Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 408 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 408 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 508-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 және 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1078 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 540-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1416 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 7, 88-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат).
      6. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 771 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 43, 638-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады