"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1728 Қаулысы

2011 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды

      Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың мақсаты оны «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 Заңына сәйкес келтіру болып табылады.
      Аталған қаулы министрліктің негізгі міндеттерін нақтылауды және бекітуді көздейді.
      Жоғарыда көрсетілген қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді, іске асыру бюджет қаражатын жұмсау қажеттігіне әкелмейді.

      Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз