"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 1542 Қаулысы.

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 498 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан

      Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 6679755100 алты миллиард алты жүз жетпіс тоғыз миллион жеті жүз елу бес мың бір жүз) теңге сомасында, оның ішінде:";

      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын

      "көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен Орал қаласында, Ақжайық, Зеленов және Тасқала аудандарында тұрғындар арасында аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін жоспардан тыс дезинсекциялық (безгекке қарсы және шыбын-шіркейге қарсы) іс-шаралар жүргізуге 94662700 (тоқсан төрт миллион алты жүз алпыс екі мың жеті жүз) теңге сомасында;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады