылған, талап ету сомасы тиісті біртекті топтың талаптарының, қойылған өсімақылар мен айыппұлдар сомасын есепке алусыз, жалпы сомасының елу пайызынан артық тұлға (тұлғалар) енгізілуі тиіс.
      3. Кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсіміне, конкурстық іс жүргізуге қатысудан бас тартуға құқылы.
      4. Сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық басқарушының, конкурстық іс жүргізу кезінде кредиторлар комитетінің, борышкер кредиторларының өтініші бойынша уәкілетті орган осы баптың талаптарын ескере отырып, қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізуі мүмкін.
      5. Қалыптастырылған және бекітілген кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізудің негіздемелері мыналар бола алады:
      1) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің отырыстарына екі реттен артық дәлелді себептерсіз келмей қалуы;
      2) борышкерге үлкен сомалы талабы бар кредиторлардың анықталуы;
      3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамынан өзін шығару туралы өтініші;
      4) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді орындауы;
      5) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамына өзін қосу туралы өтініші;
      6) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредиторды тарату не оның қайтыс болуы және басқалар).»;
      «13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiгi
      1. Кредиторлар комитетi:
      1) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлардың өкiлiн сайлауға;
      2) сырттай байқау әкімшісінен, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыдан борышкердің қаржы жағдайы және сырттай байқау рәсімдерін, оңалту рәсімін және конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беруді талап етуге;
      3) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының іс-әрекеттеріне уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдауға;
      4) банкроттың өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерiнiң сомасын бекiтуге;
      5) конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны iске асыру жоспарын бекiтуге;
      6) аудиторлық тексеріс пен түгендеу нәтижелерін назарға алуға;
      7) конкурстық іс жүргізуді өткізу үшін шығыстар баптары мен сметасын бекітуге;
      8) орынды жағдайда конкурстық басқарушыға, егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде ұсыныс жасауға;
      9) борышкердің мемлекеттік қолдау шараларына және оңалту рәсімін тоқтата тұруға жүгінуіне келісім беруге;
      10) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс борышкердің мүлкін (активтерін) сату тәртібін анықтауға;
      11) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
      2. Кредиторлар комитеті рәсімдерді жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторларға:
      1) сырттай байқау, конкурстық іс жүргізу кезінде – айына кемінде бір рет;
      2) жеделдетілген оңалту рәсімінде, оңалту рәсімінде – кредиторлар жиналысы белгілеген мерзімде жеткізуге міндетті.
      14-бап. Кредиторлар комитетінің шешім қабылдауы
      1. Кредиторлар комитетінің отырысы комитет мүшелерінің немесе олардың сенімді адамдарының кемінде 2/3-і қатысса, заңды болады.
      2. Кредиторлар комитетінің отырысы оңалту рәсімінде, жеделдетілген оңалту рәсімінде борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығы оларда сақталған жағдайларда, борышкердің мүлік иесiнің (ол уәкiлеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы немесе конкурстық басқарушының, кредиторлар комитеті мүшелерінің бастамасы бойынша шақырылады.
      Кредиторлар комитетінің мүшелері кредиторлар комитетінің отырысы өткізілетіні туралы отырысты өткізгенге дейін кемінде жеті жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар болуы тиіс.
      Хабарламада отырысты өткізу жері, күні мен уақыты туралы мәліметтер, күн тәртібі қамтылуы тиіс.
      3. Отырысқа тікелей қатысу мүмкін болмаған жағдайда кредиторлар комитетінің мүшесі сырттай дауыс беруге құқылы.
      Кредиторлар комитетінің мүшесі сырттай дауыс беру тәсілін таңдаған жағдайда, кредиторлар комитетінің мүшесі бұл туралы сырттай байқау әкімшісіне, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға отырысты өткізуге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы хабарлауы тиіс.
      Сырттай байқау әкімшісі, оңалтушы немесе конкурстық басқарушы отырыс өткізілетін күнге дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей күн тәртібіне қатысты материалдарды кредиторлардың осындай мүшесіне танысу үшін жіберуге немесе ұсынуға міндетті.
      4. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді.
      Хаттамада дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері туралы мәліметтер, күн тәртібі, дауыс беру нәтижелері және қабылданған шешімдер қамтылуы тиіс. Хаттамаға барлық дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері, сырттай байқау әкімшісі, оңалтушы немесе конкурстық басқарушы қол қояды.
      Сырттай байқау әкімшісі, конкурстық басқарушы хаттаманы уәкілетті органға барлық дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері оған қол қойған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.
      5. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi «бiр комитет мүшесi – бiр дауыс» деген қағидат бойынша кредиторлар комитетi мүшелерінiң жалпы дауыс санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
      6. Борышкердiң басқа барлық кредиторлары борышкер кредиторлары комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар беру құқығымен кредиторлар комитетiнiң отырысына қатысуға құқылы.
      7. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар комитетінің отырысына қатысуға және кредиторлар комитеті шешімдеріне сотқа шағымдануға құқылы.»;
      11) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      «2-1 тарау. Жеделдетілген оңалту рәсімі
      14-1-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану
      1. Жеделдетілген оңалту рәсімі борышкер мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
      1) борышкерге қатысты банкроттық туралы немесе оңалту туралы іс қозғалмаған;
      2) борышкер коммерциялық ұйым болып табылған;
      3) борышкер төлемге қабілетсіз не оларды орындау мерзімі келген кезде таяу уақыттағы он екі ай ішінде ақшалай міндеттемелерді орындауға қабілетсіз болғанда қолданылады.
      2. Борышкерге қатысты жеделдетілген оңалту рәсімі біртекті кредиторлар тобы (топтары) алдындағы міндеттемелер бойынша, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын азаматтардың, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген тұлғаларға еңбекақы және төлемақы, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерді төлеу бойынша, еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналар, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша, сондай-ақ салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптарды қоспағанда, енгізілуі мүмкін.
      3. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қатысты жеделдетілген оңалту рәсімі біртекті кредиторлар тобының (топтарының) қайсысының болмасын міндеттемелері бойынша мұндай шараларды қолдану талаптарына сәйкес енгізілуі мүмкін.
      4. Жеделдетілген оңалту туралы іске қатысушы тұлғалар:
      1) борышкер;
      2) оңалту жоспарына қосылған, біртекті кредиторлар тобына (топтарына) кіретін кредиторлар болып табылады.
      5. Жеделдетілген оңалту рәсімінде сот:
      1) жеделдетілген оңалту рәсімін қолданады және тоқтатады;
      2) мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердің жоспарынан басқа, оңалту жоспарын бекітеді;
      3) мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердің жоспарынан басқа оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
      4) борышкер жауапкер ретінде болып келетін, мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
      5) жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді;
      6) қорытынды есепті бекітеді.
      14-2-бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану
                туралы өтініші
      1. Төлем қабілеттігін қалпына келтіру, төлемге қабілетсіздігі келгенін ескерту мүмкіндігі бар болған кезде борышкер жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы сот органына жүгінуге құқылы.
      2. Борышкердің өтініші сотқа жазбаша нысанда беріледі. Оған борышкер басшысы не құрылтайшылық құжаттарға сәйкес оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
      3. Борышкердің өтініші:
      1) өтініш берілетін соттың атауын;
      2) кредиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді;
      3) кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы ақпаратты;
      4) алдағы төлемдерді уақытылы өтеудің мүмкін еместігінің себептерін қоса, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкін еместігінің негіздемесін;
      5) борышкерде бар, оның ішінде кепілмен ауыртпалық салынған, жалдауда және (немесе) лизингте тұрған мүлік, банк шотындағы ақшалай қаражат, шоттардың нөмірі және банктердің орналасқан жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді;
      6) орындау мерзімі басталмаған борышкердің міндеттемелері туралы мәліметтерді;
      7) шешімдерді қабылдауы үшін қажетті ақпаратты кредиторлар алдында ашуы туралы борышкердің жазбаша міндеттемесін;
      8) оңалту жоспарына қосылмаған біртекті кредиторлардың тобына жататын кредиторлар қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінде тиесілі төлемдерді алатыны және ұсынылған оңалту жоспары олардың құқықтарын өзгертпейтіні және қозғамайтыны туралы борышкердің міндеттемесін;
      9) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін қамтуы тиіс.
      Борышкердің өтінішінде, егер борышкер олар сотта істі қарау үшін қажет деп санаса, өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
      Осы тармақтың 4), 5), 6), 8) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      4. Жеделдетілген оңалту рәсімін бастамашылық ету бойынша шығындар борышкердің қаражаты есебінен жабылады.
      5. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы борышкердің өтінішіне:
      1) мемлекеттік бажды белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуді;
      2) берешектің болуын немесе оның басталуын, сондай-ақ борышкердің кредиторларды қанағаттандыруға қабілетсіздігін растайтын басқа да құжаттар;
      3) борышкердің өтініші негізделетін өзге мән-жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкер мұндай шаралар қатысушысының мәртебесін растайтын құжатты қосымша ұсынады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      6. Борышкердің өтінішіне сондай-ақ:
      1) оңалту жоспары;
      2) берешектің сомасын, оның қалыптасқан күнін көрсете отырып және біртекті кредиторлардың топтары бойынша бөле отырып кредиторлар тізбесі;
      3) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобының (топтарының) жалпы талап ету сомасынан елу пайыздан астам құрайтын кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдауы туралы жазбаша растауы және (немесе) отырыстың хаттамасы;
      4) борышкерге қойылған талап арыздарды соттардың өндірісіне қабылдауы туралы, сондай-ақ даусыз (акцептісіз) есептен шығарылуға қойылған талаптар туралы мәліметтер;
      5) егер мұндай орган кредиторлардың оңалту жоспарын қарау және келісу кезінде құрылған болса, кредиторлар органы мүшелерінің тізімі;
      6) құрылтай құжаттары қоса беріледі.
      Осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      7. Борышкердің өтінішіне қоса берілетін барлық құжаттарға өтініш берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      8. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы борышкердің сотқа берген өтініші, егер:
      1) борышкер осы Заңның 14-1-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген;
      2) өтініш осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қаралмай қайтарылады.
      14-3-бап. Кредиторлардың жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысуы
      1. Біртекті кредиторлардың барлық тобының (топтарының) мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысатын кредиторлардың жиналысы шақырылады.
      2. Кредиторлардың алғашқы жиналысы соттың жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі шығарылған сәттен бастап бір айдан кеш емес мерзімде өткізілуі тиіс.
      3. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетілген оңалту рәсімі қолданылған жағдайда, жоғарыда аталған шаралар шеңберінде қалыптастырылған борышкердің кредиторлар органына осы Заңда белгіленген кредиторлар жиналысының және комитетінің өкілеттігі қолданылады.
      4. Кредиторлардың жиналыстарын, кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу, кредиторларды хабарландыру бойынша шығындар борышкердің қаражаты есебінен жабылады.
      5. Кредиторлардың жиналысына қатысу құқығы кредиторларға, борышкерге, борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) немесе олардың өкілдеріне тиесілі.
      6. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды және өткізуді борышкердің немесе оның басқару органдарының орналасқан жері бойынша борышкер жүзеге асырады.
      7. Осы Заңның мақсаттары үшін кредиторларға, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысу құқығына ие өзге де тұлғаларға кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабардың пошта арқылы тапсырыс хатпен кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жіберілуі тиісінше хабарлама болып танылады. Егер кредиторлар саны елуден артық болған жағдайда, кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабарды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында және нормативтiк құқықтық актілерді белгіленген тәртіпте ресми түрде жариялау құқығын алған, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте борышкер орналасқан жер бойынша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жариялануы тиісінше хабарлама болып танылады.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерде орналасқан кредитор үшін кредиторға хабардың пошта арқылы тапсырыс хатпен кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жіберілуі тиісінше хабарлама болып танылады.
      Тұрақты немесе көбінесе тұратын жері немесе орналасқан жері бойынша жеке хабарландыру үшін қажет мәліметтерді анықтау мүмкін болмаған кезде не мұндай хабарламаны мүмкін емес ететін өзге жағдаяттар болған кезде кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіпте жариялау мұндай тұлғаларды тиісінше хабарландыру болып танылады.
      Борышкерде интернет-ресурс болған кезде, аталған интернет-ресурста кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабарламаны кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жариялануы міндетті болып табылады.
      Кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабарламада мынадай мәліметтер:
      1) борышкердің атауы, орналасқан жері және оның мекенжайы;
      2) кредиторлардың жиналысын өткізілетін күн, уақыт және орын;
      3) кредиторлар жиналысының күн тәртібі;
      4) кредиторлар жиналысының талқылауына жататын материалдармен танысу тәртібі қамтылуы тиіс.
      8. Отырысқа қатысу мүмкін болмаған жағдайда кредиторлар комитетінің мүшесі немесе оның сенімді адамы сырттай дауыс беруге құқылы.
      Кредиторлар комитетінің мүшесі сырттай дауыс беру тәсілін таңдаған жағдайда, кредиторлар комитетінің мүшесі бұл туралы сырттай байқау әкімшісіне, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға отырысты өткізуге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы хабарлауы тиіс.
      Отырыс өткізілетін күнге дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей күн тәртібіне қатысты материалдарды осындай кредиторлар жиналысының қатысушысына танысу үшін жіберуге немесе ұсынуға міндетті.
      9. Кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлар жиналысқа қатысушы кредиторлар талаптарының жалпы сомасына олардың талаптарының мөлшеріне тепе-тең дауысқа ие.
      Міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін қолдануға жататын тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), төлемнің мерзімін өткізгені үшін пайыздар, жіберген пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге мүлiктiк және (немесе) қаржы санкциялары, оның ішінде міндетті төлемдердi төлеу бойынша міндетті орындамағаны үшін кредиторлардың жиналысында дауыстар санын анықтау мақсаты үшін есепке алынбайды.
      10. Кредиторлар жиналысы оған оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобының дауыстарының жалпы санынан кемiнде жетпiс бес пайыз дауыстарына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқылы. Кредиторлардың қайтадан шақырылған жиналысы егер кредиторлардың жиналысын өткізу уақыты мен орны туралы кредиторларға тиісінше хабарланған жағдайда, оған оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобының дауыстарының жалпы санының жартысынан артығына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқылы.
      11. Кредиторлар жиналысының шешімдері кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлар дауыстарының санынан көпшілік дауыстармен қабылданады.
      12. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екі данада жасалады, оның біреуі сотқа беріледі, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі.
      Кредиторлар жиналысының хаттамасына мыналардың:
      жиналысқа қатысушылар өкілдерінің өкілеттігін растайтын құжаттардың;
      танысу және (немесе) бекіту үшін жиналысқа қатысушыларға ұсынылған материалдардың;
      кредиторлардың жиналысын өткізу уақыты мен орны туралы кредиторларға тиісінше хабарланғаны туралы куәландыратын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың;
      борышкердің талқылауы бойынша өзге құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
      13. Кредиторлар жиналысының ерекше құзыретіне:
      1) кредиторлар комитетінің санын анықтау, құрамын қалыптастыру және бекіту;
      2) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
      3) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
      4) кредиторлар комитеті мүшелерінің кредиторлардың назарына жеделдетілген оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жеткізу тәртібін анықтау;
      5) оңалту жоспарында көзделмеген қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
      6) жеделдетілген оңалту рәсімін ұзартуды келісу;
      7) қорытынды есепті келісу;
      8) осы Заңда көзделген басқа да құқықтар жатады.
      14. Кредиторлар комитетінің отырысы, оны жүргізу және шешімдерді қабылдау осы Заңның 14-бабында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      14-4-бап. Оңалту жоспары
      1. Оңалту жоспары борышкердiң төлем қабiлеттілігін қалпына келтiру (оңалту шаралары), орындау мерзімі басталмаған міндеттемелерді өтеу мүмкін еместігіне байланысты төлем қабілетсіздігінің туындауын болдырмау бойынша нақты iс-шараларды және жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысатын біртекті кредитор топтары алдындағы берешекті және (немесе) алдағы төлемдерді өтеу кестесін қамтуы тиіс.
      Өзгерістер мен толықтырулар оңалту жоспарына кредиторлар жиналысының келісімімен енгізіледі және сотпен бекітіледі.
      2. Оңалту шараларына кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және санация, мүлiктi (активтердi) сауда-саттық жүргiзу арқылы сату, борышкердiң талап ету құқықтарын беру, негізгі борыш сомасының бөлігін есептен шығару, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару, борышты акцияға айырбастау, бiтiмгершiлiк келiсiмін жасасу және басқаларын қосқанда, борышкердің төлем қабілеттігін қалпына келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да іс-шаралар кіруі мүмкiн.
      3. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзі ретінде кредит (шағын кредит) алуды қамтыған, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын қарастырған жағдайда, оңалту жоспарына кредит (шағын кредит) алуға шарт немесе қаржы ұйымының оң шешімі не мемлекеттік қолдау шараларының қатысушы мәртебесін алғандығын растайтын құжат қоса беріледі.
      14-5-бап. Жеделдетілген оңалту туралы iс бойынша iс жүргізуді
                қозғау және оның салдары
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті алып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес жұмыс күннен кешiктiрмей iсті қозғау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Жеделдетілген оңалту туралы iс бойынша iс жүргізу қозғалған сәттен бастап:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (оған уәкiлеттiк берiлген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікті пайдалануға және сатуға тыйым салынады;
      2) жеделдетілген оңалту рәсіміне тартылған біртекті кредиторлар тобына кіретін кредиторлардың, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне қатысты оның меншiк иелерiнiң (оған уәкiлеттiк берiлген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) талап-арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына кіретін кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалуы мүмкін емес;
      4) борышкер мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалуы мүмкін емес;
      5) борышкер жеделдетілген оңалту рәсіміне тартылған біртекті кредиторлар тобының әрбір кредиторға бес жұмыс күні ішінде іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы хабарлама жіберуге міндетті;
      6) кредиторлар хабарламада көрсетілген кредиторлық берешек сомасымен келіспеген жағдайда, жеделдетілген оңалту туралы істі қарайтын сотқа хабарлама алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде наразылығын жіберуге құқылы;
      7) жеделдетілген оңалту рәсіміне тартылған кредиторлар талаптары бойынша, соның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіпте қанағаттандыруға жататындары бойынша борышкердің банктік шоттарынан ақшаны мәжбүрлеп өтеп алуға, сондай-ақ борышкер мүлкін мәжбүрлеп өтеп алуға жол берілмейді.
      3. Борышкердің кредиторларға жіберетін хабарламасында мыналар:
      1) жеделдетілген оңалту туралы істі қозғау туралы ақпарат;
      2) жеделдетілген оңалту туралы істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарған соттың атауы және оның орналасқан жері;
      3) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген кредитордың талаптарының сомасы, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысатын біртекті кредиторлардың әрбір тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасы;
      4) хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілген кредиторлық берешек сомасымен келіспеген кредиторлардың сотқа наразылығын беру мүмкіндігі қамтылуы тиіс.
      4. Хабарландырулардың көшірмелері, хабарламалардың түпнұсқалары оларды кредиторлардың алғанын, не орналасқан жері бойынша кредитордың болмау себебінен оларды тапсыру мүмкін болмағанын растаумен бірге, борышкермен сотқа жеделдетілген оңалту рәсімі туралы іс бойынша іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
      14-6-бап. Iстiң сотта қаралуы
      1. Жеделдетілген оңалту туралы iстi сотта талқылауға дайындау кезiнде, Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген әрекеттерден басқа, сот жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысатын кредиторларды және прокурорды істің сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабарландырады.
      2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейінгі он бес күннен кешiктiрiлмей, соттың талқылауына жеделдетілген оңалту туралы iс тағайындалуы тиiс, ол туралы сот ұйғарым шығарады.
      Жеделдетілген оңалту туралы iс сотпен іс қозғалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзiмде қаралуы тиiс.
      3. Жеделдетілген оңалту туралы iсті алдын ала дайындау мерзімі іс қозғалған сәттен бастап он бес күннен аспауы тиіс.
      4. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі сотпен мынадай шарттар орындалған:
      1) істі соттың талқылауы барысында борышкер төлем қабілетсіздігін не орындау мерзімі жақын арадағы он екі айда болатын ақшалай міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігін дәлелдеген;
      2) борышкер іс бойынша іс жүргізудің қозғалғандығы туралы кредиторларды хабарландыру бойынша талаптарды толық көлемде орындаған;
      3) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдануға келісім бермеген кредиторлардың құқықтары мен мүліктік мүдделері есептелген және келісім берген кредиторлардың мүдделеріне қатысты қысым жасалмаған;
      4) оңалту жоспарын мақұлдаған кредиторлардың талаптары біртекті кредиторлардың тиісті тобы талаптарының жалпы сомасынан елу пайыздан астамын құраған кезде шығарылады.
      Осы тармақтың 1), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      5. Сот шешімі мыналарды:
      1) борышкердің атауын, оның орналасқан жерін, банк шоттары туралы мәліметтерді, басшының аты-жөнін, салық төлеушінің нөмірін (бизнес сәйкестендіру нөмірін), телефонның байланыс нөмірін;
      2) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы нұсқауды;
      3) мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетілген оңалту рәсімі қолданылған жағдайлардан басқа, оңалту жоспарын бекіту туралы нұсқауды;
      4) жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі туралы мәліметтерді;
      5) оңалту жоспарына енгізілген кредиторлар тізбесін;
      6) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобы (топтары) талаптарының сомасын;
      7) осы Заңда қарастырылған, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану салдарының келгені туралы нұсқауларды;
      8) оңалту жоспарын орындау нәтижесі бойынша борышкердің қорытынды есепті беруі туралы нұсқауды қамтуы тиіс.
      6. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдануға мынадай:
      1) сот ісін талқылау барысында борышкер төлемге қабілетсіздігін және (немесе) алдағы төлемдерді уақтылы өтеу мүмкіндігінің болмауын растамаған;
      2) борышкер осы Заңның 14-5-бабының 4-тармағының талаптарын орындамаған және борышкер кредиторға оның орналасқан жері бойынша болмауының себебі бойынша хабарлау мүмкін болмағанын дәлелдемеген;
      3) кредиторларға жіберілген іс бойынша істі қозғау туралы хабарламалар осы Заңның 14-5-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      4) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдануға келісімін бермеген кредиторлардың құқықтары мен мүліктік мүдделері келісімін берген кредиторлардың мүдделеріне қарағанда қысымға түскен;
      5) оңалту жоспарын келіскен біртекті кредиторлар тобына жатпайтын кредиторлардың құқықтарын оңалту жоспары өзгерткен және қозғаған;
      6) борышкер ұсынған құжаттар оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобы талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын көрсететін кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдауын растамаған жағдайларда сот бас тартады.
      Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      7. Соттың iстi талқылауы барысында осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайлар анықталмаған жағдайларда, сот жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарады.
      14-7-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі
      Жеделдетілген оңалту рәсімінің жүзеге асырылу ұзақтығы екі жылдан аспауы тиіс. Сот борышкердің өтініші бойынша кредиторлар жиналысының келісімімен оның жүзеге асырылу мерзімін алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
      Борышкерге мемлекеттік қолдау шаралары қолданылған жағдайда, сот рәсім мерзімін бекітілген оңалту рәсіміне сәйкес белгілейді.
      14-8-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану және оңалту
                жоспарын бекіту салдары
      1. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылған және оңалту жоспарын бекіткен сәттен бастап келесі салдар туындайды:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (онымен уәкiлеттiк берiлген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына кредиторлар жиналысының немесе борышкерге мемлекеттік қолдау шараларын қолдану барысында құрылған кредиторлардың өзге органдарының келісімінсіз оңалту жоспарымен көзделгендерден басқа қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікті пайдалануға және сатуға тыйым салынады;
      2) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына кіретін кредиторлардың, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне қатысты оның меншiк иелерiнiң (оған уәкiлеттiк берiлген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) талап-арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына кіретін кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалуы мүмкін емес;
      4) борышкерге мемлекеттік қолдау шаралары қолданылған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалуы мүмкін емес.
      2. Жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі ішінде борышкер кредиторлар комитеті мүшелерінің мәліметіне қаржылық жағдайы, қарапайым коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелер туралы өткен айға ақпаратты әр айдың 15 күнінен кешіктірмей жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
      3. Оңалту жоспарына қосылған кредиторлармен есептесу оңалту жоспарымен көзделген өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Жеделдетілген оңалту рәсіміне тартылмаған басқа кредиторлармен есептесу қарапайым коммерциялық операциялар шегінде жүзеге асырылады.
      14-9-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімін тоқтату
      1. Жеделдетілген оңалту рәсiмiн мынадай жағдайларда:
      1) кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есеп ұсынылса;
      2) жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі өтсе;
      3) жеделдетілген оңалту рәсімін өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда кредиторлар жиналысымен өкілдік берілген адамның өтініші бойынша;
      4) борышкермен өтеу кестесі үш айдан астам мерзім ішінде орындалмаған кредитордың өтініші бойынша;
      5) жеделдетілген оңалту рәсiмiне тартылған біртекті кредиторлар тобына жатпайтын кредиторлардың, не талаптары жеделдетілген оңалту рәсiмiн өткізу кезеңінде кредиторлардың өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалса;
      6) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған және (немесе) оңалту жоспарымен ескерілмеген жеделдетілген оңалту рәсiмiне тартылған біртекті кредиторлар тобына жататын кредиторлардың өтініші бойынша сот тоқтатады.
      2. Жеделдетілген оңалту рәсiмi тоқтатылған сәттен бастап осы Заңның 14-8-бабында белгіленген шектеулер алып тасталады, кредиторлар өз құқықтарын іске асыруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.»;
      12) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы істерді сот тәртібінде қарау»;
      13) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс қозғау тәртiбi
      1. Банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу сотта осы Заңның 4-бабында көзделген негiздер болған кезде борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда прокурордың, осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайда оңалтушы басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
      2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар-азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар ие болады.
      3. Оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 4-бабында қарастырылған негіздемелер бар кезде борышкер өтініші негізінде сотта қозғалады.
      Борышкердің банкроттық туралы іс қозғалғандығы туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзім ішінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жолдауға құқығы бар.
      4. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот деп тану туралы немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды деп есептеледi.
      5. Оңалтушы басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы берілген өтiнiші соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды. Осы Заңның 53-бабында көзделген негіздер бойынша өтініш берген жағдайларды қоспағанда, басқа кредитор (кредиторлар), прокурор өз өтiнiшiн борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.»;
      14) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар:
      1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
      2) кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкін еместігінің негіздемесі;
      3) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi кепiлге берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы мәлiметтер; шоттардың нөмiрлерi және банктердiң тұрғылықты жерi, дебиторлардың тұрғылықты жерi және олардың берешегiнiң сомасы көрсетiлген тiзбесi туралы мәлiметтер;
      4) борышкердiң орындалу мерзімі келмеген мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;
      5) борышкер қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпарат;
      6) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi болуы тиiс.
      Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң өтiнiшiнде өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер көрсетiлуi мүмкiн.
      Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.»;
      15) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар
      1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
      1) белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша мемлекеттiк бажды төлегендiгiн;
      2) берешектің болуын, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын борышкердiң қанағаттандыра алмайтындығын;
      3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге жағдайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне сондай-ақ:
      1) борышкердiң өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш жасауына негiз болып табылатын меншiк иесiнiң немесе құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды тұлға органдарының шешiмi;
      2) соңғы үш жылдың және өтініш берген кезге қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомасы мен қалыптасу күнін көрсете отырып барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (салық төлеушінің тіркелу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, заңды мекенжайы);
      3) банкроттық туралы iске қатысу үшiн жасырын дауыспен олардың өкiлi сайланған, борышкердiң еңбек ұжымы (қызметкерлерi) жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
      4) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы борышкердiң сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның оларға он күн iшiнде беретiн қорытындысы;
      6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы борышкердiң сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап монополияға қарсы органның оларға он күн iшiнде беретiн қорытындысы;
      7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі жүргізілсе, сырттай байқау әкімшісінің қорытындысы;
      8) соттардың борышкерге қойған, іс жүргізуге қабылданған талаптары туралы, сондай-ақ даусыз (акцептсіз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәліметтер қоса беріледі.
      3. Осы баптың 2-тармағының 1), 3) және 7) тармақшаларында көзделгенді қоспағанда, оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы оңалтушы басқарушының өтініші осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген мәліметтер мен құжаттарды қамтуы тиіс.
      4. Борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішіне мыналар:
      1) мемлекеттік баждың белгіленген тәртіпте және мөлшерде төленгенін;
      2) борышкер, берешектің болуын, сондай-ақ борышкердің кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін не оларды орындау мерзімі жақын арадағы 12 айда басталатын кезде ақшалай міндеттемелерін орындауға дәрмені болмайтын төлемге қабілетсіздік қаупін;
      3) борышкердің өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      5. Борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішіне:
      1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттілік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлғаның органдарының шешімі;
      2) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен пайда болған күнін көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (салық төлеушінің тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, заңды мекенжайы), сондай-ақ өзіне активтер, міндеттемелер мен өтініш берілген кездегі меншікті капиталы туралы мәліметтерді қамтитын қаржылық жағдайы туралы мәліметтер;
      3) борышкерге соттар қойған, іс жүргізуге қабылданған талаптар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептсіз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәліметтер;
      4) борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілген жағдайда, төлемге қабілеттікті қалпына келтіру мүмкіндігі туралы сырттай байқау әкімшісінің қорытындысы;
      5) құрылтай құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.»;
      16) 21-баптың 1 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы осы Заңның 18, 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен борышкердiң сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады.»;
      17) 27 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғау
      1. Борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Іс қозғау туралы ұйғарым мүлікке құқықты тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және басқа органдар үшін осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану туралы міндетті қамтуы тиіс.
      3. Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.
      28-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғаудың
              салдары
      1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына қарапайым коммерциялық операциялардан тыс мүлікті пайдалануға және өткізуге тыйым салынады;
      2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне қатысты оның меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, соның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртіппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары бойынша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
      5) акцияларды, борышкердiң мүлкiндегi үлестердi иелiктен айыруға тыйым салынады.
      2. Сот жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртіппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.
      Хабарландыруды жариялау борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртіппен өтелуі тиiс.»;
      18) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
      «29-1-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата
                 тұру және қалпына келтіру
      1. Сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде оңалту рәсімін қолдану туралы борышкердің өтінішін алып, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
      2. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымның көшірмесін сот борышкерге, өтініш иесіне, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша аумақтық атқарушы iс жүргiзу органына жiбередi.
      3. Сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді мынадай:
      1) сот оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қараусыз қалдырған;
      2) оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тарту туралы шешім шығарылған;
      3) осы Заңның 53-бабында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмiн тоқтатқан жағдайларда жаңғыртады.
      4. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен жаңғыртылады.»;
      19) 34 және 35-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-бап. Соттың iстi талқылауы
      1. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс соттың талқылауына тағайындалуы тиiс, ол туралы сот ұйғарым шығарады.
      Банкроттық туралы iс қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде банкроттық туралы іс сот отырысында қаралуы тиiс.
      2. Істі алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы іс соттың талқылауына тағайындалуға тиiс, ол туралы сот ұйғарым шығарады.
      Оңалту туралы іс қозғалған күннен бір айдан аспайтын мерзімде оңалту туралы іс сот отырысында қаралуы тиіс.
      35-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша сот
              қаулылары
      1. Сот банкроттық немесе оңалту туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн қабылдай алады:
      1) борышкердi банкрот деп тану және конкурс жүргiзу туралы шешiм;
      2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
      3) оңалту рәсімін қолдану туралы шешім;
      4) оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім;
      5) iс жүргiзудi қысқарту туралы ұйғарым.
      2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиiс.»;
      20) 36-баптың 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      21) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:
      «37-1-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім
      1. Соттың оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімін сот талқылаулары барысында борышкердің төлем қабілетсіздігі немесе борышкер оларды орындау мерзімі жақын арадағы он екі айда басталатын кезде ақшалай міндеттемелерін орындауға дәрмені болмайтын төлемге қабілетсіздік қаупі дәлелденген жағдайда сот шығарады.
      2. Соттың борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімінде:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы;
      2) борышкердің оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он күндік мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртіппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында оңалту рәсiмiн енгiзу туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастыруы туралы;
      3) борышкердің оңалту рәсiмi енгiзілген кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыруы және оны уәкілетті органға бекітуге беруі туралы;
      4) борышкердің оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап төрт айдан кешіктірмей борышкердің кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспарын ұсынуы туралы нұсқау;
      5) осы Заңда көзделген, оңалту рәсімін қолдану салдарының келгендігі қамтылуы тиіс.
      3. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы жарияланымда:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімді шығарған соттың атауы;
      2) борышкердің атауы және орналасқан жері;
      3) кредиторларға өздерінің борышкерге бар талаптарын жарияланым күнінен бастап екі айлық мерзімде қою қажеттігі туралы үндеу қамтылуы тиіс.
      4. Сот оңалту рәсiмiн қолданудан, егер борышкер сот талқылаулары барысында өзінің төлем қабілетсіздігін не оларды орындау мерзімі жақын арадағы 12 айда басталатын кезде ақшалай міндеттемелерін орындауға дәрмені болмайтынын дәлелдемеген жағдайда бас тартады.
      Соттың оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiмінде кредитордың борышкерден оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш беру нәтижесінде келтірілген залалдарының орнын толтыруды талап ету құқығына нұсқау қамтылуы тиіс.»;
      22) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым
      1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда (осы Заңның 15-бабының 4-тармағы) тоқтатады.
      2. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мынадай:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш кері қайтарып алынған;
      2) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған шынайы емес мәліметтер ұсынылу фактілері анықталған жағдайларда тоқтатады.»;
      23) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртіппен өтеледi.»;
      24) 41-2-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «41-2-бап. Сырттай байқау рәсімінде кредиторлар комитетiн құру»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      25) 42 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
      1. Оңалту рәсiмi сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
      2. Таяудағы он екі айда орындау мерзімі келетін ақшалай міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігін қоса алғанда, төлемге қабілетсіздігі борышкердің сотқа жүгінуіне негіз болады.
      43-бап. Оңалту рәсіміне қатысушылар
      Оңалту рәсіміне қатысушылар сот, кредиторлар, борышкер, борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), оңалтушы басқарушы, уәкілетті орган және басқа да мүдделі тұлғалар болып табылады.»;
      26) мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-баптармен толықтырылсын:
      «43-1-бап. Соттың оңалту рәсіміндегі өкілеттігі
      Сот оңалту рәсімінде:
      1) оңалту рәсімін қолданады, тоқтата тұрады және тоқтатады;
      2) оңалту жоспарын бекітеді;
      3) оңалту жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
      4) борышкер жауапкер ретiнде болатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
      5) кредиторлар жиналысының шешімі негізінде борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын сақтап қалады;
      6) уәкілетті органға оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсырады;
      7) оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.
      43-2-бап. Оңалту рәсімін қолданудың салдары
      1. Сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарған сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:
      1) қарапайым коммерциялық операциялардың шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер жасасуға тыйым салынады;
      2) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұлдар), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақылар есептеу тоқтатылады;
      3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескермегенде, оңалту рәсімін қолданғаннан кейін төлеу мерзімі келген өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға төлемдердi қоспағанда, оның мүлкіне қатысты қабылдаған соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.
      4) салықтық есептілікке сәйкес салық төлеушілер есептеген, оңалту рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдердегі салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салық қызметі органы аударған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді;
      2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін, оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, қарапайым коммерциялық операциялардың шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады.»;
      27) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «44-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
      1. Оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілеттігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлар алдындағы берешекті өтеу кестесі қамтылуы тиіс.
      Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.
      Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларға кредиторлар жиналысының келісімімен жол беріледі және оларды сот бекітеді.
      2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен бірге әзірлеуі тиіс.
      3. Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауы тиіс.
      4. Оңалту шаралары кез келген ұйымдастыру-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және санацияны, сауда-саттық жүргізу жолымен мүлікті (активтерді) сатуды, борышкердің талап ету құқықтарын беруді, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бітімгерлік келісімін жасауды және басқаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.
      5. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзі ретінде кредит (шағын кредит) алуды қамтыса, оңалту жоспарына кредит (шағын кредит) алу шарты қоса беріледі.
      6. Оңалту жоспары кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар жиналысына келісу үшін берілуі тиіс.
      7. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспары орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала негiзiн қалаушы кәсiпорындар бойынша - тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiмен келiсiлуге тиiс.
      Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күні ішінде қарастырылады.
      8. Борышкер кредиторлар жиналысында мақұлдағаннан кейін оңалту жоспарын осы Заңның 37-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті.
      9. Кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспары ұсынған күннен жеті жұмыс күні ішінде сот ұйғарымымен бекітіледі.
      10. Сот осы Заңда белгіленген талаптардың бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оңалту жоспарын бекітуден бас тартуға құқылы.
      11. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы:
      1) оңалту жоспарын бекіту туралы;
      2) оңалту рәсімін аяқтау және қорытынды есеп беру мерзімдері туралы;
      3) уәкілетті органның оңалтушы басқарушыны тағайындауы туралы немесе борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде, қатысушыларда (акционерлерде) сақталғандығы туралы нұсқауларды қамтуы тиіс.»;
      28) 45-бап алып тасталсын;
      29) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
      «45-1-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру.
      1. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешім заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмi қолданылуы туралы және кредиторлардың талап қою тәртібі туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастырады.
      Борышкердің интернет-ресурсы болған жағдайда, борышкерге оңалту рәсiмiнің қолданылуы және кредиторлардың талап қою тәртібі туралы хабарламаны аталған интернет-ресурста жариялау міндетті болып табылады.
      2. Өтініш және кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын қарау осы Заңның 71-72-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Борышкер кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қарау нәтижелерін бекіту үшін уәкілетті органға оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешім заңды күшiне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей беруге міндетті.
      4. Борышкер ұсынған кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
      5. Осы Заңның 71-72-баптары талаптарын бұза отыра құрылған кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде жойылуға жататын қайтару себептерін көрсете отырып, оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.»;
      30) 46-бап алып тасталсын;
      31) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
      «46-1-бап. Кредиторлар жиналысы
      1. Барлық кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар жиналысы шақырылады.
      2. Кредиторлар жиналысына қатысу құқығы борышкердің талаптар тізіліміне енгізілген кредиторларға (олардың өкілдеріне), борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттілік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), уәкілетті органға беріледі.
      3. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыру, өткізу және шешім қабылдау осы Заңның 14-3-бабының 6-11-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екі данада жасалады, оның бірі оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған сотқа беріледі, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі.
      Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
      1) кредиторлар жиналысын өткізу күніндегі кредиторлар талаптары тізілімінің;
      2) жиналысқа қатысушылар өкілдерінің өкілеттігін растайтын құжаттардың;
      3) жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін берілген материалдардың;
      4) дәлел болып табылатын, кредиторлар жиналысын өткізу күні мен орны туралы кредиторларды тиісті түрде хабардар еткені туралы куәландыратын құжаттардың;
      5) борышкердің қарауы бойынша өзге құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
      5. Кредиторлар жиналысының айрықша құзыретіне:
      1) борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) оңалту жоспарын бекіткен сәттен бастап борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын сақтау немесе күшін жою туралы шешім қабылдау;
      2) кредиторлар комитетінің санын белгілеу, құрамын қалыптастыру және бекіту;
      3) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
      4) оңалту жоспарын келісу;
      5) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
      6) оңалту рәсімін ұзартуды келісу;
      7) оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің кредиторларға жеткізу тәртібі мен мерзімін айқындау;
      8) өзге мәмілелерді қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатындардың санатына жатқызу;
      9) оңалту жоспарында көзделмеген қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
      10) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерiнiң сомасын бекiту;
      11) оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдау;
      12) оңалтушы басқарушының негізгі сыйақы сомасын және оны төлеу тәртібін айқындау;
      13) борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайда, борышкерді басқару органдары мүшелеріне ақшалай сыйақы сомасын анықтау;
      14) оңалтушы басқарушының (борышкердің) қорытынды есебін келісу;
      15) осы Заңмен көзделген өзге құқықтар жатады.»;
      32) 47, 48, 49 және 50-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу
      1. Оңалту жоспарын бекіткен кезден бастап:
      1) моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
      2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн жеткен, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемдер және еңбекке ақы төлеу жөнiнде, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жасалады;
      3) мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтушы басқарушы (борышкер) жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде жеткен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
      2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысуы, соның iшiнде өтелу; атқару қағаздары бойынша немесе даусыз тәртiпте жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75 және 76-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу ережелерi сақтала отырып, оңалдыртылу жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Оңалту рәсімі қолданыла бастаған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдерге салықтық тексеру нәтижесі бойынша салық қызметі органдарымен есепке жазылған салық есептілігіне сәйкес салық төлеушімен есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер пайда болу барысында кредиторлар талаптары тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
      3. Кредиторлардың өтiнiштерi және олардың борышкерге қоятын талаптарын қарау осы Заңның 71-72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Оңалту рәсiмi енгiзiлгенге дейiн туындаған кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
      5. Кепілді кредитор:
      1) өзінің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін осы Заңды бұзушылық анықталған;
      2) өзінің алдындағы берешекті өтеу кестесі бұзылған;
      3) өзінің мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтыратын кепіл мәні болып табылатын мүліктің құны төмендеген;
      4) егер өзінің кепіл мәні болып табылатын мүлкі борышкер-кәсіпорынның қызметін жалғастыру үшін немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмейтін болған жағдайларда, оның алдындағы міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін зат болып табылатын борышкердің мүлкін өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
      48-бап. Оңалтушы басқарушы
      Оңалтушы басқарушы осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган болып тағайындалады.
      49-бап. Оңалтушы басқарушыға сыйақы төлеу
      1. Оңалтушы басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Негізгі сыйақының көлемі мен сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар жиналысы осы баптың талаптарына сәйкес белгiлейдi.
      2. Оңалтушы басқарушыға төленетiн сыйақы:
      1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс, ағымдағы төлемдердi;
      2) оңалту рәсiмiнiң мақсаттарына мiндеттi түрде қол жеткiзiлген жағдайда, оңалтушы басқарушыға төленуі мүмкін қосымша төлемдердi қамтиды.
      Қосымша сыйақының мөлшері:
      бірінші, екінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың екі пайызына дейін;
      үшінші және бесінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың бес пайызына дейін құрауы мүмкін.
      Кредитордың қосымша сыйақыны төлеу туралы келісімі оның мөлшерін көрсете отырып, жазбаша түрде кредитормен кемінде екі данада шығарылады, оның біреуін мұндай шешімді кредитор қабылдаған күннен бес жұмыс күні ішінде оңалтушы басқарушы уәкілетті органға жібереді.
      3. Борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған, оңалтушы басқарушының өкілеттіктері борышкердің басшысына жүктелген жағдайларда, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген ағымдағы төлемдердің ең көп сомасын шектеу борышкердің басшысына қолданылмайды, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер жүргізілмейді.
      50-бап. Оңалту рәсімінің мерзімі
      Оңалту рәсімін жүргізу мерзімін оңалту жоспарына сәйкес сот белгілейді. Оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен, сот осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауы тиiс.
      Табиғи монополия субъектiлерiнiң немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.
      Ұйым мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алған жағдайда, оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен, сот оңалту рәсімін жүргізуді тоқтата тұруға құқылы.»;
      33) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
      «50-1-бап. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы үшін
                 оңалту рәсімін тоқтата тұру және жаңғырту
      1. Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы өтінішті сот ол түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қарауы тиіс.
      Оңалту рәсімін тоқтата тұру үшін борышкердің мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алуы және кредиторлар комитетінің шешімі негіз болып табылады.
      2. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап, мынадай салдар басталады:
      1) оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан босатылады және басқару борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) беріледі;
      2) осы Заңның 43-2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;
      3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
      4) кредиторлар талаптарын өтеу мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      3. Кредиторлар комитеті оңалту рәсімін қайта бастау туралы өтінішпен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы. Осындай өтінішпен кредиторлар комитеті уәкілеттік берген тұлға жүгінеді.
      Оңалту рәсімін қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшіне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.»;
      34) 51, 53 және 54-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «51-бап. Оңалтушы басқарушының өкiлеттiгi
      1. Оңалтушы басқарушы:
      1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
      2) борышкердiң мүлкi жөнiнде тиiстi құқықтары болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;
      3) уәкiлеттi орган оны тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң орналасқан жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiпте нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талап қою тәртiбi туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды;
      4) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
      5) сотқа кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту рәсіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтiнiш жібереді;
      6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;
      7) кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өткізілетін комитеттің бірінші отырысын өткізу күні мен орны туралы хабарлайды;
      8) осы Заңның 14-бабының 1-1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде кредиторлар комитетінің мүшелеріне хабарландыру, сондай-ақ осы Заңның 14-бабының 1-2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде сырттай дауыс беруді таңдаған кредиторлар комитетінің мүшелеріне материалдар жібереді;
      9) осы Заңның 46-бабының 4-тармағында белгіленген іс-әрекеттерді атқарады, сондай-ақ осы Заңның 46-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде сырттай дауыс беруді таңдаған кредиторлар жиналысының қатысушыларына материалдарды жібереді;
      10) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан борышкер туралы ақпаратты сұрайды және алады;
      11) ақпараттық жүйені қолдана отырып, банкроттық туралы заңнамамен реттелетін қатынастарға қатысуға құқылы;
      12) оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінеді;
      13) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      2. Кредиторлар жиналысының шешіміне сәйкес оңалтушы басқарушы:
      1) қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасайды;
      2) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды;
      3) оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінеді;
      4) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінеді.
      Осы тармақтың 1), 3) тармақшаларында белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
      3. Оңалтушы басқарушы кредиторлар комитеті мүшелеріне қаржылық жағдайы, өткен айдағы қарапайым коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты әр айдың 15 күнінен кешіктірмей жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Оңалтушы басқарушы өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде беруге міндетті.
      4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелердiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиттік берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi оңалтушы басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасай алады.
      5. Оңалтушы басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi айқындайды және оларды заңсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiнде қайтару туралы талаптар қояды.»;
      «53-бап. Оңалту рәсімін тоқтату
      1. Оңалтушы басқарушы кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен:
      1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсаты орындалса;
      2) егер бұл мақсатқа жету мүмкін еместігіне көзі жетсе сотқа жүгiнедi.
      Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне оңалтушы басқарушының қорытынды есебi қоса берiледi.
      Оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы жүгінеді.
      2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш бере алады.
      3. Кредиторлар жиналысының өткізілуі туралы тиісті түрде хабарламаған жағдайда, талап сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа өтініш беруге құқығы бар.
      4. Кредитор (кредиторлар) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа:
      1) кредиторлар талаптарының тізілімін, оңалту жоспарын құру бойынша борышкердің iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) оның мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретіндігін растайтын негіздер болған кезде;
      2) кредиторлық берешекті өтеу кестесін үш айдан астам орындамаған кезде;
      3) оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылатын шынайы емес мәліметтерді ұсыну фактілер анықталған кезде;
      4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiретіндігін растайтын негіздер болған кезде жүгінуі мүмкін.
      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініш берген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талабын өтініште көрсетуге міндетті.
      Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады.
      6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін келісуден бас тартқан немесе осы Заңның 37-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде борышкер оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсімін тоқтатады.
      54-бап. Оңалту рәсімін тоқтату салдары
      Осы Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:
      1) осы Заңның 43-2-бабында көзделген салдар сақталады;
      2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға және конкурстық басқарушы тағайындалғанға дейін борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы оңалту рәсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.»;
      35) 70-бапта:
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) осы Заңның 14-бабының 1-1-тармағында көзделген хабарламаны, сондай-ақ сырттай дауыс беруді таңдаған кредиторлар комитетінің мүшелеріне материалдарды осы Заңның 14-бабының 1-2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жібереді.
      Комитеттің бірінші отырысы осы Заңның 12-бабы 1-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі;»;
      мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-2) кредиторлар комитетіне конкурстық іс жүргізу рәсімдерін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты әр айдың 15 күнінен кешіктірмей ұсынады;
      6-3) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты ұсынады;»;
      36) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Конкурстық басқарушы ұсынған банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімін ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.
      Банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ұсынылған кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарады, оларды бес жұмыс күні ішінде жою қажет.».
      5. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат):
      7-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың, кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың, аралық келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн қозғайтын даулар, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер нарығында үстем жағдайға ие болып отырған субъектiлердiң көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуы, жұмыстарды орындауы, тауарларды өндiруі туралы шарттардан туындаған, сондай-ақ банкроттық немесе оңалту туралы iстер жөнiндегi даулар аралық соттардың ведомстволық қарауына жатпайды.».
      6. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжат; № 24, 129, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
      8-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары оларға қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.».
      7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63- құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      48-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте салықтық берешекті өтеуді кейінге қалдыру мүлікті кепілге қоймай және (немесе) банктің кепілдігісіз Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге, осы тармақта көзделген шешімді шығарылған күні:
      1) «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытының;
      2) Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушылары болып табылатын салық төлеушілерге бір рет беріледі.».
      8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат):
      42-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе заңда белгіленген тәртіппен жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсімі, банкроттық туралы іс жүргізуді қозғау жөнінде шешім қабылданған;».
      9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы»):
      192-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Стратегиялық объектіге өндіріп алу жүргізілген немесе банкроттық, оңалту туралы іс немесе жеделдетілген оңалту рәсімі бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектілердің меншік иелері (құқық иеленушілер) стратегиялық объектіге өндіріп алуды жүргізу туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетілген оңалту рәсімі бойынша іс қозғау туралы ұйғарымының көшірмесін алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды стратегиялық объектіге өндіріп алудың жүргізілуі немесе банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетілген оңалту рәсімі бойынша іс бойынша іс жүргізудің қозғалуы туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабардар ету жөніндегі міндеттерді сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарға әкеліп соғады.».
      2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады