"Павлодар" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 1379 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру туралы

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес және химия, мұнай-химия салаларын дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) АЭА туралы Ереже;
      2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2011 жылғы ___ ______
№ ___ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданының аумағында орналасқан.
      АЭА аумағы 3300 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. АЭА:
      1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;
      2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
      3) өндіру мен өткізудің жалпыәлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;
      4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;
      5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;
      6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;
      7) басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
      8) әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында құрылады.
      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы»
2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
      4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
      2) мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе сабақтас өндірістер мен технологиялар өнімдерін өндіру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Кеден одағының және Қазақстан Республикасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі АЭА-ның барлық аумағында қолданылады.
      9. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
      10. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.
      11. АЭА аумағында Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
      12. ЕЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары, және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
      13. АЭА аумағына әкелінген және еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретінде қаралады.
      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. АЭА қызметін экологиялық реттеу бөлігінде жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
      17. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      18. АЭА-ның Осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы __ ______     
№ __ Жарлығымен бекітілген  
«Павлодар» арнайы экономикалық 
аймағы туралы ережеге    
ҚОСЫМША           

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының
ЖОСПАРЫ 
 

      «Павлодар» АЭА аумағы S = 3300 га

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2011 жылғы __ ______
№ __ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің
нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға
қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

Р/с

Мақсаттары, міндеттері
және көрсеткіштері
(атауы)

Өлшем
бірлігі

Базалық
кезең
(2012
жыл)

2015 жылы қол
жеткізілетіндер,
оның ішінде

2020 жылы қол
жеткізу
жеткізілетіндер,
оның ішінде

нысаналы
индикатор

дағдарысты
деңгей

нысаналы
индикатор

дағдарысты
деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

-

67,4

6

257,3

25

1.1

Шетелдік инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

12,5

1,3

49,5

5

1.2.

Отандық инвестициялардың көлемі

млрд. теңге

-

54,9

5

207,8

20,2

2

АЭА аумағында тауарларды және қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

-

5

1

413,2

41

3

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына құйылатын инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%

-

5

3

7

5

4

Қатысушылар саны

бірлік

-

5

3

8

5

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

жұмыс
орындары

-

500

200

1000

450

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық  қамту үлесі

%

-

50

30

65

50

7

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі

мың тонна

-

10

5

20

10

8

Еңбек өнімділігін арттыру

есе

-

1,5

1,2

1,7

1,5

      кестенің жалғасы

2025 жылы қол
жеткізілетіндер,
оның ішінде

2030 жылы қол
жеткізілетіндер,
оның ішінде

2037 жылы қол
жеткізілетіндер,
оның ішінде

нысаналы
индикатор

дағдарысты
деңгейі

нысаналы
индикатор

дағдарысты
деңгей

нысаналы
индикатор

дағдарысты
деңгей

9

10

11

12

13

14

257,3

25

257,3

25

257,3

25

49,5

5

49,5

5

49,5

5

207,8

20,2

207,8

20,2

207,8

20,2

1042,4

104

1071,2

130

2 551,8

130

7

5

10

7

10

7

8

5

8

5

8

5

1500

750

1885

1000

1885

1250

70

60

75

65

80

65

30

20

40

30

50

40

1,9

1,7

2

1,9

2,5

2

      Ескертпе:
      индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;
      есептеу кезінде 1 АҚШ доллары – 147 теңге бағамы қолданылған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады