Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 3-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 28 қарашадағы
№ 1382 қаулысымен  
бекітілген  

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін
қажетті мәліметтер тізбесі

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіруші (бұдан әрі – өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы не ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспортында (бұдан әрі – паспорт) мынадай мәліметтер қамтылады:
      1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң) атауы;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен берілген күні, куәлікті немесе анықтаманы берген органның атауы;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      3) өндірушінің заңды мекенжайы;
      4) өндіруші басшысының деректері (өндірушіде өндіріс басшысы болған жағдайда оның деректерін (тегін, аты-жөнін, қызметтік телефоны мен факсының нөмірін) көрсету керек);
      5) өндірушінің қызметті жүзеге асыру орны (өндірістің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда);
      6) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 қаулысымен.
      8) қызмет көрсететін банктің атауы, есеп шоты, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК);
      9) меншік құқықтарының түрлері;
      10) мемлекеттік тіркеу нөмірі, берілген күні, құқық белгілеуші құжатты тіркеген органның атауы;
      11) өндірушінің темір жол деректемелері;
      12) қайта жөндеуді жүргізген кезде өндіріс пайдалануға енгізілген жыл (күн);
      13) ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясымен өндірістің бас жоспары (паспортқа қосымша түрінде);
      14) өндіріс аумағының жалпы ауданы;
      15) ғимараттар мен құрылыстардың ауданы;
      16) шығарылатын спирттің түрі (спирттің нормативтік және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі туралы уәкілетті орган шешімінің атауы, нөмірі мен күні);
      17) шығарылатын өнiм түрлерi;
      18) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісінің технологиялық схемасы;
      19) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесі;
      20) спирт сақтау қоймасы (ашық немесе жабық түрдегі) туралы;
      21) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнің өндірісін техникалық-химиялық бақылау жөніндегі;
      22) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосымша материалдар шығыстары туралы;
      23) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісіндегі қойма үй-жайлары туралы;
      24) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету туралы;
      25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету туралы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 N 574 қаулысымен.
      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісінің технологиялық схемасының сипаттамасында мыналар көрсетіледі:
      1) жабдықтың және жабдықты орналастырудың жинақтамалық жоспарының ерекшелігімен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының кескіндік бейнелері;
      2) этил спиртінің өндірісі кезінде:
      дәнді немесе мелассаны тасымалдау (тасымалдау тәсілі, автомобиль және/немесе темір жол кірме жолдарының, автомобиль (және) немесе темір жол таразылардың болуы);
      қайнату және мия өсіру үшін дәнді дайындау (қолданылатын әдіс, дайындаудың алдыңғы қатарлы тәсілдерін пайдалану);
      дәнді ұсақтау (ұсақтау тәсілі, ұнтақтау пайызы);
      ашытқышты езіп қайнату (езіп қайнату әдісі, температуралық режимдер, дайын ашытқыштың химиялық-бактериологиялық параметрлері);
      ашытқышқа қант қосу (пайдаланылатын әдіс, өлшемдері, қант қосу уақыты);
      мелассаны ашытуға дайындау (қышқылдандыру, меласса ашытқышын дайындау);
      ашытқыларды дайындау (ашытқылардың пайдаланылатын расасы, температурасы және дайындау уақыты);
      ашытқыштың ашуы (орнатылған күбілердің саны мен сыйымдылығы, қабаттау температурасы, ашыту ыдыстарының толу уақыты, берілген ашытқылардың көлемі, ашудың температуралық режимі және уақыты, мелассаны ашытудың пайдаланылатын тәсілі);
      ашымақты спиртке айдау (пісіп жетілген ашымақтағы спирт құрамы (дәнді дақылды қайта өңдеу кезінде) немесе меласса ашытқышының шоғырлануы пайызбен);
      ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы (өнімділігі, айдау процестерін басқару және реттеу режимі, қосымша бағандарды пайдалану);
      ашымақты тазарту қондырғысының әрекет ету тәсілі (үздіксіз, ұдайы);
      спирт температурасын тұрақтандыру (спирт тоңазытқышының болуы, суды салқындату өлшемдері мен пайдаланылатын көзі, спирт тоңазытқышындағы судың бағыты, спирт температурасын автоматты реттеу жүйесін қолдану);
      спирт өлшеуіш аппараттар (пастеризацияланған спирт пен эфир-альдегидті фракцияның маркасы, іріктеудегі олардың саны, юстирлеу күні, дайын өнімде әзірлеу көлемі туралы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде ақпарат беру);
      құю бөлімі (эфир-альдегидті фракция және тазартылмаған май сақтау);
      спирт сақтау қоймасы (түрі (ашық немесе жабық), бір мезгілдік сақтау сыйымдылығы);
      арпаны мияға былғау;
      мия өсіру (пайдаланылатын тәсіл, өсіру уақыты, температуралық-ылғалдылық режимі);
      мияны ұсақтау және мия сүтін дайындау;
      ферменттерді пайдалану (атауы, шығарушы ел);
      спирт өндірісінің қалдықтарын өткізу (көмір қышқылы, бард, эфир-альдегидті фракция, тазартылмаған май);
      шарап материалын коньяк спиртiне айдау (айдау жылдамдығы, спирттің мөлдірлігін, температурасын, қуаттылығы мен органолептикалық сапасын бақылау);
      шарап материалын коньяк спиртiне айдағанда: қолданылатын қондырғы мен жабдықтың атауы, олардың түрі, маркасы, саны, өнімділігі, жасаушы зауыт, шығарылған және енгізілген жылы;
      коньяк спиртінің ұсталуы (пайдаланылатын резервуардың түрі, лектердің эгализациясы, ұсталу режимі, емен бөшкелерді, қалақшаларды немесе шыбықтарды пайдалану, үй-жай ауасының температурасы мен ылғалдылығын күнделікті тіркеу, арнайы бақылау журналын жүргізу, коньяк спиртін түгендеу);
      коньяк спиртін тасымалдау (пайдаланылатын көлік түрі және ыдыстың қорғау қабатының болуы);
      3) арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнімдерін өндіру кезінде:
      суды жұмсарту тәсiлдерi;
      су-спирт қоспасын дайындау (қолданылатын дайындау және араластыру тәсiлi);
      су-спирт қоспасын тегеурінді ыдысқа айдау;
      су-спирт қоспасын көмiрлi-тазалау батереясында өңдеу режимi және жылдамдығы (арақтар үшiн);
      су-спирт қоспасының пайдаланылатын сүзгiсi (ликер-арақ өнiмдерi үшiн);
      су-спирт қоспасы талап етiлетін кондицияларға (ингредиенттердi енгізу) және қуаттылыққа жеткiзу;
      су-спирт қоспасын өңдеудiң жаңа әдістерiн (тазалау, жылтырлату) пайдалану;
      құю (құю желiсiнiң саны мен өнiмділiгi, оның бақылаушы есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы (газдалған алкоголь өнімдерінен басқа) және дайын өнімде әзірлеу көлемі туралы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде ақпарат беру;
      құтылау тәсілі;
      4) шарап материалы мен шарап өндіру кезінде:
      қайта өңделетiн шикiзат (жүзiмнiң, жемiс-жидектiң пайдаланылатын сорттары);
      шикiзатты тасымалдау (пайдаланылатын ыдыс, мамандандырылған көлiк);
      шикiзатты қабылдау және өлшеу;
      шикiзатты қайта өңдеу (шикiзатты жинау мен өңдеу аралығындағы уақыт, шикiзатты сұрыптау);
      ашытқышты фракциялар бойынша iрiктеу;
      ашытқышқа мөлдір рең беру тәсілдері (салқындату, сульфиттау, центрифугалау, бентонитпен өңдеу, ферменттік препараттарды пайдалану);
      ашытқының таза дақылдарын дайындау;
      ашыту тәсілдері (температура, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);
      спирттеу тәсілдері;
      тұнбадан алу;
      шарап материалдарын өңдеу (өңдеу схемасы, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);
      қайтадан ашытуды енгізу;
      шарап материалын сақтау (сақтау шарттары мен режимі, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);
      шарапты құю және құтылау тәсілі;
      шарап материалын тасымалдау (пайдаланылатын көлік түрі, оның ішкі бетінің қорғағыш қабатының бар-жоғы);
      5) сыраны өндіру кезінде:
      қолданылатын мияны жаншудың тәсiлi мен режимi;
      құлмақ беру схемасы;
      ашытқышқа мөлдір рең беру және салқындату тәсiлi;
      ашытқышты қайнатудың температуралық параметрлерi;
      ашытқышты қайнату процесiн автоматты түрде реттеу;
      ферменттiк препараттарды пайдалану;
      тұқымдық ашытқылардың түрлерi және оларды сақтау шарттары;
      негізгі ашыту мен жете ашытудың температуралық режимдері мен күндер саны;
      температуралық режимдердi бақылаудың қабылданған схемасы;
      сүзгiлеу тәсiлi мен сапаны бақылау;
      сүзгiленген сыраны форфастарда сақтаудың температуралық режимi;
      сыраны пастеризациялау және оны сақтау мерзiмдерi;
      көмiрқышқыл газын жеткiзудiң және сақтаудың қолданылатын тәсiлi;
      құю (шыны шөлмекке және/немесе қалбыр құтыға құю желісінің саны және өнімділігі, кегаларға құю қондырғылары).
      3. Этил спиртін өндіру кезінде цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесінде:
      1) шикізатты қабылдау және өңдеу кезінде: платформалық таразылардың, сүрлемнің, меласса жинағыштың, ауа-елеуіш сепаратордың, магниттік сепаратордың, тас бөлгіштің, норийдің, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесінің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, жергілікті жылыту (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы);
      2) қайнату бөлімінде: ұнтақтаушының, қайнату агрегатының, қантқосқыштың, ферменттерді араластыру және дайындау, түйіспелі бастың, ашытқышты зарарсыздандырғыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), қантталған ашытқышты суытуға арналған жылу алмастырғыштың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);
      3) ашыту бөлімінде: ашыту күбілерінің, беру резервуарының, ашытқыштың немесе ашытқы генераторының (мелассаны қайта өңдеу кезінде), спирт ұстағыштың, сорғыштың, кіру-сору ауа желдеткішінің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, сыйымдылығы, саны, жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, суыту қондырғысы);
      4) ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) бөлімінде: ашыту, эпюрация және тазарту колоннасының, расиропниктің (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бард бөлушінің, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфир-альдегидті фракцияны айдауға арналған колоннаның, спирт аулағыштың, көбік аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бас фракция тоңазытқышының, қарау шамының, ротаметрлердің, пастеризацияланбаған спирт үшін шыны шығын өлшеуіштің, спирт өлшеуіш аппараттардың, насостардың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, диаметрі (м2), табақшалардың түрі, жылу алмастырғыштың беткі қабаты (м2), жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);
      5) құю бөлімінде: негізгі және қосымша спирт қабылдағыштар, бірінші сыныпты тұрақты техникалық спиртке арналған өлшеуіштің түрі (тік, көлденең), коммуникациялы спиртті құю үшін жинағыштың, өзі соратын құйынды сорғының, эфир-альдегидті фракцияны және тазартылмаған майды сақтауға арналған резервуарлардың, спирт буларын өлшеуіштің, тыныс алу клапанының, газ коммуникациясына от бөгегіштің, желдеткіштердің (өнімділігі, көлемі (сыйымдылығы), саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы) бар-жоғы, жерге тұйықтау (өлшеу күні) көрсетіледі.
      4. Арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнімдерінің өндірісі кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:
      1) өнiмдi дайындау цехында: су-спирт қоспасына арналған ыдыстың, купаждық, тегеуріндік, жеткізу күбілерінің, колероварканың, iрi және мұқият тазалайтын құмсүзгінiң, көмiрлi бағанның, ротаметрдiң, сүзгi-престiң, аламбиктiң, сорғының, қосымша сүзгілердің атауы, түрі, маркасы, (саны, өнімділігі, дайындаушы зауыт, ыдыс (далмен), диаметрі және биiктiгі (мм), өлшенген жылы);
      2) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектердi шаю қондырғысының, бөліктеп құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, шөлмектi ыдысқа салу автоматының, полимерлік үлдірмен шөлмектердi бандерольдау қондырғысының түрі, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берiлген жылы), өндiрiс көлемдерiн бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі.
      5. Шарап материалы мен шарап өндірісі кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:
      1) шикiзатты қайта өңдеу кезінде: таразылардың, бункерлердің, ұнтақтаушының, сорғының, ағу науаларының, престің, транспортердің атауы, түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізiлген жылы);
      2) тұндыру және ашыту бөлiмiнде: тұндыру ыдысының, ішкі қорғаушы қабаты бар ашыту ыдыстарының, сульфадозаторлардың, сорғының атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнімділігі, саны, дайындаушы зауыты, пайдалануға енгізiлген және өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);
      3) шарап сақтау қоймасы бойынша: ішкі қорғаушы қабаты бар шарап материалын, шарапты және коньякты сақтауға арналған ыдыстың, пастеризатордың, сорғының, сүзгі-престің атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, түрi, маркасы, бетi (м3), саны, дайындаушы зауыт, өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);
      4) шарап сақтау қоймасында өнiмдердi сақтаудың талап етілетін режимін қамтамасыз ететін қондырғылар мен аспаптардың атауы;
      5) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, бөлiктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желiмдеу автоматының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізiлген жылы), өндіріс көлемін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздiксіз қоректендiру көзi, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі.
      6. Сыра өндірісі кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:
      1) қайнату бөлiмiнде: ұнтақтаушының, сүзу (қайнату) күбісінің, сүзгiлердің, ашытқы қайнататын қазандықтың, жылу алмастырғыштың, гидроциклонның, құлмақ сүзгінің, жылтырлату машинасының, ұсатылған мияға арналған ыдыстың атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгiзiлген және өлшенген жылы);
      2) ашыту бөлiмiнде: негізгі ашытуға арналған резервуардың, толық ашыту танкісінің, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуiнің, ашытқының, сүзгіленген сыра жинағыштың, сүзгінің, ашытқышқа арналған қабылдағыш өлшеуіштің, жылу алмастырғыштың, сорғының атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнiмділiгi, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгізiлген және өлшенген жылы);
      3) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектi шаю қондырғысының, бөлiктеп құятын автоматтың, тығындайтын автоматтың, шөлмек бракеражының, заттаңба автоматының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, ыдысқа шөлмектi орналастыру автоматының, шөлмектердi полимерлiк үлдірмен бандерольдауға арналған қондырғының, кега-бөшкелердi толтыруға арналған қондырғының, кега-бөшкелердi жууға арналған қондырғының түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, жасаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгiзiлген жылы) көрсетіледі.
      7. Спирт сақтау қоймасының (ашық немесе жабық түрдегі) сипаттамасында спирт қабылдау бөлімі және спирт сақтау қоймасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Спирт қабылдау бөлiмi туралы мәлiметтерде:
      1) 1-сыныпты техникалық стационарлық спирт үшін өлшеуіштің (түрі, маркасы, сыйымдылығы, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгiзiлген жылы);
      2) өлшеуiште тексерiлген екі термометрдің;
      3) спирттi айдау үшiн өзi соратын құйынды сорғының (түрi, маркасы, өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы, меншік құқығын растайтын құжаттар);
      4) механикалық желдетуді қамтамасыз ететiн желдеткіштің;
      5) сегіз еселiк желдетуді қамтамасыз ететiн желдеткіштің;
      6) жерге тұйықтаудың (өлшеу күні);
      7) спирт қабылдау бөлімін спирт сақтау қоймасынан бөлетін қабырғалардың;
      8) өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы көрсетіледі.
      Спирт сақтау қоймасы туралы мәліметтерде:
      1) спирт сақтауға арналған резервуарлардың (сыйымдылығы, саны, өлшенген жылы);
      2) резервуарларға қызмет көрсету алаңдарының;
      3) резервуарларда спиртті өлшеуге арналған қондырғылар мен құжаттардың;
      4) резервуарлардағы спирттің шекті деңгейін автоматты сигналдау құралдарының;
      5) резервуарларды суландырудың;
      6) спирт буларын есептеуіштің;
      7) тыныс алу клапанының және газ коммуникациясында от бөгегіштің;
      8) механикалық желдетуді қамтамасыз ететiн желдеткіштің;
      9) сегіз еселiк желдетуді қамтамасыз ететiн желдеткіштің;
      10) жерге тұйықтаудың (өлшеу күні);
      11) жайтартқыштардың;
      12) қосалқы (эвакуациялық) шығу есігінің;
      13) еденнің қарсы еңісінің;
      14) төгілген спиртті жинауға арналған қабылдау бөлімінің;
      15) коньяк спиртін сақтау қоймасын қоспағанда, жеңіл алынатын жабынның (тек жабық түрдегі);
      16) өрт сөндiру құралдарының;
      17) өрт-күзет дабылының;
      18) алаңды тегiстеудің және асфальттаудың (тек ашық түрі үшiн);
      19) едендi темiрлеудің бар-жоғы көрсетіледі.
      8. Өндiрiстi техникалық-химиялық бақылау сипаттамасында өндiрiстік зертхана, жүргiзiлетiн талдаулар және пайдаланылатын нормативтiк құжаттар тізбесі мен техникалық құжаттама туралы мәліметтер көрсетіледі:
      1) өндiрiстiк зертхананың аттестациялық куәлiгi (нөмiрi, күнi, оны берген орган, қолданылу мерзiмi);
      2) аттестациялық куәлiкке қоса берiлетін нысанға сәйкес талдамалы бақылауға жататын шикізат пен дайын өнім номенклатурасы;
      3) бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың бар-жоғы және атауы;
      4) жүргізілетін талдаулар тізбесі:
      этил спиртін өндіру кезінде – шикiзатқа (дәнді дақылдар мен патокаларға), мияға, мия сүтіне, ашытқыларға, ашытқышқа, спиртке, бардаларға, эфиральдегид фракциясына, тазартылмаған майға, қосалқы материалдарға, суға;
      арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнімдерін өндіру кезінде – суға, спиртке, су-спирт қоспаларына, ингредиенттер мен басқа қосалқы материалдарға, белсенділендірілген көмірге, хош иісті спиртке, дайын өнімдерге, жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауға;
      шарап материалы мен шарап өндіру кезінде – шикізатқа, ашытқыларға, ашымаққа, шарап материалына, шарап пен коньякқа, қосалқы материалға, өндіріс қалдықтарына, суға, спиртке, дайын өнімге;
      сыра өндіру кезінде – шикізатқа, мияға және ашытылмаған материалдарға, құлмаққа, құлмақ өніміне, ашытқышқа, ашытқыға, қосалқы материалдарға, суға, дайын өнімге;
      5) нормативтік-техникалық құжаттаманың бар-жоғы;
      6) техникалық-химиялық бақылауды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханамен шарттың (атауы, қолданылу мерзімі) бар-жоғы көрсетіледі.
      9. Этил спиртін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
      1) қайта өңделетін шикізаттың шартты крахмалының тоннасынан алынатын спирт шығымы (дал/тонна), мына дәнді дақылдар бойынша:
      жүгері;
      бидай;
      тары;
      қара бидай;
      арпа;
      сұлы;
      2) мелассаны қайта өңдеу кезіндегі спирт шығымы (шартты крахмалдың дал/тоннасында);
      3) этил спиртінің, тікелей немесе екі рет айдау жолымен өндірілген шарап материалының шығымы;
      4) мына дәнді дақыл түрлері бойынша мияны дайындауға бидай шығымы (мияның шартты крахмалын қоса алғанда, шикізаттың қайта өңделетін шартты крахмалының массасына пайыздарда):
      бидай;
      сұлы;
      құмай;
      күріш;
      5) мияны мына түрлер бойынша толық ауыстырған кезде ферменттік препараттардың шығысы (литрде/1000 дал спирт): амилосубтилин, глюковамарин, сансупер, термомил;
      6) шарап материалының шығысы;
      7) көмірқышқылының шығысы (кг/1000 дал спирт);
      8) бардтың шығысы (литрде/1000 дал спирт);
      9) эфиральдегидті фракцияның шығысы (далда/1000 дал спирт);
      10) тазартылмаған май шығысы (далда/1000 дал спирт);
      11) күкірт қышқылының шығысы (кг/1000 дал спирт);
      12) ортофосфор қышқылының шығысы, 70 пайыз (кг/1000 дал спирт);
      13) фосфат диаммониінің шығысы (кг/1000 дал спирт);
      14) карбамид шығысы (кг/1000 дал спирт);
      15) формалиннің шығысы (кг/1000 дал спирт);
      16) хлорлы әктастың шығысы (кг/1000 дал спирт);
      17) каустикалық соданың шығысы (кг/1000 дал спирт);
      18) өткен жыл үшін жылу энергиясының шығысы (гкал/1000 дал спирт);
      19) өткен жыл үшін электр энергиясының шығысы (квт-сағ/1000 дал спирт);
      20) өткен жыл үшін судың шығысы (м3/1000 спирт далы) көрсетіледі.
      10. Арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнімдерін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
      1) арақ өндiрiсiндегi спирт шығысы (дал б.с./1000 дал);
      2) көлемi мен деңгейi бойынша құйылатын iшкi нарыққа арақтарды, айырықша арақтарды және ликер-арақ өнімдерін өндiру кезiндегi спирт шығыны (дайын өнiмдегi спирт көлемiнің %);
      3) хош иісті спирттердi өндiру кезiндегi спирт шығыны (құюға алған спирт көлемiне пайызда);
      4) жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауды буландыру кезiндегi спирт шығыны (айдаудағы спирт көлемiне пайызбен);
      5) құю цехтары мен дайын өнімдер қоймаларындағы өнiм шығыны (дайын өнiмдегi сусыз спиртке пайызда);
      6) шыны шөлмектердiң шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екіге бөлінген шөлмектер санына пайызбен);
      7) тасымалдау кезiндегі өнiм шығыны (тиеп-жөнелтiлген санға пайызбен);
      8) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнiмдерi бар шөлмектер санына пайызбен);
      9) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/өнiмнiң 1000 дал);
      10) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/өнімнің 1000 дал);
      11) судың шығысы (орташа жылдық м3/ өнімнің 1000 дал) көрсетіледі.
      11. Шарап материалы мен шарап өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
      1) шикізатты:
      ашытқышқа жүзiмді;
      ашытқышқа жүзiм сағын;
      кәдеге жаратылатын материалдарды қайта өңдеу (салмағына пайызбен);
      2) шарап материалдарындағы спирттiң шығыны (спирттiктiң төмендеуі) (көлемдік пайызбен):
      купаж бен құюды қоса алғанда, күшейтілген шарап материалдарын технологиялық өңдеу кезінде (термикалық өңдеусіз);
      купаж бен құюды қоса алғанда, ашытылған спирттелген шырындардан дайындалған жемiс-жидек шарап материалдарында;
      шарап материалын бір жыл сақтау кезінде;
      3) технологиялық өңдеу кезiнде шарап материалының шығыны (осы операцияға келіп түскен шарап материалының санына (көлемiне) пайызбен):
      қайта құю (қайта айдау) кезiнде;
      араластыру кезiнде: купаж кезiнде, эгализация кезiнде, спирттеу кезiнде; желiмдеу кезiнде;
      сүзгiлеу кезiнде: шараптың сүзгi картонға сiңуi, шараптың сүзгi мақтаға сiңуi, шараптың диатомитке сiңуi кезінде;
      термикалық өңдеу кезiнде (жылумен не суықпен): ұстаусыз ағында, кейіннен 10 тәулiкке дейiн ұстай отырып ағында;
      4) шараптың құю кезiндегі шығыны (осы операцияға келіп түскен шарап санына (көлемiне) пайызда):
      ыстық күйiнде құю;
      шөлмекте пастеризациялау;
      әрлеу және дайын өнімдер қоймасына беру;
      дайын өнiмдер қоймасында сақтау кезінде;
      5) аппараттарда шарап материалдарын айдау арқылы коньяк спиртін алу кезінде спирт шығыны (шарап материалдарындағы сусыз спирт көлеміне пайызбен);
      6) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екіге бөлінген шөлмектер санына пайызбен):
      сақтау кезiнде;
      ыдыс цехтарында өңдеу кезiнде;
      өте кірленген шөлмектерді алдын-ала жуу кезінде;
      ішкі қоймада тасығанда, сақтағанда және автомашинаға тиегенде;
      7) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (өндіріске келіп түскен санына пайызбен):
      жуғанда;
      құйғанда;
      тығындағанда;
      безендіргенде;
      жәшiктерге салғанда және дайын өнiмдер қоймасына тапсырғанда;
      8) тасымалдау кезiндегi өнім шығыны (тиеп-жөнелтілген санға пайызбен);
      9) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнiмдерi бар шөлмектер санына пайызбен);
      10) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/өнiмнiң 1000 дал);
      11) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/өнiмнiң 1000 дал);
      12) судың шығысы (орташа жылдық м3/өнiмнiң 1000 дал) көрсетіледі.
      12. Сыра өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
      1) сыра өндiруге шикізат шығысы (кг/1000 дал):
      мия;
      ашытылмаған материалдар;
      қант шикiзаты;
      2) ұнтағыштағы тұнбаның шығыны (пайызбен);
      3) сыраны құю кезiнде шөлмектердiң шығыны (сынуы) (пайызбен);
      4) ашытқышты суыту кезеңіндегі шығын (пайызбен);
      5) ашыту кезінде шығыны (пайызбен);
      6) толық ашыту кезіндегі шығын (пайызбен);
      7) калировка кезіндегі мия шығыны (пайызбен);
      8) ыдыссыз тасымалдау кезiндегі сыра шығыны (цистерналарға құюды, тасымалдауды және сауда желісіне беруді есепке алғанда (пайызбен));
      9) құю цехтары мен дайын өнiмдер қоймаларындағы өнімдер шығыны (пайызбен);
      10) сыраны пастеризаторларда пастеризациялау кезiнде шөлмектердiң сынуы (пайызбен);
      11) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/1000 дал сыра);
      12) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/1000 дал сыра);
      13) судың шығысы (орташа жылдық мың м3/1000 дал сыра) көрсетіледі.
      13. Этил спиртін өндіру кезінде қойма үй-жайлары туралы мәліметтерде:
      1) бидайды, мелассаны, көмірқышқылын, ферменттерді, қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2);
      2) бір мезгілдік сақтау ыдысы (тоннада, баллонда);
      3) талап етілетін сақтау режимін қамтамасыз ететін қондырғылардың атауы көрсетіледі.
      14. Арақ, айырықша арақ, ликер-арақ өнімдерін және шарап жасау өнімдерін өндіру кезінде қойма үй-жайлары туралы мәліметтерде:
      1) ашық және/немесе жабық түрдегi ыдысты қабылдау және сақтау қоймасы (бiр мезгiлдік сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), үй-жайды жылытуға арналған қондырғының атауы және саны);
      2) дайын өнiмдi сақтауға арналған қойма (бiр мезгiлдік сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), жылытуға және суытуға арналған қондырғының, сондай-ақ сақталуын бақылау аспаптарының атауы және саны);
      3) қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2), сақталынатын материалдардың атауы) көрсетіледі.
      15. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерде:
      1) атауы, түрi, маркасы, метрологиялық сипаттамалары, саны және тексеру мерзімділiгi көрсетіле отырып, тексеруге жататын өлшеуiш құралдарының тiзбесiнің бар-жоғы;
      2) метрологиялық қызмет көрсету туралы шарт (нөмірі, күні, оны жүзеге асыратын орган);
      3) өлшеуіш құралдарын тексерудің жүзеге асырылуы үшін жауапты адам (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, бұйрықтың күні мен нөмірі) көрсетіледі.
      16. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерде:
      1) желдеткіш және ауамен қамтамасыз ету: желдеткіштердің, сығылған ауаны өндіруге арналған компрессорлық қондырғының, су және ауа жылытқыштың атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, саны;
      2) су жеткізу және кәріз:
      су жеткізу көзінің (орталықтандырылған және/немесе артезиандық құдық) бар-жоғы;
      тереңдік сорғының түрі, маркасы, өнімділігі, саны;
      өткен жыл үшін технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланылған судың көлемі (м3);
      резервтегі суды сақтау үшін бассейннің бар-жоғы (саны, бір мезгілдік сақтау көлемі (м3);
      өткен жылы қалалық тазалау құрылғыларына және/немесе өзінің сүзгілеу алаңдарына ағызылатын құйынды сулардың көлемі (м3);
      3) электрмен жабдықтау:
      жабдықтау көзінің бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);
      трансформатордың түрі, маркасы, саны, қуаты, өткен жыл ішінде электр энергиясын тұтыну көлемі (квт/сағ);
      4) жылумен жабдықтау:
      жабдықтау көзінің бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);
      орнатылған бу қазандықтарының (пайдаланылатын отын түрі), су жылыту қазандығының, суық өндіретін компрессорлық қондырғының атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, саны;
      өткен жыл ішінде тұтынылған (өндірілген) жылу энергиясының көлемі;
      5) су дайындау:
      пайдаланылатын қондырғылар мен сүзгілердің атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, саны;
      жұмсартылған су жинағыштың саны мен сыйымдылығы (м3) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады