"Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесін және байланыс саласында қызметтер керсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1505 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 N 1620 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесін және байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 169-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Байланыс саласында қызметтер көрсетуді лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1)2) тармақшалары алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      2-тармақта:
      4)6)10) және 11) тармақшалар алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Интернет желісіне қол жетімді қызметтер;»;
      681213-тармақтар алынып тасталсын;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде мыналардың болуын қамтиды:».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады