"Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 1380 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қорғас – Шығыс қақпасы»
арнайы экономикалық аймағын құру туралы

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2035 жылға дейінгі кезеңге «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) АЭА туралы ереже;
      2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларына қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2011 жылғы __ ________
№ ___ Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН    

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ  1. Жалпы ережелер

      1. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса берілген жоспарға сәйкес шекарада Алматы облысының аумағында орналасқан.
      АЭА-ның аумағы 5 740 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2. АЭА:
      1) сауда-экспорт қызметінің және Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асырудың мүддесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ шектес мемлекеттермен экономикалық және мәдени алмасуды дамытуға ықпал ететін тиімді көліктік-логистикалық және индустриялық орталық құру;
      2) қазақстандық өнiмнiң жалпы әлемдік өндіріс пен өткізу жүйесiне кiрiгуiн жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнiм жасау;
      3) инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қолайлы инвестициялық климат жасау және отандық әрі шетелдік инвестицияларды тарту;
      4) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кiруін жандандыру үшiн өңірді жедел дамыту;
      5) нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу;
      6) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту мақсатында құрылады.
      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
      4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
      2) тамақ өнімдерінің өндірісі;
      3) тері және оған жататын өнім өндірісі;
      4) тоқыма бұйымдарының өндірісі;
      5) өзге де металл емес минералдық өнім өндірісі;
      6) химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі;
      7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі;
      8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;
      9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, мұражайлар, ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қоймалық және әкімшілік ғимараттар салу болып табылады. 

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы      21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА-ның аумағында кедендік реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі АЭА аумағының қызметтiң басым түрлерi жүзеге асырылатын бөлігінде қолданылады.
      АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағында орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырады.
      9. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА шекарасы кедендік бақылау жүргізу мақсатында оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.
      10. Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалынған тәртіппен АЭА-ның аумағында тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
      11. АЭА-ның аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
      12. АЭА аумағына әкелінген және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тыс орналасқандар ретінде қаралады.
      13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазалауға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      14. АЭА-да қызметті жүзеге асыру өмір сүру сапасын жоғарылатудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің тенгерімі негiзiнде орнықты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға өту үшiн жағдайлар жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды әрі тиiмдi пайдалануға негiзделген. 

6. АЭА-ны тарату тәртібі және мерзiмдерi

      15. АЭА ол құрылған мерзiм өткеннен кейін таратылады.
      АЭА Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен таратылады.

7. Қорытынды ережелер

      16. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      17. АЭА-ның осы ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының және Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

                   Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2011 жылғы __ ________ 
№ __ Жарлығымен бекітілген
«Қорғас – Шығыс қақпасы»
арнайы экономикалық аймақ
туралы ережеге    
ҚОСЫМША         

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ
ЖОСПАРЫ


 

Р/с

Функционалдық аймақ және объектілер атаулары

Алаң, га

негізгі

резервті

БАРЛЫҒЫ

1

2

3

4

5


Негізгі функционалдық аймақтар:




1

«Құрғақ порт» көліктік-логистикалық кешен 

370

200

570

2

өнеркәсіптік-өндірістік аймақ

340

350

690

3

қоныстанған аймақ

810

200

1010


Алаң ішіндегі қосымша объектілер (аумақтар):

1

«Қорғас» ШЫХО

319


319

Оның ішінде:




- «Қорғас» ШЫХО әкімшілік-іскерлік аумағы
(12 функционалдық аймақ)

185



- бас бақылау-өткізу пункті (БӨП-1)

31



- «Қорғас» ШЫХО және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА әкімшілік-іскерлік аумақтарға қызмет көрсетудің басқа да қосымша алаңнан тыс объектілері және инфрақұрылым құрылыстары

103



2
 

Инфрақұрылымның алаң ішіндегі объектілері:

806


806

Оның ішінде:




- «Қорғас» кедендік БӨП

15


15

- коммуналдық аймақ

60


60

- санитарлық-қорғаныш көгалдандыру

90


90

- атаулы және су қорғау аймағы

641


641

3

Жалпы пайдалану аймақтары:

575


575

Оның ішінде:




- көшелер, жолдар

250


250

- парктер, скверлер, бульварлар

175


175

- басқа да жалпы пайдалану аймақтары

150


150

4

Резервті аймақтар


1770

1770

Барлығы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА шекарасында

3220

2520

5740

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2011 жылғы __ ________
№ ___ Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН    

«Қорғас – Шығыс Қақпасы» арнайы экономикалық аймағының
жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі

Р/с №

Мақсаты, міндеттері және көрсеткіштері
(атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең
(2012 жыл)

2015 жылы қол жеткізу, оның ішінде

2020 жылы қол жеткізу, оның ішінде

нысаналы
индикатор

сындарлы
деңгей

нысаналы
индикатор

сындарлы
деңгей

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, соның ішінде:

млн. теңге

-

211 110

21 110

415 512

41 550

1.1

Шетелдік инвестициялар көлемі

млн. теңге

-

1 946

194

5 692

569

1.2.

Отандық инвестициялар көлемі

млн. теңге

-

209 164

20 916

409 820

40 981

2

АЭА аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млн. теңге

-

-

-

520 612

52 062

3

Қатысушылар саны (компаниялар)

бірлік

-

12

10

27

20

4

Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асырылатын тұлғалар саны

адам

-

1 700

700

4 900

1 400

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

-

7 200

3 600

16 200

6 300

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

-

75%

75%

75%

75%

7

Тауарды тасымалдау көлемі (экспорт, импорт, транзит)

мың тонна

-

150

50

2000

650

кестенің жалғасы 

2025 жылы қол жеткізу,
оның ішінде

2030 жылы қол жеткізу,
оның ішінде

2037 жылы қол жеткізу,
оның ішінде

нысаналы
индикатор

сындарлы
деңгей

нысаналы
индикатор

сындарлы
деңгей

нысаналы
индикатор

сындарлы
деңгей

9

10

11

12

13

14

522 716

53 465

522 716

53 465

522 716

53 465

10 215

1 021

10 215

1 021

10 215

1 021

512 501

52 444

512 501

52 444

512 501

52 444

780 918

78 092

1 171 377

117 138

1 687 891

168 790

42

30

64

40

89

50

8 100

2100

11 300

2800

14 500

3500

19 700

6 300

20 500

6 300

22 000

6 300

75%

75%

75%

75%

75%

75%

2400

800

2700

850

3000

1000

      Ескертпе:
      индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген;
      есептеу кезінде 1 АҚШ доллары – 147 теңге бағамында қолданылған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады