2011 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов "Туроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды
Осы нормативтік-құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесі жетілдіру жөніндегі заңнамаға сәйкестендіру, туроператорлық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді, іске асыру бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді.
Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |