Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 346-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов