"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатын құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1594 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатын құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы
мемлекеттік мұрағатын құру туралы

      «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады