Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1439 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазынашылық облигацияларын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 ақпандағы № 185 қаулысы;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 470 қаулысы;
      3) "Жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді валюталық мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 1139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 31, 406-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады