Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1633 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысымен

        Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2014 № 793 қаулысымен (12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органдар ретінде айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ережесінде:
      13-тармақтың 95) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:
      2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауар - Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тасымалданатын мүлік, оның ішінде электр, энергияның жылу мен өзге де түрлері, сондай-ақ жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдары;»;
      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыру - тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолымен және тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органның (ұйымның) мөрімен растау;»;
      он тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге арналған уәкілетті орган (ұйым) - аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары;»;
      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) түпкі өнім үшін - сатушы зауыттың (қойманың) тауарды тиеуге, кедендік декларациялауға және экспорт елінен тауарды әкетуге арналған шығыстарды қамтымайтын бағасы («франко-зауыт» жағдайларындағы баға) бойынша жүргізіледі.»;
      2125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Тауарды кері экспорттау кезінде аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына тауардың Қазақстан Республикасына әкелінгенін растайтын қосымша құжаттар ұсынылады (тауардың шығу тегі туралы сертификаттың, кеден декларациясының және тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері).
      25. Тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан шығарған кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың бір жүк алушыдан екінші жүк алушыға бір жүк жөнелтушіден екінші жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын әрбір жөнелтілетін легіне ресімделеді.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес бланкіде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай тауарларға:
      1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтардан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
      2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.»;
      515354 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне шығарған және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасы аумағында сатқан кезде «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді және өндірушіге немесе оған уәкілетті тұлғаға беріледі.
      53. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 60-тармағында баяндалған тәртіпке сәйкес толтырылады, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының уәкілетті тұлғасы куәландырады.
      54. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары осы Ереженің талаптарына сәйкес «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланкілерін жасауды, оларды пайдалануды, сақтауды және беруді есепке алуды ұйымдастырады.
      55. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді: біріншісі түпнұсқа, екіншісі мен үшіншісі қорғалған бланкілерде орындалған көшірмелері болып табылады. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарында сақталады.
      Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары өтініш берушінің талабы бойынша қажетті мөлшерде тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қорғалмаған бланкілердегі көшірмелерін береді. Көшірмелердің алдыңғы бетінде бланкінің «Қызметтік белгілер үшін» немесе «Қосымша мәліметтер» деген бағандарында мынадай жазулар жазылады: «Көшірме дұрыс», уәкілетті тұлғаның қолы қойылған көшірменің берілген күні, аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының мөрімен расталады.»;
      57-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қолдар қойылмаса және (немесе) мөрлер басылмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады. Тауардың шығу тегі туралы сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді ішіне жазу жолымен, одан кейін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті тұлғаның қол қоюымен жүргізіледі және аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының мөрімен расталады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмелері мен олардың негізінде сертификаттар берілген құжаттар үш жыл бойы аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарында сақталады.»;
      60-тармақта:
      2) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарды арнайы экономикалық аймақ аумағынан және Қазақстан Республикасының бос қоймаларынан Қазақстан Республикасының қалған аумағына шығарған жағдайда «Тауарды алушы» деген 2-баған тек уәкілетті тұлға (делдал) болған жағдайда ғана соған ұқсас толтырылады.»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) 11-баған - «Куәлік». Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының атауын, оның мекен жайын, сертификатта көрсетілген мәліметтерді куәландыратын мөрі мен күнін, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолын, тегі мен аты-жөнін қамтиды;»;
      61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Сертификат экспортты жүзеге асыру, сондай-ақ қателік, кездейсоқ жіберіп алу, ерекше мән-жайлар немесе техникалық себептер бойынша Қазақстан Республикасында сату үшін бос қоймалардың және арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өндірілген тауарларды әкету сәтінде берілмеген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификат айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының қалған аумағына бос қоймалардан және арнайы экономикалық аймақтардан тауарларды шығарғаннан және сатқаннан кейін беріледі.
      62. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен ішкі айналым үшін береді, яғни (ретроспективті) мәліметтер тиісті құжаттарда (осы Ереженің 16 және 45-тармақтарында көзделген құжаттармен тауардың нақты тиеп-жөнелтілгенін растайды (Қазақстан Республикасы кеден органының «Шығаруға рұқсат берілген» деген белгісі бар экспорттық кеден декларациясы) қамтылған мәліметтерге сәйкес келген, өтініш берушінің өтінішінде қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін ғана, сондай-ақ мәліметтерге сәйкес келген және тауардың шығу тегі туралы сертификат осы тауар экспортқа шығарылған немесе бос қоймадан және арнайы экономикалық аймақтан Қазақстан Республикасының қалған аумағына өткізілген кезде берілмеген жағдайда береді.
      Кейіннен (ретроспективтік) берілетін тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде ресімделеді.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Тауардың шығу тегі туралы сертификат күшін жойған немесе бүлінген жағдайда өтініш беруші тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына сертификат телнұсқасын беру туралы жазбаша нысандағы өтінішпен жүгінеді. Берілген телнұсқаны тіркеу нөмірі түпнұсқаның тіркеу нөміріне сәйкес болады. «СТ-КZ» нысанындағы сертификаттың 4-бағанында «Телнұсқа» («Dublіcate») деген жазу жазылады және түпнұсқаның тіркеу нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 12-бағанында телнұсқа берілген күн көрсетіледі.»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы мынадай:
      1) тауардың шығу тегі туралы тиісті түрде ресімделмеген сараптама актісі ұсынылған және (немесе);
      2) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар берілмеген;
      3) осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар берілмеген жағдайларда бас тарту себептерін негіздей отырып, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тартады.».
      көрсетілген Ережеге 8-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысына 
қосымша      

Тауар шығарылған елді анықтау,
тауардың шығу тегі туралы сараптама
актісін жасау және беру әрі тауардың
шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру
жөніндегі ережеге     
8-қосымша         

Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы
сертификатты алуға өтінім үлгісінің нысаны

Облысы/ республикалық маңызы бар
__________ қаласы бойынша сауда
өнеркәсіп палатасының басшысына
________________________________
________________________________
(аты-жөні)        

№ өтінім
20 __ ж. «__» ________

_____________________________________________________________________
           (тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)
      20 __ жылғы «__» _____________ берген тауардың шығу тегі туралы
№ _______ сараптама актісінің негізінде ____________ тілінде тауардың
шығу тегі туралы сертификат беруді сұраймыз:
      1. Тауарды өндіруші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы _________
      2. Тауарды алушы, оның мекен жайы, елі
      3. Тауардың атауы
      4. Брутто/нетто салмағы, кг
      5. Тауар орнының саны және қаптама түрі
      6. Тауардың теңгедегі құны
      7. Өтініш берушінің СТН
      8. Басшының аты-жөні, телефоны
      Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес жауапты боламыз.

      Мөрдің орны                                      Басшының қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады