Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1595 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiліп отырған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1595 қаулысымен 
бекiтiлген     

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі
мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда
сақтау мен тасымалдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әртүрлі топтарын сақтау мен тасымалдау тәртібін айқындайды.
      2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мынадай:
      1) өндіруші зауыт белгілеген шарттарға сәйкес, сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатта, қаптамаларда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығында, медициналық техниканы пайдалану құжаттарында, қаптамасында (ыдысында), затбелгісінде, кольереткасында, контрэтикеткасында, жазба белгісінде, жапсырмасында (стикерде) көрсетілетін олардың бүкіл жарамдылық мерзімінде қауіпсіздігінің, тиімділігінің және сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда;
      2) контаминацияны, қиылысу контаминациясын және араласуды болдырмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
      3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерді сақтау үй-жайларында (дәріхана, дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру ұйымдары) жүзеге асырылады.
      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ангро-өнім - өнімнің өндірілуі мен ірі бөлшектеп өлшеп өткізілуін сипаттайтын және оның дайын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру мақсатында одан әрі өңделуін көздейтін өнімнің статусы;
      2) дәрілік субстанция - шығу тегіне қарамастан, дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған, белгілі фармакологиялық белсенділігі бар заттек немесе заттектердің қосындысы;
      3) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - мерзімі біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күн;
      4) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы үдерісін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластаудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
      5) тұтыну қаптамасы - тұтынушыға дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық техникамен бірге түсетін және көлік қаптамасының функциясын орындамайтын қаптама.
      Тұтыну қаптамасы бірінші және екінші қаптамадан тұрады:
      бірінші (ішкі) қаптама - материалдары дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен тікелей жанасатын құтсыйымдылықы немесе қаптаманың басқа нысаны;
      екінші (сыртқы) қаптама - бірінші қаптамадағы дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника салынатын контейнер немесе қаптаманың басқа нысаны;
      6) топтық ыдыс - тұтыну қорабындағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың белгілі бір мөлшерін біріктіретін қаптама;
      7) көліктік ыдыс - дербес көлік бірлігін құрайтын ыдыс;
      8) көліктік қаптама - тауарды сақтауға, сәйкестендіруге немесе тасымалдауға арналған қаптама;
      9) зауыттық қаптама - өндіруші зауыт көрсетілген тұтынушы қаптамасы;
      10) дәрілік заттың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі - нормативтік құжат) - сериясына қарамастан, дәрілік заттың бірдей қауіпсіздігі мен тиімділігін дәрілік заттың сапасы нормаларының кешенін, оны айқындау әдістемелерін, сондай-ақ оны өндірудің тұрақтылығы мен біртектестігін қамтамасыз ететін, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оларды тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қағидаларына сәйкес бекітілген құжат;
      11) сақтау үй-жайлары - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға арналған, арнайы бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жайлар;
      12) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау - олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау шарттарын қамтамасыз ете отырып, орналастыру (қоймаға жинау) үдерісі;
      13) қараңғы жерде сақтау - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарық түспейтін жерде сақтау;
      14) құрғақ жерде сақтау - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы ауаның салыстармалы ылғалдылығы 65 пайыздан аспайтын үй-жайларда сақтау;
      15) салқын жерде сақтау - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы +8оС-ден +15оС-ге дейінгі температурада сақтау;
      16) бөлме температурасында сақтау - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы +15оС-ден +25оС-ге дейінгі температурада сақтау;
      17) термоконтейнер - жоғары температураның әсерінен қорғауды қажет ететін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдауға арналған жылу өткізбейтін қасиеті және тығыз жабылатын қақпағы бар контейнер (жәшік немесе сөмке), мұнда оңтайлы температуралық режимі (+2оС-ден +8оС дейін) оның қуысына орналастырылған мұздатылған тоңазытқыш элементтердің көмегімен қамтамасыз етіледі;
      18) тоңазытқыш элемент (бұдан әрі - тоңазытқыш элемент) - тығынмен тұмшаланып жабылатын, су құюға арналған және қолданар алдында мұздатылып, контейнерлерде +2оС-ден +8оС-ге дейін шегіндегі температураны ұстап тұру үшін қызмет ететін тікбұрыш нысандағы пластмасса немесе металл ыдыс;
      19) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың контаминациясы - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау, тасымалдау кезінде олардың бірнеше түрлерін, әртүрлі серияларын/партияларын араластыру немесе бір түрін басқа түрмен ауыстыру;
      20) сорттардың ауысуы - сол бір атауға жататын тауарлардың бір сортының артық болуының және екінші сортының жетіспеушілігінің пайда болуы;
      21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тасымалдау - тұтынушы алғанға дейін қажетті уақыт ішінде қасиеттерін сақтауды, қоршаған ортаның әсерінен, болжамды ластанудан, механикалық бүлінулерден қорғауды қамтамасыз ететін жағдайларда көлік құралының көмегімен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бір тұтынушыдан екіншісіне тасымалдау, жеткізу.

2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы сақтау тәртібі

      5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауды жүзеге асыратын үй-жайлар жылытқыш аспаптардан алыс, үй-жайлардың ішкі қабырғаларында еденнен 1,5 - 1,7 метр жоғары және есіктен кемінде 3 метр қашықтықта бекітілген аспаптармен (термометрлер, гигрометрлер) қамтамасыз етілуі тиіс;
      6. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында және өзге де ұйымдарда басшының бұйрығымен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың сапасының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты тұлға тағайындалады.
      7. Температураның параметрлері мен ауаның ылғалдылығын бақылау белгіленген шектердегі тербелістерді бақылауға жеткілікті кезеңділікпен күн сайын кез келген ыңғайлы тәсілмен (жазбаша немесе электрондық түрде) осы Қағидаларға 5-қосымша нысаны бойынша температураның параметрлері мен ауаның ылғалдылығын бақылау журналында тіркеледі.
      8. Сақтау үй-жайларында орналастырылған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бір сәттегі көлемі сақтау үй-жайлары алаңының 75 пайызынан аспауы тиіс.
      9. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника сақтау үй-жайларында зауыттық немесе көліктік қаптамаларда сақталады.
      10. Сақтау үдерісінде кемінде айына бір рет қаптамалардың (ыдыстардың) жай-күйін және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сыртқы өзгерістерін жалпы шолып қарау арқылы сапасын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
      Жалпы шолып қарау нәтижелері бойынша сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатта, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта, медициналық техниканы пайдалану жөніндегі құжаттарында, қаптамасында (ыдысында), затбелгісінде, кольереткасында, контрэтикеткасында, жазба белгісінде, жапсырмасында (стикерде) көрсетілетін өндіруші зауыт белгілеген шарттарға сәйкес келмейді деп танылған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға рұқсат берілмейді.
      11. Зауыттық немесе көліктік қаптама бұзылған жағдайда дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника материалдық шкафтарда, сөрелерде, паллеті бар сөрелерде, тұтыну сейфтерінде, ашық зауыттық қаптамада этикеткасымен (сыртқы таңбамен) орналастырылады.
      12. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында және өзге де ұйымдарда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарамдылық мерзімдерін есепке алуды жүргізу қажет.
      13. Дәріханалардың, дәріхана пункттерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының сақтау үй-жайларында (кабинеттерде, бөлімшелерде), көтерме қоймаларында дәрілік заттар:
      1) фармакологиялық топтары бойынша;
      2) қолдану тәсіліне (ішкі, сыртқы) байланысты;
      3) агрегаттық жай-күйіне байланысты;
      4) сыртқы ортаның физикалық-химиялық қасиеттері мен түрлі факторларының әсеріне байланысты бөлек сақталады.
      Атаулары бойынша ұқсас дәрілік заттармен ішке қабылданатын күшті жоғары дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар орналастыруға, сондай-ақ оларды алфавиттік тәртіппен орналастыруға болмайды.
      14. Дәрілік препараттарды дайындауға құқылы дәріханалардың өндірістік үй-жайларында «ангро-өнімі» статусы бар дәрілік заттар эмаль немесе шыны ыдыста сақталуы тиіс.
      15. Барлық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне, оларға сыртқы ортаның түрлі әсеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
      1) жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;
      2) ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;
      3) ұшып кетуден қорғауды талап ететін;
      4) жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін;
      5) төмен температурадан қорғауды талап ететін;
      6) қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;
      7) иісті, бояйтын.
      16. Дәріханаларда, дәріхана пункттерінде, денсаулық сақтау ұйымдарында, дәрілік заттардың көтерме қоймаларында жарықтан қорғауды талап ететін дәрілік заттар жарық түсуден сақтайтын қаптамада, жарықтан қорғайтын материалдардан жасалған ыдыстарда (қызғылт түсті шыны ыдыста, алюминий фольгадан немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр немесе қызғылт түсті металл ыдыстарда) жарық түсуден қорғалған, тығыз жабылатын есіктері бар қараңғы үй-жайда немесе шкафтарда сақталады.
      Жарықты ерекше сезгіш дәрілік заттар (күміс нитраты, күміс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты және оларға ұқсас) жарық өткізбейтін ыдыста, ішкі жағы қара бояумен боялған, тығыз жабылатын шкафта сақталады.
      17. Жарықтың әсерін қажет ететін дәрілік заттарды (қышқылды темір препараттары, феррамидттер) сыйымдылығы шағын, ашық түсті шыны ыдыста жарық жерде сақтайды.
      18. Ылғалдан қорғауды талап ететін дәрілік заттарға мыналар жатады: гигроскопикалық заттар мен калий ацетаты тұздары бар препараттар, құрғақ экстрактылар, дәрілік өсімдік шикізаты, гидролиздейтін заттар, азот, азотты галогенді сутегі және фосфор қышқылдары тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар, белсенді заттектер, суда жеңіл еритін заттар, сондай-ақ ылғалды мөлшері қаптамадағы, медициналық пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы сапа мен қауіпсіздікті бақылау бойынша нормативтік-техникалық құжатта белгіленген шектен аспауы тиіс.
      Судың атмосфералық буларының әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды құрғақ, салқын жерде судың буларын өткізбейтін материалдармен тығыз тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы, қалың пластмасса ыдыстарында) сақтау қажет.
      19. Құрамында ұшып кететін заттары, ерітетін ұшпа заттар, эфир майлары бар дәрілік өсімдік шикізаты бар дәрілік заттарды сақтау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ұшып кететін заттарға арналған өткізбейтін материалдардан тұмшаланып тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы) жүзеге асырылады.
      Құрамында кристалданған су бар (кристаллогидраттар) дәрілік заттарды сақтау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Кристаллогидраттардың дәрілік субстанцияларын нормативтік құжаттарда немесе қаптамаларда (ыдыста) көрсетілген температура жағдайында, ауаның 50-65 пайыз салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында қаптамадағы, медициналық пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы сапа мен қауіпсіздікті бақылау бойынша нормативтік-техникалық құжатта белгіленген тұмшаланып тығындалған шыны, металл немесе қалың пластмасса ыдыстарда сақталады.
      20. Ұшып кетуден қорғауды талап ететін дәрілік заттар, жеңіл балқитын препараттар (суппозиторийлер), иммундық-биологиялық препараттар, антибиотиктер, органикалық препараттар, гормондық препараттар, дәрумендер және дәрумендік препараттар, гликозидтерден тұратын препараттар, медициналық майлар мен майлар, майлы негіздегі жақпа майлар жоғары температура әсерінен қорғауды талап етеді.
      Бұл ретте көрсетілген дәрілік заттар құрамының ерекшелігіне байланысты бөлме температурасында немесе салқын жерде сақталады, кейбір жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (0-ден +8оС температурада термометрлермен жабдықталған тоңазытқыш шкафтарда) талап етіледі, бұл қаптамадағы, медициналық пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы сапа мен қауіпсіздікті бақылау бойынша нормативтік-техникалық құжатта белгіленген нормативтік құжатта көрсетіледі.
      21. Қатқаннан кейін физикалық-химиялық жай-күйі өзгеретін және одан кейін бөлме температурасына дейін жылыған кезде қалпына келмейтін дәрілік заттар төмен температура әсерінен (мұздату) қорғауды талап етеді.
      22. Төмен температура әсерінен қорғауды талап ететін жекелеген дәрілік заттардың ерекшелігі:
      1) 40 пайыз формальдегид (формалин) ерітіндісін +9оС-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған жағдайда ерітіндіні бөлме температурасында ұстайды, бұдан кейін ерітіндіні еппен құйып алып, нақты формальдегид құрамына сәйкес пайдаланады;
      2) мұзды сірке суы қышқылын +9оС-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған жағдайда қышқылды бөлме температурасында тұнба ерігенге дейін ұстайды. Егер тұнба ерімеген жағдайда қышқылдың сұйық бөлігін құйып алып, препараттағы нақты сірке суы қышқылының құрамына сәйкес пайдаланады;
      3) медициналық майлы майлар +10оС-дан төмен емес температурада сақталады. Тұнба пайда болған жағдайда оларды бөлме температурасында ұстайды, олардың қаптамадағы, медициналық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта, сапа мен қауіпсіздікті бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатта белгіленген талаптарға сәйкес келуі реттеліп тексеріледі.
      23. Қоршаған ортадағы газдар әсерінен өзгеретін дәрілік заттар тобына мыналар жатады:
      1) ауадағы оттегімен әрекеттесетін дәрілік заттар: шектеусіз оттегі арасында байланысты бар алифаттық қатардағы түрлі қосындылар, шектеусіз оттегі арасында байланыстары бар жанама алифаттық топтардағы циклдық заттар, фенольдық, полифенолдық, морфии және оның алмастырылмаған гидроксильді топтары бар туынды заттар, құрамында күкірт бар гетерогенді және гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар;
      2) ауаның көмір қышқыл газымен әрекеттесетін дәрілік заттар.
      Газдар әсерінен өзгеретін дәрілік заттар газ өтпейтін материалдардан жасалған ыдыста сақталады.
      Аталған заттектер тобының газ өтпейтін материалдардан тұмшаланып тығындалған, мүмкіндігінше лық толтырылған ыдыста сақталады, бұл ретте:
      1) ауадағы оттегімен жеңіл қышқылданатын құрғақ үй-жайда тұмшаланып тығындалған, парафин құйылған шыны ыдыста сақталады;
      2) барбитурлы қышқылдардың натрий тұздарын тұмшаланып тығындалған, парафин құйылған судың атмосфералық булары мен көмір қышқылы газын өткізбейтін материалдардан жасалған ыдыста сақталады.
      24. Иісі бар дәрілік заттарды сақтау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Иісі бар дәрілік заттардың дәрілік субстанциялары мен олардан дайындалған дәрілік нысандарды дәріханаларда, арнайы шкафта, оқшауланған тұмшаланып жабылған, иіс өткізбейтін ыдыста атаулары бойынша бөлек жеке орналасқан қоймаларда, сақтау үй-жайларында жүзеге асырылады.
      25. Бояйтын дәрілік заттарды сақтау (әдеттегі санитариялық-гигиеналық өңдеу кезінде жуылмайтын ыдыста, тығындалатын құралдарда, жабдықтар мен басқа заттарда боялған із қалдыратын заттар, олардың ерітінділері, қоспалары, препараттары) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Бояйтын заттардың дәрілік субстанцияларын сақтау арнайы шкафта тығыз тығындалған ыдыста, бояйтын заттардың дәрілік субстанцияларынан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандарды сақтау тығыз тығындалған ыдыста бөлек сөреде жүзеге асырылады.
      26. Дәрілік өсімдік шикізаты, өсімдік қосындылары құрғақ, ауасы таза үй-жайда жақсы жабылған ыдыста сақталады.
      Бұл ретте дәріханаларда сақтау - шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшіктерде, қоймаларда - теңдерде немесе сөрелерде жабылған жәшіктерде жүзеге асырылады.
      Құрамында эфир майлары, есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар немесе улы заттар бар дәрілік өсімдік шикізаты мен құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатын басқа дәрілік заттардан бөлек, жақсы жабылған ыдыста сақтайды.
      Гигроскопикалық қасиеттері бар шөптерді, жапырақтарды, жемістер мен тамырлары тұмшаланып тығындалған және қажет болған жағдайда парафин құйылған (жалбыз жапырақтары, бүйрек шайы, тікенек тамыры) шыны немесе металл ыдыста сақтайды.
      Бөлшектеп өлшенген дәрілік өсімдік шикізатын дәрілік өсімдік шикізатының сақтау ерекшеліктері мен қаптамада және тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген сақтау шарттары сақтала отырып, сақтайды.
      27. Отқа қаупі бар, жарылу қаупі бар, жеңіл тұтанатын және тез жанғыш дәрілік заттармен араластырғанда, ысқылағанда және жоғары температураның әсерінен тұтану және жарылыс тудыратын қосындыларды түзетін дәрілік заттарды олардың физикалық-химиялық және өртке қауіпті қасиеттері мен қаптама сипатына сәйкес бір бірінен қалың, отқа төзімді қабырғалармен (қалқалармен) оқшауланған үй-жайларға (бөліктерге) бөлінетін қойма үй-жайларда біртектілік принципі бойынша сақталады.
      28. Жеңіл тұтанатын заттарды сақтауға арналған жеке қоймалар болмаған жағдайда оларды көрші үй-жайлардан міндетті түрде оқшауланған және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жалпы жанбайтын құрылыстарда сақтауға рұқсат беріледі. Бұл үй-жайлар сору-шығару желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі.
      29. Отқа қаупі бар және жарылу қаупі бар дәрілік заттарды сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және орнықты сөрелермен және тұғырлармен жабдықталуы қажет.
      30. Жеңіл тұтанғыш және тез жанғыш сұйықтықтарды ені кемінде 0,7 метр және биіктігі кемінде 1,2 метр есіктері бар қосымша салынған жанбайтын шкафтарда сақтауға рұқсат беріледі.
      31. 100 килограмнан асатын мөлшердегі жеңіл тұтанғыш сұйықтық бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста отқа қауіпті басқа топтардағы заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.
      32. Денсаулық сақтау ұйымдарының өндірістік үй-жайларында жеңіл тұтанғыш және тез жанғыш сұйықтарды арнайы металл жәшікте жылыту аспаптары мен шығатын жерлерден оқшау жалпы 3 килограмнан аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етіледі.
      33. Жеңіл тұтанғыш сұйықтарды сақтауға арналған сыйымдылықтар шыныдан немесе металдан жасалады, сұйықтың ұшып кетуін болдырмау үшін олар қақпақтармен тығыз жабылады. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш заттарды ашық контейнерлерде және басқа материалдардан жасалған ыдыстарда сақтауға болмайды.
      34. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтар толтырылған бөтелкелерді, баллондар мен басқа да ірі сыйымдылықтарды соққылардан қорғалған ыдыста баллон тұғырларда бір қатарда сақтайды. Жұмыс орындарында осы сұйықтар ауысым қажеттілігінен аспайтын мөлшерде тығыз жабылған ыдыста сақталады.
      35. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш дәрілік заттарды:
      1) лық толтырылған ыдыста сақтауға болмайды. Толтыру дәрежесі көлемнің 90 пайызынан аспауы тиіс. Yлкен мөлшердегі спирттер металл ыдыстарда сақталады, оларды көлемнің 95 пайыздан аспайтындай етіп толтырады.
      2) минералды қышқылдармен (күкірт, азот және басқа қышқылдармен), тығыздалған және сұйытылған газдармен, жеңіл жанатын заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен қосылғанда жарылғыш қаупі бар қоспалар (калий хлораты, калий перманганаты) беретін органикалық емес тұздармен бірге сақтауға жол берілмейді.
      36. Жанғыш және жарылғыш қаупі бар заттар қалың қабатты сыйымдылықтарда (бөтелкелерде, банкілерде, барабандарда) сақталуы керек, қажет болған жағдайда тығындар парафинделуге тиіс.
      37. Медициналық эфир мен наркозға арналған эфирді фабрикалық қаптамада, қараңғы салқын жерде, отпен жылыту аспаптарынан алыста сақтайды.
      38. Кальций гипохлориді аммиак және аммоний тұздарынан бөлек сақталуы тиіс.
      39. Жеңіл тұтанғыш сұйықтарды сақтауда ыдыстың жай-күйін, оның тұмшаланғандығы мен дұрыстығын тұрақты бақылап отыру керек. Бастапқы қаптаманың бұзылғаны байқалған жағдайда дереу ондағы затты басқа ыдысқа қайта құяды.
      40. Жеңіл тұтанғыш сұйықтардан босаған ыдысты біраз уақыт жақсы желдетілген үй-жайда немесе көшеде ашық қалдырған жөн.
      41. Жарылғыш қаупі бар дәрілік заттарға жарылыс пайда болуына бейім дәрілік заттар жатады.
      Жарылғыш қаупі бар дәрілік заттарды оқшау қоймада өртке қарсы қабырғалармен және бөліктермен бөлінген арнайы үй-жайларда (бөліктерде) сақтайды.
      42. Жарылғыш қаупі бар дәрілік заттарды сақтаған кезде олардың жарылыс туғызуы мүмкін шаңмен ластануына қарсы шараларды қолдану керек.
      43. Калий перманганатын арнаулы бөліктерде, қаңылтыр контейнерлерде, жұмыс орындарында - тығындары сүртілген штангластарда сақтау жүзеге асырылады.
      Күкіртпен, органикалық майлармен, эфирлермен, спиртпен, глицеринмен, органикалық қышқылдармен және органикалық заттармен, сондай-ақ жеңіл тұтанғыш және жанғыш заттармен бірге сақтауға болмайды.
      44. Нитроглицерин ерітіндісін шағын, жақсы тығындалған шыны немесе металл контейнерлерде оттан сақтай отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Нитроглицеринмен жұмысты теріге тигенде улануды және нитроглицерин төгілгенде туындайтын жарылысты болдырмау мақсатында ерекше сақтықпен жүргізу қажет.
      45. Эфирді сақтаған жағдайда (әсіресе ауа кірген жағдайда) қышқылдану туғызады, олар сілкігенде, ұрылғанда, үйкелгенде немесе температура артқан жағдайда жарылыс туғызуы мүмкін, сондықтан бұл жұмыс ерекше сақтықпен жүргізіледі.
      46. Жарылғыш қаупі және жанғыш қаупі бар заттарды қышқылдармен және сілтілік заттармен бірге сақтауға болмайды.
      47. Азот және күкірт қышқылдарын сақтаған кезде олардың ағашпен, сабанмен және басқа органикалық заттармен жанасуына жол бермейтін шаралар қабылданады.
      48. Жарылғыш қаупі және жанғыш қаупі бар заттарды сақтау үй-жайларында от жағуға рұқсат етілмейді.
      49. Оттегі және жанғыш газдар бар баллондарды жанғыш заттармен бірге сақтауға, сондай-ақ бұл баллондарды материалдық бөлмелер мен дәріхана қоймаларында сақтауға болмайды.
      50. Оттегі мен жанғыш газдары бар баллондар жылу көздерінен қорғалып, оқшауландырылған үй-жайларда немесе жабық қалқаларда сақталуы қажет, оларға май мен басқа да майлы заттар түспеуге тиіс.
      51. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
      1) резеңке бұйымдары;
      2) пластмассадан жасалған бұйымдар;
      3) таңу, тігу және қосалқы құралдары;
      4) көзге салынатын және оны түзейтін линзалар;
      5) медициналық аспаптар, құрылғылар, аспаптар, аппаратура.
      52. Сақтау үй-жайларында резеңке бұйымдардың сапасын сақтау үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
      1) кебуден, өзгеруден және түрін өзгертуден сақтау үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығын кемінде 65 пайызда ұстау;
      2) мынадай химиялық заттардың: йодтың, хлороформның, хлорлы аммонийдің, лизолдың, формалиннің, қышқылдардың, органикалық ерітінділердің, майлайтын майлардың, сілтілердің, дезинфекциялайтын құралдардың, нафталиннің әсерінен оқшаулау;
      3) жарықтан, әсіресе тікелей күн сәулесінен қорғау;
      4) ауаның жоғары (+20оС-дан астам) және төмен (0оС-ден төмен) температурасынан қорғау;
      5) ауа ағынынан (өтпе желден, механикалық вентиляциядан) қорғау;
      6) механикалық бүлінуден (оның ішінде жаншылудан, иілуден, оралудан, созылудан және тағы басқадан қорғау қажет.
      53. Резеңке бұйымдардың жекелеген түрлерін сақтау мынадай ерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асырылады:
      1) медициналық техниканың жинағына кіретін, алынатын резеңке бөліктері медициналық техника қаптамасының тұтастығы бұзылмай басқа бөлшектерден оларды бөлек алу мүмкін болған кезде басқа материалдан жасалған бөліктерден бөлек сақталады;
      2) атмосфералық факторларды ерекше сезінгіш бұйымдарды (созылғыш катетерлер, буждар, қолғаптар, саусаққа кигіштер, резеңке бинттер, резеңке тығындар) бөлек үй-жайларда тығыз жабылған қораптарда сақтайды.
      3) резеңкеленген матаны (бір жақты және екі жақты) арнаулы тұғырларға ілінген рулондарда көлбеу күйде сақтайды. Резеңкеленген матаны сөрелерде, паллеті бар сөрелерде бес қатардан асырмай жатқызылған күйде сақтауға болады;
      4) созылғыш лак бұйымдарын (катетерлерді, буждарды, сүңгілерді) резеңкеге қарағанда құрғақ үй-жайда сақтайды. Ескіру белгісі үстіңгі қабатының жұмсаруы және желімінің ашылуы болып табылады. Мұндай бұйымдар жарамсыз деп танылады.
      54. Көтерме қоймалардың сақтау үй-жайларында зауыт қаптамасындағы резеңке бұйымдарды сақтауға болады.
      55. Пластмасса бұйымдарын ашық от жанбайтын, ұшатын заттардың булары жоқ, желдетілетін, қараңғы, құрғақ үй-жайларда, жылыту жүйесінен бір метрден кем емес қашықтықта сақталады. Электр құралдары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) болып дайындалады. Целлофан, целлулоидтық, аминопласт бұйымдары сақталатын үй-жайларда ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65 пайыздан аспауы тиіс.
      56. Көзге салынатын және оны түзейтін линзаларды сақтау қаптамадағы, медициналық пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы сапа мен қауіпсіздікті бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжатта көрсетілген жағдайда тұтыну қаптамасында жүзеге асырылады.
      57. Таңу құралдарын құрғақ, желдетілетін үй-жайда тазалықты сақтай отырып шкафтарда, жәшіктерде, сөрелерде, паллеттері бар сөрелерде және тұғырларда сақтайды.
      Стерильденген таңу материалдары (бинттер, дәке салфеткалар, мақта) зауыттық ыдыста бүлінбеген алғашқы қаптамада сақталады.
      Стерильденбеген таңу материалдары қапталған тығыз қағазға немесе теңдерге (қаптарға) салып, сөрелерде немесе тұғырларда сақталады.
      58. Медициналық аспаптар мен металл бұйымдарын жылытылатын құрғақ үй-жайларда бөлме температурасында сақтау керек. Сақтау үй-жайларындағы температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы күрт ауытқымауы қажет. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы 60 пайыздан аспауға тиіс. Ылғалдылығы жоғары климатты аймақтарда сақтау үй-жайындағы салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70 пайызға дейін болуына рұқсат етіледі.
      Медициналық аспаптар атаулары бойынша жәшіктерде, шкафтарда, қақпақтары бар қораптарда оларда сақталған құралдардың атаулары көрсетіле отырып сақталады.
      Мыс, жез, нейзельбер және қалайыдан жасалғандарды қоспағанда коррозияға қарсы майлаусыз алынған медициналық аспаптар мен металл бұйымдарын вазелиннің жұқа қабатымен немесе өзге жағу материалымен майлайды. Майланған аспаптар жұқа парафин қағазына оралып сақталады.
      Медициналық аспаптарда оларды қарау, сүрту, майлау және тазалау кезінде коррозияның пайда болуына жол бермеу үшін оларды қорғалмаған және дымқыл қолмен ұстауға болмайды. Барлық жұмысты құралды дәке салфеткамен, пинцетпен ұстап жүргізу қажет.
      Кесетін құралдарды (скальпельдер, пышақтар) тотығу мен өтпей қалуды болдырмау үшін жәшіктердің немесе пеналдардың арнаулы ұяларына салып сақтайды.
      Қаптамасыз сақталатын аспаптар механикалық бүлінуден қорғалуы керек, ал өткір кесетін детальдар қағазға оралып іргелес заттардың жанасуынан қорғалуға тиіс.
      Металл бұйымдарын суық жерден жылы жерге ауыстырғанда оларды сақтау үшін өңдеуді (сүрту, майлау) және орналастыруды аспаптар «кепкеннен» кейін жүргізу қажет.
      Боялған металл бұйымдарында тот басу пайда болған жағдайда олар алынып тасталады, ал бұйым қайта боялады.
      Күміс және нейзильберлі аспаптардың үстіңгі жағы қарайған жағдайда резеңкемен, күкіртпен және күкірті бар қоспалармен бірге сақтауға жол берілмейді.
      Металл медициналық аспаптарды жаппай, сондай-ақ резеңке бұйымдары олардың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттармен және резеңке бұйымдармен бірге сақтауға болмайды.
      59. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған қосалқы материал зауыттық қаптамада құрғақ, желдетілетін үй-жайларда, жеке шкафтарда сақталады. Зауыттық қаптама ашылғаннан кейін қосалқы материалдардың бөлшектелген немесе қалған мөлшері полиэтилен, қағаз пакеттерде немесе крафт-қағаз қаптарда сақталады.

3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканы тасымалдау тәртібі

      60. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тасымалдау тәртібі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тұтынушы алғанға дейінгі барлық уақыт аралығында қасиеттерінің, сапасының, тиімділігі мен қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда тасымалданады.
      61. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы мен қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету үшін тасымалдау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) оларды сәйкестендіру және қауіпсіздігін бағалау мүмкіндігін жоғалтпауы;
      2) басқа дәрілік заттармен (дозалармен) контаминацияланбауы және өздері де контаминацияланбауы;
      3) сыртқы орта факторларының әсер етуінен (температура, жарық, ылғалдылық) және басқа жағымсыз әсерлерден қорғалуы қажет.
      62. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар тұтыну қаптамасында топтық ыдысқа (қалың қағаздан жасалған қорапқа немесе топтамаға) салынып, кейін көліктік қаптамаға (жәшікке, қорапқа, орама қағазға) қаптамаланады.
      Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес көліктік қаптамада тасымалданады.
      Көліктік қаптама қапталған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы атмосфералық жауын-шашыннан, шаңнан, күн сәулесі түсуден, механикалық зақымданудан қорғауды қамтамасыз етеді.
      Көліктік және тұтыну қаптамалары мен оны тығындау құралдарының барлық түрлері дәрілік заттың қасиеттеріне, мақсаты мен мөлшеріне, сондай-ақ қаптама материалының тасымалдамайтын өніммен үйлесімділігіне байланысты таңдалады.
      63. Жоғары температураның әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тоңазытатын элементі бар термоконтейнерлерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы көлікте тасымалдайды.
      64. Өнеркәсіп өнімін бөлшектеп өлшеу кезінде полимер пленкаларына немесе қағазға бірінші қаптамаға қаптамаланған алдын-ала топтарға жиналады, олар ылғал алмасудан, бу алмасудан немесе атмосферадағы газ алмасуынан қорғалған екінші қаптамаға орналастырылады.
      65. Ұшпа, иісті, улы дәрілік заттарды бір көлік қаптамасына бір атаудан асырмай салу керек.
      66. Аэрозольді қаптамалар тасымалдау кезінде соғылудан және механикалық зақымданудан қорғалады.

Дәрілік заттарды, медициналық    
мақсаттағы бұйымдар мен       
медициналық техниканы олардың     
қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда
сақтау мен тасымалдау         
қағидаларына              
1-қосымша                

Құрамында ұшып кететін заттар бар дәрілік заттарды сақтау

р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1

2

3

1.

Аммиак ерітіндісі

салқын жерде

2.

Бромкамфора

қараңғы жерде

3.

Йод

қараңғы, салқын жерде

4.

Йодоформ

қараңғы, салқын жерде

5.

Камфора

салқын жерде

6.

Ментол

қараңғы жерде

7.

Метилсалицилат

қараңғы жерде

8.

Металл сынап

салқын жерде

9.

Тимол

қараңғы жерде

10.

Формалин

қараңғы жерде, +9оС-ден төмен емес

11.

Хлоралгидрат

қараңғы, салқын жерде

12.

Эфир майлары

+15оС-ден жоғары емес

Дәрілік заттарды, медициналық     
мақсаттағы бұйымдар мен        
медициналық техниканы олардың     
қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда
сақтау мен тасымалдау        
қағидаларына             
2-қосымша               

Құрамында кристалдандырылған суы (кристаллогидраттары)
бар дәрілік заттарды сақтау

р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1

2

3

1.

Акрихин ұнтағы

қараңғы жерде, жақсы тығындалған ыдыста

2.

Анальгин ұнтағы, таблеткалар

қараңғы жерде

3.

Апоморфин гидрохлориді ұнтағы

қараңғы жерде

4.

Бензилпенициллиннің новокаинді тұзы

құрғақ жерде, +180С-ден аспайтын

5.

Викасол ұнтағы, таблеткалар

жақсы тығындалған ыдыста

6.

Глюкоза ұнтағы, таблеткалар

жақсы тығындалған ыдыста

7.

Темірдің тотыққан сульфаты

жарық жерде

8.

Темірдің тотыққан лактаты

қараңғы жерде

9.

Кальцекс таблеткалары

жақсы тығындалған ыдыста

10.

Кальций глицерофосфаты

жақсы тығындалған ыдыста

11.

Кальций глюконат ұнтағы, таблеткалар

жақсы тығындалған ыдыста

12.

Кальций лактаты

жақсы тығындалған ыдыста

13.

Ашудастың барлық түрлері

жақсы тығындалған ыдыста

14.

Кодеин фосфаты

қараңғы жерде

15.

Кодеин

жақсы тығындалған ыдыста

16.

Котарнин хлориді (Стиптицин) ұнтағы

қараңғы жерде

17.

Кофеин ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

18.

Магний сульфаты ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

19.

Мыс сульфаты

жақсы тығындалған ыдыста

20.

Меркаптопурин (Лейкерин)

жақсы тығындалған ыдыста

21.

Метиленді көк

қараңғы жерде

22.

Натрий арсенаты

жақсы тығындалған ыдыста

23.

Натрий гидроцитраты ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

24.

Натрий пара-амино-салицилаты (ПАСК-натрий) ұнтағы, таблеткалар

қараңғы жерде

25.

Натрий сульфаты

жақсы тығындалған ыдыста

26.

Натрий тиосульфаты ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

27.

Натрий тетрабораты

жақсы тығындалған ыдыста

28.

Натрий фосфаты

салқын жерде

29.

Натрий цитраты

жақсы тығындалған ыдыста

30.

Норсульфазол-натрий

салқын жерде

31.

Рутин ұнтағы

қараңғы жерде

32.

Қорғасын ацетаты ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

33.

Скополамин гидробромиді ұнтағы

қараңғы жерде

34.

Сульгин ұнтағы, таблеткалар

жақсы тығындалған ыдыста

35.

Сульфацил-натрий (Альбуцид-натрий) ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

36.

Теофиллин ұнтағы

қараңғы жерде

37.

Тиамин бромиді, хлориді ұнтағы

қараңғы жерде, металлдармен жанаспайтын

38.

Терпингидрат ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

39.

Уросульфан ұнтағы, таблеткалар

құрғақ жерде

40.

Фтивазид ұнтағы, таблеткалар

жақсы тығындалған ыдыста

41.

Хинин сульфаты ұнтағы, таблеткалар

қараңғы жерде

42.

Мырыш сульфаты ұнтағы

жақсы тығындалған ыдыста

43.

Этилморфин гидрохлориді

қараңғы жерде

44.

Эмитин гидрохлориді

қараңғы жерде

Дәрілік заттарды, медициналық   
мақсаттағы бұйымдар мен       
медициналық техниканы олардың     
қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда
сақтау мен тасымалдау        
қағидаларына             
3-қосымша               

Иісі бар дәрілік заттарды сақтау

р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1

2

3

1.

Аммиак ерітіндісі

салқын жерде

2.

Валидол

салқын жерде

3.

Деготь

жақсы тығындалған ыдыста

4.

Ихтиол

жақсы тығындалған ыдыста

5.

Йодоформ

қараңғы, салқын жерде

6.

Камфора

салқын жерде

7.

Ксероформ

жарық пен ылғалдың әсерінен сақтайтын ыдыста

8.

Метилсалицилат

қараңғы жерде

9.

Ментол

салқын жерде

10.

Мүсәтірлі-анисті тамшылар

қараңғы, салқын жерде

11.

«АСД» препараты

салқын жерде

12.

Скипидар

қараңғы жерде, +15оС-ден жоғары емес

13.

Тимол

қараңғы, салқын жерде

14.

Фенол

қараңғы, салқын жерде

15.

Формалин

қараңғы жерде, +9оС-ден кем емес

16.

Эфир майлары

қараңғы, салқын жерде, +15оС-ден жоғары емес

Дәрілік заттарды, медициналық    
мақсаттағы бұйымдар мен       
медициналық техниканы олардың    
қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда
сақтау мен тасымалдау         
қағидаларына             
4-қосымша               

Бояйтын дәрілік заттарды сақтау

р/с

Дәрілік заттардың атауы

Сақтаудың қосымша шарттары

1

2

3

1.

Акрихин

құрғақ, қараңғы жерде

2.

ГауҺар көгі

оттан алыс жерде

3.

Индигокармин инъекцияға арналған

жақсы тығындалған ыдыста

4.

Калий перманганаты

құрғақ жерде

5.

Метиленді көк

құрғақ, қараңғы жерде

6.

Рибофлавин (Витамин В2)

құрғақ, қараңғы жерде

7.

Фурацилин (Нитрофурол)

құрғақ, қараңғы жерде

8.

«Фукорцин» ерітіндісі

салқын, қараңғы жерде

9.

Фуксин

қараңғы жерде

10.

Этакридин лактаты

құрғақ, қараңғы жерде

Дәрілік заттарды, медициналық    
мақсаттағы бұйымдар мен        
медициналық техниканы олардың     
қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының
сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда
сақтау мен тасымалдау       
қағидаларына            
5-қосымша             

Нысаны

Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын
есепке алу журналы

Күні

Уақыты

Температураны өлшеу аспабының (термометр)
көрсеткіші

Ылғалдылықты өлшеу аспабының (психрометр, гигрометр) көрсеткіші

Қолы

Құрғақ аспаптың көрсеткіші

Ылғалданған аспаптың көрсеткіші

Салыстырмалы ылғалдылық

1

2

3

4

5

6

7



























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады