"Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 566 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 79-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:
      «1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының фитосанитариялық нормативтері» деген бөлімде:
      «Болжанған алқаптың запасы пайызы» деген бағанның тақырыбы «, дейін» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Колорадо картоп қоңызы 30»;
      «3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер» деген бөлімде:
      мына:

«Өрмекші кене

жұмыртқа, дернәсілдер, имаго

мақта

шанақтанудың басы-пісудің басы

танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мақтадағы өрмекші кене

жұмыртқа, дернәсілдер, имаго

мақта

шанақтанудың басы-пісудің басы

танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ)

Соядағы өрмекші кене

жұмыртқа, дернәсілдер, имаго

соя

өсу кезеңі

өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық»;

      мына:

«Мақта көбелегі

жұмыртқа, жұлдызқұрт

мақта

шанақтанудың басы-пісудің басы

100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт»;

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Мақтадағы мақта көбелегі

жұмыртқа, жұлдызқұрт

мақта

шанақтанудың басы-пісудің басы

100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт

Жүгерідегі мақта көбелегі

көбелек, жұлдызқұрт

жүгері

өсу кезеңі

бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл зиянкестің егістіктегі санының өте көптігіне сәйкес»;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Колорадо картоп қоңызы

қоңыздар

картоп

өсімдіктің өсу кезеңіндегі биіктігі 15-25 см дейін

картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған

қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер

картоп

шанақтану кезеңі – гүлдену

түптердің 5-8 %-на қоныстанған, 1 өсімдікке 20 дернәсілден келеді».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады