Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1550 Қаулысы

      Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру мәселелерін жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары және өзге де ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары және өзге де ұйымдар жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Маңғыстау облысының әкімдігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Маңғыстау облысының әкімдігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1550 қаулысымен     
бекітілген        

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауапты

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Жаппай тәртіпсіздіктер барысында туындаған салдарды бағалау және жою

1.

Бүлінген, қалпына келтіруге жатпайтын құрылыстарды бұзуды, аумақтарды өрттен тазартуды, зақымдалған объектілерді күрделі жөндеуді және жаңа объектілер салуды қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ТЖМ

2012 жыл

Шығыстар сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*

2.

Жаңаөзен қаласының әкімдігін Р. Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратына көшіру арқылы оның үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ТЖМ

2012 жылғы қаңтар

Шығыстар сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*

3.

Қаланың коммуналдық қызметтерін және жергілікті мемлекеттік басқару органдарын телекоммуникация құралдарымен (байланыс құралдарымен) қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ТЖМ

2012 жыл

Шығыстар сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*

4.

Зақымдалған әкімшілік, қоғамдық және әлеуметтік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ тұрғын үйлерге оларды қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу арқылы олардың құнын айқындай отырып тексеру және бағалау жүргізу

Комиссия актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚТКШІА

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді


5.

Жеке және заңды тұлғалардың зақымдалған мүліктеріне тексеру және бағалау, меншік құқығы мен сақтандыру қатынастарын ескере отырып, бұдан кейінді іс-қимылдар алгоритмін жүргізу

Комиссия актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, Әділетмині, ІІМ, ҚТКШІА,

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді


6.

Жаңаөзен қаласы банк жүйесінің қызметін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, Қаржымині, ҰБ

2011 жылғы желтоқсан

Есептеу сметасына сәйкес

ЕДБ қаражаты

7.

Жанар-жағармай материалдары мен дизель отынын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

МГМ, ТЖМ, «ҚазМұнай аз» ҰК» АҚ

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*

8.

Маңғыстау облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған әскери қызметшілердің, ТЖМ қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлу

Комиссия актісі

ТЖМ, Қорғанысмині, ПМ,ҰҚК (келісім бойынша),БП (келісім бойынша), Қаржымині, ЖАО

2011 жылғы желтоқсан, 2012 жылғы 1-тоқсан

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*, ұйымдардың өз қаражаты

9.

Маңғыстау облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған ТЖМ мен ІІМ-нің арнайы бөлімшелеріне көлік қызметін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге қаражат бөлу

Үкіметке ақпарат

ККМ, ТЖМ, ІІМ, Қаржымині, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ

2011 жылғы желтоқсан, 2012 жылғы 1-тоқсан

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*

2. Объектілерді қалпына келтіру

10.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимараттарына қайта жаңарту (қалпына келтіру) жүргізу

Орындалған жұмыстар актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*, жергілікті бюджет

11.

Маңғыстау облысының басқа да елді мекендеріндегі зақымдалған әкімшілік ғимараттарға қайта жаңарту (қалпына келтіру) жүргізу

Орындалған жұмыстар актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*, жергілікті бюджет

12.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның әкімшілік ғимаратына және оның басқа да объектілеріне қайта жаңарту жүргізу

Орындалған жұмыстар актісі

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

«Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ» АҚ

13.

Жаппай тәртіпсіздіктер барысында зақымдалған мемлекеттік емес меншік нысанындағы объектілерге қайта жаңарту (қалпына келтіру) жүргізу

Орындалған жұмыстар актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

Бюджеттен тыс қаражат, сақтандыру төлемдері

14.

Жергілікті маңызы бар жолдарды қайта жаңартуды (қалпына келтіруді) қамтамасыз ету

Орындалған жұмыстар актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*, жергілікті бюджет

15.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың нәтижесінде зардап шеккен жеке адамдардың материалдық залалын өтеуді, оларға қажетті көмек беруді қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ТЖМ, Еңбекмині

2011 жылғы желтоқсан, 2012 жылғы 1-тоқсан

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*, жергілікті бюджет

16.

Заңды және жеке тұлғалардың зақымдалған мүліктерінің материалдық зиянын өтеу үшін «Жарылқау» қорына бюджеттен тыс қаражаттың есептелуін жүргізу

Үкіметке ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы 1-тоқсан

Қор қаражатының шегінде

Бюджеттен тыс қаражат

17.

Жаңаөзен қаласының радиотелевизия станциясына қалпына келтіруді жүргізу

Орындалған жұмыстар актісі

БАМ, «Қазтелерадио» АҚ

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет (Үкіметтің резерві)*, өз қаражаты

3. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының қызметін қамтамасыз ету

18.

«Өзенмұнайгаз» ӨФ кен орындарында өндірістік циклді тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдау

Үкіметке ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді


19.

Өндірістік және еңбек тәртібін нығайту жөнінде шаралар қабылдау, еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Еңбекмині

2012 жыл

Талап етілмейді


20.

«Өзенмұнайгаз» ӨФ мен сервистік кәсіпорындардың жұмыскерлеріне ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік кепілдіктердің берілуін және еңбекті қорғау шараларын қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Еңбекмині

2012 жыл

Кәсіпорын бюджетіне сәйкес

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ қаражаты

21.

«Өзенмұнайгаз» ӨФ-ден және «Қаражанбасмұнай» АҚ-дан жұмыстан шығарылған адамдарды республиканың кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру мәселесін көшуге байланысты шығындарын өтеу мәселесін қарай отырып пысықтау

Үкіметке ақпарат

«Самұрық- Казына» ҰӘҚ» АҚ, Еңбекмині, ИЖТМ

2011 жылғыжелтоқсан - 2012 жылғы
қаңтар

Талап етілмейді


4. Халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

22.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауды және төлеуді қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

Еңбекмині

Өтініш жасауына қарай

Республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде

Республикалық бюджет*

23.

Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсету, оның ішінде оларды оңалтуды ұйымдастыру мақсатында емдеу-профилактикалық ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау

Үкіметке ақпарат

ДСМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

Есептеу сметасына сәйкес

Республикалық бюджет*, жергілікті бюджет*

24

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы аясында «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен сервистік кәсіпорындардан жұмыстан шығарылған адамдар арасынан өтініш жасаған азаматтарды оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында оқытуды, қайта даярлауды немесе біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де белсенді нысандарымен қамту

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жылғы 1-жарты-жылдық

Жұмыспен қамту Бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражат есебінен

Республикалық бюджет*, жергілікті бюджет*

5. Азық-түлікпен қамтамасыз ету

25.

Жаңаөзен қаласының бірінші қажеттілікті әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне деген бір айлық қажеттілігін анықтау

Үкіметке ақпарат

АШМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ

2011 жылғы 26 желтоқсан

Талап етілмейді


26.

Тұрақтандыру қоры есебінен бірінші қажеттілікті әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің бір айлық қорын қалыптастыру

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, АШМ, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

2011 жылғы 26 желтоқсан

Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыр уға бөлінген қаражат шегінде

Республикалық бюджет*

27.

Төтенше жағдайдың қолданылуы аяқталғанға дейін тұрақтандыру қоры есебінен бірінші қажеттілікті әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің бір айлық қорын ұстау

Үкіметке ақпарат

АШМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

5 қаңтар 2012 жыл

Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыр уға бөлінген қаражат шегінде

Республикалық бюджет*

28.

Жеке сауда объектілерінің қызметі толық қалпына келгенге дейін қосымша жылжымалы сауда нүктелерінің жұмысын ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, АШМ, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ

2012 жылғы 5 қаңтар

Талап етілмейді


6. Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету

29.

Стратегиялық, өндірістік және әлеуметтік объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілерді, сондай-ақ қалпына келтіруге жататын объектілерді күшейтілген күзетпен қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

ІІМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ

2012 жылғы 5 қаңтарға дейін

Талап етілмейді


30.

Этил спиртінің, алкоголь өнімінің айналымына ерекше тыйым салу режимінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Үкіметке ақпарат

ІІМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

Талап етілмейді


31.

Тоңаушылық фактілеріне жол бермеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу

Үкіметке ақпарат

ІІМ

2012 жыл

Талап етілмейді


7. Ақпараттық қамтамасыз ету

32.

Жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар туралы электрондық және баспасөз БАҚ-да түсіндіру жұмысын ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

БАМ, СІМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2011 жылғы желтоқсан, 2012 жыл

Талап етілмейді


8. Өзге де шаралар

33.

Тұрғындардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылын, түсіндіру жұмысын ұйымдастыру үшін Жаңаөзен қаласы тұрғындарының арасынан қоғамдық кеңестер құру және оған тарту жөнінде шаралар қабылдау

Үкіметке ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2011 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді


34.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы 1321 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына қаланың перспективалық даму және оңтайлы жұмыспен қамту шаралары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Үкімет қаулысы

ЭДСМ, ТЖМ, ДСМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2012 жыл

Бюджеттік өтінімге сәйкес

Республикалық бюджет*, жергілікті бюджет*, кәсіпорындардың қаражаты

      Ескертпе:
      *Үкіметтің резерві және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі шығыстарға бағалау жүргізілгеннен кейін анықталатын болады;

      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      Қаржымині — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы
      «Өзенмұнайгаз» ӨФ - «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы
      «Каспий» ӘКК» ҰК» - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар
      БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады