Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын және "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" және "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамдарына кредит беру шарттарын айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1502 Қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2013 № 770 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) мынадай:
      1) кейіннен «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ) кредит беру үшін 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 952669200 (тоғыз жүз елу екі миллион алты жүз алпыс тоғыз мың екі жүз) теңге;
      2) кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) кредит беру үшін 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 5 047 330 800 (бес миллиард қырық жеті миллион үш жүз отыз мың сегіз жүз) теңге сомада бюджеттік кредит берілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.08.2013 № 770 қаулысымен.
      2. «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ-на кредит беру үшін Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредит берудің мақсаты «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының экспорттық жеткізілімдерін саудалық қаржыландыру және сақтандыру жолымен қазақстандық локомотивтердің экспортын ынталандыру болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен негізгі борышты өтеу жөнінде үш жылдық жеңілдік кезеңмен 10 (он) жыл мерзімге, 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызға тең жылдық сыйақы ставкасы бойынша беріледі;
      3) «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ-на кредит беруге арналған сыйақы ставкасы жылдық 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан аспауы тиіс;
      4) негізгі борышты өтеуді Қарыз алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жеңілдік кезеңінің мерзімі аяқталған соң тең үлестермен жүзеге асырады;
      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит Қарыз алушының шотына аударылған сәттен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;
      6) Қарыз алушы үшін игеру кезеңі кредит қарыз алушының шотына аударылған күнінен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
      2-1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға кредит беру үшін қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредит берудің мақсаты «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының экспорттық жеткізілімдерін лизингтік қаржыландыру жолымен қазақстандық локомотивтердің экспортын ынталандыру болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен 10 (он) жыл мерзімге, жылдық 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша беріледі;
      3) Қарыз алушы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға кредит бергеннен кейін кредит «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «БРК-Лизинг» АҚ) беріледі;
      4) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ үшін сыйақы ставкасы жылдық
0,6 (нөл бүтін оннан алты) пайыздан аспауы тиіс;
      5) «БРК-Лизинг» АҚ кредит беру үшін сыйақы ставкасы жылдық 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) пайыздан аспауы тиіс;
      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу және алынған лизингтік төлемдер есебінен «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының экспорттық жеткізілімдерін қайта қаржыландыру мүмкіндігімен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңында бір мезгілде жүзеге асырады;
      7) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жартыжылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу
кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасалған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;
      8) қарыз алушы үшін игеру кезеңі кредит қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2013 № 770 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - кредит беруші), Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - әкімші) және Қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
      4. Кредит Қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуді ұсынуынсыз бөлінеді.
      5. Кредит беруші мен әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды қамтамасыз етсін.
      5-1. Кредитор мен әкімші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасауды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. Қаулы 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2013 № 770 қаулысымен.
      6. Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады