Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 498 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес және 2011 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында, сондай-ақ саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан еспубликасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 6679755100 алты миллиард алты жүз жетпіс тоғыз миллион жеті жүз елу бес мың бір жүз) теңге сомасында, оның ішінде:
      1) Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен Орал қаласының автомобиль жолдарын реконструкциялауға ағымдағы нысаналы даму трансферттері түрінде 2567000000 (екі миллиард бес жүз алпыс жеті миллион) теңге сомасында;
      2) Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне:
      көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 1310600000 (бір миллиард үш жүз он миллион алты жүз мың) теңге сомасында;
      білім беру объектілерінің құрылысына нысаналы даму трансферттері түрінде 460000000 (төрт жүз алпыс миллион) теңге сомасында;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне:
      көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен Орал қаласында, Ақжайық, Зеленов және Тасқала аудандарында тұрғындар арасында аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін жоспардан тыс дезинсекциялық (безгекке қарсы және шыбын-шіркейге қарсы) іс-шаралар жүргізуге 94662700 (тоқсан төрт миллион алты жүз алпыс екі мың жеті жүз) теңге сомасында;
      Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен денсаулық сақтау объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 190000000 (бір жүз тоқсан миллион) теңге сомасында;
      4) Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен мәдениет объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 78192400 (жетпіс сегіз миллион бір жүз тоқсан екі мың төрт жүз) теңге сомасында;
      5) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне:
      Орал қаласындағы суда-құтқару станциясының құрылысына 245000000 (екі жүз қырық бес миллион) теңге сомасында;
      Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін тасқын суды кетіруге және опырылып құлаудан қорғау дамбаларын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 176460000 (бір жүз жетпіс алты миллион төрт жүз алпыс мың) теңге сомасында;
      6) Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесіне күрделі жөндеу жүргізуге ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 81000000 (сексен бір миллион) теңге сомасында;
      7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне:
      Батыс Қазақстан облысындағы республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге 358249000 (үш жүз елу сегіз миллион екі жүз қырық тоғыз мың) теңге сомасында;
      Батыс Қазақстан облысындағы республикалық меншіктегі объектілердің сумен жабдықтау жүйелерін, гидротехникалық құрылыстарын  реконструкциялауға 380000000 (үш жүз сексен миллион) теңге сомасында;
      Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін:
      Батыс Қазақстан облысындағы коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 43802000 (қырық үш миллион сегіз жүз екі мың) теңге сомасында;
      Батыс Қазақстан облысындағы коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін реконструкциялауға және қалпына келтіруге нысаналы даму трансферттері түрінде 694789000 (алты жүз тоқсан төрт миллион жеті жүз сексен тоғыз мың) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.15 N 1542 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай мемлекеттік органдарды қаржыландыруды;
      2) бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Батыс Қазақстан облысының реконструкциялауға әкімі 2011 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады