"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 97 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1745 Қаулысы

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 97 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 214-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1745 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 97 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң
(Монополияға қарсы агенттiк) 2011 – 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары

1. Миссиясы мен пайымдауы

      Миссиясы. Бәсекелестiктi қорғау, монополистiк қызметтi шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру.
      Пайымдауы. Адал бәсекелестiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыруға бағытталған бәсекелестiктi қорғаудың тиiмдi жүйесi.

2. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтiң тиiстi саласының
(аясының) даму үрдiсi

      Ағымдағы жағдайды талдау
      Сау бәсекелестік орта тиімді экономикалық жүйені қалыптастырудың міндетті жағдайы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Конституциясында әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы көзделген. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi, әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында (бұдан әрі – Стратегия) экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың нарықтық тетiктерi ретiнде бәсекелестiк нарықтарды және монополияға қарсы реттеудiң сенiмдi құралдарын құру айқындалған.
      1-стратегиялық бағыт: Бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу.
      Мемлекет басшысының және Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Агенттіктің негізгі қызметі есепті кезеңде бәсекелестікті қорғауға, нарық субъектілерінің және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталды. Көрсетілген құбылысқа қарсы әрекет ету инфляциялық процестерді тежеу үшін және ел экономикасының ілгері дамуына айрықша маңызды мәні бар. Осыған байланысты Агенттік азық-түлік нарығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жанар-жағар май материалдары және т.б. сияқты әлеуметтік маңызды нарықтарға баса назар аударды.
      Агенттік Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - ҮИИДМБ) іске асыру шеңберінде бәсекелестікті дамыту деңгейін айқындау, тосқауылдарды жою шараларын өңдеу және бәсекелестік қатынастарды дамыту мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізеді.
      Ағымдағы жылғы 10 айда Агенттік 29 тауар нарығына талдау жүргізді, олардың нәтижесі бойынша Агенттік құзыретті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберді, сондай-ақ жеке тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы есеп беріледі. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде 2011 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша 715 субъекті тұр. Агенттік ағымдағы жылы экономикалық шоғырлануға 240 өтінішхат қаралды, олардың 86 келісілді.
      ҮИИДМБ шеңберінде Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды, ол 5 жылдық кезеңге бәсекелестік саясаттың басымдықтары мен негізгі бағытын айқындайды және 10-нан астам экономиканың салаларын қамтиды.
      Агенттіктің бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым басым нарық субъектілерінің және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесу бойынша қабылдаған шараларына қарамастан, тауар нарықтары ішінара немесе толық монополияландырылған болып табылады.
      Айталық, монополияға қарсы орган жүргізіп жатқан электр энергетикасы нарығындағы бәсекелестіктің деңгейін талдау аталған нарықтың бәсеке аз дамыған, жоғары шоғырланған нарық болып қалатынын көрсетті, нарықтағы олардың нарықтық үлесін жыл сайын күшейте отырып, компанияның бірнеше топтарымен олигополияланғаны байқалады. Бұрынғысындай аталған нарықта өңірлік электр желілері компаниялары құрған кепілдік беретін өнім берушілер үстемдік етуде.
      Бұл ретте кейбір өңірлерде мұндай компаниялардың жағдайының күшеюі байқалуда, ұсақ әкімшілік аудандарды электрмен жабдықтаумен айналысқан көптеген шағын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар нарықтан кетуге мәжбүр. Аталған мән-жай 2009 жылдың басынан бастап жабдықтаушы ұйымдар арасында электр энергиясын қайта сату практикасына тыйым салатын электр энергетикасы туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге негізделген.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы қызмет ету шарттарының бірі кемiнде 1 МВт орташа тәулiктiк (базалық) қуат көлемiнде электр энергиясын көтерме сауда нарығынан жеткiзу/тұтыну жөнiндегi талаптарды орындау болып табылады (Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң 2004 жылғы 27 тамыздағы № 197 бұйрығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс iстеу ережесi). Нәтижесінде шағын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар көлемінің шағындығына байланысты көтерме сауда нарығында өз қызметтерін жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ. Бұрын мұндай ұйымдар үшін электр энергиясын жеткізушілер электр энергиясын көтерме сауда нарығында сатып алатын делдал ұйымдар еді. Осылайша, делдал ұйымдарды заңды түрде алып тастаудың нәтижесінде энергиямен жабдықтаушы шағын ұйымдар энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу мүмкіндігінен айырылды.
      Нәтижесінде, жүргізілген реформалар нәтижесінде құрылған мұндай энергиямен жабдықтаушы ұйымдар босатқан бос тауашаларды өз уақытында өңірлік электр желілері компаниялары құрған кепілдік беруші өнім берушілер иеленеді. Осыған байланысты, кемiнде 1 МВт орташа тәулiктiк (базалық) қуат көлемiнде электр энергиясын көтерме сауда нарығынан жеткiзетін/тұтынатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың көтерме сауда нарығына қолжетімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін қарау қажет.
      Шетелде электр энергиясын реформалаудың басты бағыты электр энергиясын өндіру саласындағы бәсекелестікті енгізу деп есептеу қажет, ол 90-жылдардың басында электр энергетикасы саласы бөлінбейтін табиғи монополия болудан қалғандығын тануға мүмкіндік берді.
      Бүгінгі күні электр энергетикасын қайта құрылымдауды жүзеге асыратын және аяқтап қалған елдерді бәсекелестік нарыққа жақындығы дәрежесі бойынша бірнеше топқа біріктіруге болады. Айталық, мысалы, Еуропада электр энергиясы нарығында бәсекелестікті құруда барынша алға жылжығандар Ұлыбритания, Финляндия, Германия, Норвегия, Швеция, Испания. Австрия, Нидерланды, Бельгия, Дания, Италия, Португалия, Франция, Швейцария жаңғыру үдерісінде. Латын Америкасында бәсекелестік нарықты қалыптастыруда барынша прогреске Чилиде, Аргентинада және Бразилияда қол жеткізілді. Австралияның электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік Виктория штатында кеңінен таралды, мұнда ұлттық электрді тұтыну 23%-ға келеді. Қытайда 1988 жылы қабылданған электр энергиясын жаңғыртудың ұзақ мерзімді бағдарламасы оны кезең-кезеңмен реформалауды және 2010 жылдан кейін бәсекелестікті енгізе отырып, салада инвестициялардың өсімін болжайды.
      Темір жол саласындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) бұрынғыдай холдингтік құрылым болып қалғанын көрсетті, оның құрамына тасымалдау процесінің негізгі құрауыштары кіреді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның компаниялар тобының монополиялық үлесi темiр жол тасымалдары нарығында, оның iшiнде темiр жол тасымалдары нарығымен аралас әлеуеттi бәсекелес нарықтарда сақталып отыр.
      Сонымен бірге, жылжымалы құрамның жекелеген түрлерін (мұнай құятын вагон - цистерналар, жартылай вагондар) сатып алуға салынатын жеке меншік инвестицияларды ұлғайту, сондай-ақ жылжымалы құрамды жинақтау бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру жөніндегі үрдіс байқалды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның деректері бойынша 2010 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жалпы вагондар саны 94 868 бірлік жүк вагондарының иелері - 160 компания тіркелген. Бұл ретте вагондардың жалпы паркінің жартысынан көбі жылжымалы жүк құрамын жалға беру нарығында үстем жағдайға ие «Қазтеміртранс» АҚ-ға тиесілі.
      Сонымен бірге, республика аумағында жалға алынған 12 772 вагон жолда жүреді, оның ішінде – 11 585 вагон Ресей Федерациясының заңды тұлғаларына тиесілі. Қазақстан Республикасында тасымалдауды жүзеге асыратындардың жалпы санынан «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының үлесі шетелдіктерді есепке алғанда 50 %-дан асады. Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның деректеріне сәйкес вагондардың тиесілігі бойынша жүктерді тиеудің негізгі үлесін (50,4%) «Қазтеміртранс» АҚ (54391) және «Қазтранссервис» АҚ (8316) жылжымалы құрамынан тұратын Қазақстанның түгендеу паркі қамтамасыз етеді.
      Осыған байланысты магистралдық темір жол желісіне және инфрақұрылымның басқа да объектілеріне кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, ұлттық тасымалдаушы өткізетін локомотивтік тартқыш қызметтерін сатып алуда лоттарды бөлу бойынша шаралар қабылдау, яғни оларды бірыңғай лот бойынша емес, белгілі бір учаскелер бойынша ойнату, пайдаланушылардың (тасымалдаушылар, билеттерді сату жөніндегі агенттіктер) (ЭКСПРЕСС АБЖ) жолаушылар тасымалдарын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, әділ тариф белгілеу мақсатында жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың ашық саясатын қамтамасыз ету, темір жол тасымалдарын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру арқылы жеке меншік темір жол тасымалдары нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау қажет.
      Шетелдерде темір жол көлігін реформалау тәжірибесі темір жолдарда бірқатар оң өзгерістердің болғанын көрсетті, атап айтқанда тасымалдау көлемі жалпы артты, саланың мемлекеттік субсидиялары қысқарды, көрсетілетін қызметтер сапасы артты, жолаушылар және жүк айналым көрсеткіштері ұлғайды.
      LIB индексіне сәйкес мемлекет темір жолдарды ырықтандырудағы прогрес деңгейіне сәйкес үш топқа жіктелген. Бірінші топқа Ұлыбритания, Швеция, Германия, Нидерланды, Дания, Италия, Швейцария, Португалия кірді, яғни көлік қызметтерінің либералдық нарығын дамытудың тұжырымдамасын іске асыру саласында елеулі нәтижелерге жеткендер. Осымен қатар, бірінші топтағы елдерде темір жол көлігі саласындағы мақсатты саясат та ойдағыдай жүргізілуде.
      Екінші топқа Норвегия, Австрия, Польша, Чехия, Финляндия, Латвия, Люксембург, Словакия, Бельгия, Венгрия, Словения, Франция кіреді, бұл елдерде темір жол тасымалдау нарығына шығу елеулі қиындықтармен жымдасқан және соның салдарынан бәсекелестік жоқ десе де болады.
      Эстония, Литва, Греция, Ирландия және Испания сияқты үшінші топтағы елдерде ырықтандыру процесі пайда болу жағдайында тұр, оларда темір жолдың мемлекеттік инфрақұрылымына қолжетімділіктің нақты белгілі бір жүйесі жоқ.
      Нарықтық экономикасы дамыған елдерде көлік шаруашылығының басқа салаларына қарағанда, үкімет, жергілікті органдар, сондай-ақ кәсіпкерлік бірлестіктердің тарапынан басқаруға, бақылауға және реттеуге бейім.
      Телекоммуникация нарығы бәсеке дамымаған, жоғары шоғырландырылған болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ үстем жағдайға ие, ол Қазақстанда телекоммуникация нарығының жетекші ойыншысы болып табылады. Монополиялық жағдай және ірі субъектінің «мінез-құлқы», тұтастай алғанда адал бәсекелестік қарым-қатынастарды белгілеуге теріс әсер етеді. Балама байланыс операторларының дамуы «Қазақтелеком» АҚ қоятын қосу шарттарына толық тәуелді болады.
      Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы шоғырлану деңгейі жоғары олигополияландырылған болып табылады, онда 4 ұялы оператор жұмыс істейді, олардың екеуі өз арасында «Қазақтелеком» АҚ арқылы аффилиирленген болып табылады. Бұл ретте, ұялы байланыс нарығының 80 %-дан астамын екі ірі оператор - «Кар-Тел» ЖШС және «Қазақтелеком» ААҚ «GSM Қазақстан» ЖШС бөледі. Қазіргі уақытта үш ұялы компания Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) ұялы байланыс қызметі бойынша тұр.
      Қазақстанның, Еуропа мен ТМД елдері нарықтарының байланыс қызметтеріне тарифтердің деңгейін салыстырмалы талдауы отандық телекоммуникация нарығы жоғары шоғырланған болып табылатынын және байланыс нарығының субъектілері бәсекелес ортада жұмыс істемейтінін көрсетті. Байланыс қызметтерін көрсететін субъектілердің аффилиирленуі салдарынан нарықтың шектен тыс экономикалық шоғырлануы, телекоммуникация инфрақұрылымына тең қол жетімділіктің болмауы (байланыс операторлары телекоммуникация желілеріне қосылу проблемалары), әмбебап қызмет көрсетудің реттелмеген жүйесі, еркін радиожиілік ресурсының жоқтығы, үстем байланыс операторларының бәсекелестікке қарсы іс-әрекеті, басым байланыс операторларының трафикті өткізуге жоғары тарифтері сияқты жаңа компаниялардың нарыққа «кіру» кедергілері анықталды.
      Интернет желісіне кіру қызметтері нарығы сондай-ақ дәстүрлі байланыс операторларының инфрақұрылымы аз дәрежеде пайдаланылатын сегменттерде орташа шоғырланғанға өту үрдісімен жоғары шоғырланған болып табылады, онда дәстүрлі операторлардың инфрақұрылымы аз дәрежеде пайдаланылады.
      Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторларының үшінші ұрпақ желілерін (3G) құруына байланысты, сондай-ақ нарықта WiMax 4G технологиясы бойынша Интернетке сымсыз қол жеткізуді ұсынатын жаңа ойыншылардың пайда болуына байланысты аталған нарықта бәсекелестікті дамыту күтілуде. Көтерме саудада да, бөлшек сауда нарығында да деректер беруде үстем жағдайды «Қазақтелеком» АҚ-ы иеленеді, бұл оның магистральдық ресурстардың көп бөлігін иеленуіне байланысты. «Қазақтелеком» АҚ-ы аталған нарыққа елеулі әсер етеді, байланыстың баламалы операторларын дамыту олар қоятын қосылу шарттарына байланысты.
      Талдау барысында Интернет-қызмет нарығын дамытуға әсер ететін бірқатар проблемалық мәселелер анықталды. Олардың ішінде тұтынушыларға қол жетімділіктің инфрақұрылымына ие байланыс операторлары үстемдігінің жоғары дәрежесі, Интернет қызметінің бөлшек сауда провайдерлері үшін жоғары көтерме тарифтері, Интернет желісіне қолжетімділік нарығы ауылдық жерлерде бұрынғыдай жоғары күрделі шығынға және халықтың төлем қабілеттілігінің төмен дәрежесіне т.б. байланысты сымсыз технология байланыс операторлары үшін тартымсыз күйінде қалып отыр.
      Бұдан басқа, ашық әрі кемсітусіз оператораралық қосуды, телекоммуникациялар инфрақұрылымына тең ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша, технологиялар бойынша (ADSL, Wi-Fi, Wi-Max, 3G, 4G) жоғары жылдамдықты қолжетімділікті дамыту, деректерді беру қызметтерін көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды қабылдау, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес баға белгілеу тәртібіне сай басым оператордың бағасына сараптама жүргізу қажет.
      Экономика секторларында бәсекелестікті дамытуға кері әсер ететін фактор сондай-ақ мемлекеттің бәсекелес нарықтарға орынсыз қатысуы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік органдардың қолдауын алады, оларға бәсекелестік күресте қосмыша артықшылық тудырады. Ведомстволық бағынысты кәсіпорындардан тауарларды, қызметтерді бір көзден мемлекеттік органдардың сатып алу мүмкіндігін көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының нормалары «жасырын» монополияны құрды (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша 2009 жылы республикалық мемлекеттік органдарға бөлінген соманың 97%-ына дейін олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына келді). Мемлекеттік кәсіпорындарды ұстауға мемлекет жұмсаған сома бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінен түсетін дивидендтер сомасынан бірнеше есе асып түседі.
      Агенттік нарықтарда мемлекеттің қатысу үлесін төмендету, жеке секторға бейінді емес активтерді беру бойынша іс-шаралар жүргізеді. 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Агенттік акцияларының (үлестерінің) 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құруға және олардың одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беру туралы 682 өтінішхат қарады. Бұл ретте, одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тартылғаны – 92, құруға келісім беруден бас тартылғаны – 20. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77 және 78-баптарын іске асыру аясында Агенттік акцияларының (үлестерінің, пайларының) 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың өтінішхаттарын қарау бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.
      Сондай-ақ Монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру аясында бәсекелестікті шектейтін нормаларды анықтау тұрғысында нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижесі бойынша Үкіметке және құзыретті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар жіберіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі саланы монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту мәселелеріне тұрақты назар аударады. Қалыптасқан жағдайды өзгерту ұзақ әрі еңбек етуді қажет етеді, оған бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу ғана емес, сонымен бірге заңнамалық және институционалдық базаны дамыту, монополиясыздандыру жөніндегі салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру кіреді.
      Монополиялану деңгейі жоғары нарықтарды қалыптастыру себептері мен шарттарын анықтау монополияға қарсы органнан жекелеген нарықтардың негізгі қатысушыларын, тауар нарығына «кірудің» бар тосқауылдарын айқындау, мұндай нарық қатысушыларының мінез-құлқын монополияға қарсы заңнамаға сәйкестік тұрғысынан бағалау бойынша терең талдау жүргізу жұмыстарын талап етеді.
      Осыған байланысты стратегиялық бағыт болып бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу болып айқындалды.
      2-стратегиялық бағыт: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және бәсекелестікті адвокаттандыру.
      Бұрынғысынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар санының өте көп болуы сақталып отыр, бұл қазақстандық экономиканың әртараптану дәрежесіне, экономикалық өсімнің қарқыны мен теңгерімділігіне теріс ықпал етеді, нарыққа кіруді шектеуге, нарықтан экономикалық белсенді кәсіпорындарды ығыстырып шығаруға, өнім шығаруды шектеуге және осының салдарынан тауар бағасының өсуіне әкеп соғады. 2009 жылы Агенттік жүргізілген 91 тергеудің нәтижесі бойынша бұзушылықтарды анықтады, 2010 жылы анықталған бұзушылықтармен жүргізілген тергеулердің саны 114-ке дейін артты, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 20%-ды құрайды. Агенттік 2011 жылғы 10 ай ішінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактілері бойынша 173 нарық субъектісі мен 15 мемлекеттік органға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына 99 тергеуді аяқтады. 24 жағдайда нарық субъектілері өзінің үстем және монополиялық жағдайын теріс пайдалану, 31 – жосықсыз бәсекелестік жүргізу, 13 – нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, 5 – бәсекелестікке қарсы келісімдер, 14 – мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері, 2 –сауда қызметін реттеу туралы Заңның нормаларын бұзу фактілері белгіленді.
      Бұл ретте көрсетілген тергеулердің көпшілігі нарық субъектілерінен (заңды тұлғалардан) келіп түскен өтініштер шеңберінде, сондай-ақ Агенттік өз қызметін жүзеге асыру кезінде субъектілердің іс-әрекеттерінде тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті шектейтін және осының салдарынан тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың белгілерін табу фактілері бойынша жүргізілді.
      Тұтынушылардан келіп түскен шағымдар (олардың негізінде Агенттік монополияға қарсы тергеулер жүргізеді) әдетте тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, сақтандыру қызметтері, жинақтаушы зейнетақы қорларының және т.б. қызметтерін көрсеткен кезде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын, оның ішінде көрінеу жалған, жосықсыз жарнама ұсынудан көрінген жосықсыз бәсекелестік фактілерімен байланысты болады.
      2011 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері 2011 жылы (72 – азаматтық іс бойынша, 65 - әкімшілік іс бойынша) актілер бойынша 137 сот талқылауына қатысты, олардың ішінде 68 жағдайда соттар мәні бойынша шешім қабылдады. 2011 жылғы қаңтар мен қазан аралығы кезеңінде Агенттік Басқармасы отырыстарының нәтижесі бойынша 141 әкімшілік өндіріс қозғау туралы шешім қабылдады, оның ішінде 46 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылғы 10 айда монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша Агенттік 16 нұсқама шығарды, мононполияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін бюджетке 261 млн. теңге түсті.
      Практика көрсеткендей, заңнамада көзделген мінез-құлық ережесіне қатысты кәсіпкерлерді хабардар ету төмендігі монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық санын арттыру салдары болып табылады.
      Көрсетілген проблемаларды шешуде мына міндеттерді орындау талап етіледі.
      Ақпараттық талаптар құру, яғни бәсекелестікті адвокаттандыру, оның шеңберінде монополияға қарсы орган кәсіпкерлерге шын мәнінде тұтынушы үшін бәсекелестік күрес бағаны төмендету және тауарлар сапасын жақсарту жолымен жүзеге асырылуы тиіс екендігін түсіндіре отырып, қолданыстағы заңнаманы белсенді насихаттайды.
      Жосықсыз нарық субъектілерін анықтай және жазалай отырып бәсекелестікті адвокаттандыру мыналарға:
      1) монополияға қарсы органның бәсекелестiк шарттарымен (қолдау немесе құру) тiкелей байланысты мәселелер туындайтын басқа да мемлекеттiк органдардың қызметi салаларындағы өзара iс-қимылына;
      2) барлық мүдделi тұлғалардың (саяси шешiмдер қабылдайтын адамдарды, кәсiпкерлердi, тұтынушыларды қоса алғанда) экономикалық тиiмдiлiк және экономикалық даму тұрғысынан бәсекелестiктiң мәнiн жақсы түсiнуiн қамтамасыз етуге;
      3) мемлекеттiң бәсекелестiк саясаты саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерге қызығушылықты арттыруға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
      Агенттік тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган болып айқындалды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттіктер берілді. «Тұтынушылардың құқығын қорғау» Қазақстан Республикасының Заңы өзге де мемлекеттік органдардың өз құзыретінің шегінде тиісті құқық салаларында тұтынушылардың құқығын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.
      Осыған байланысты, ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша жұмыстарды күшейту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жандандыру талап етіледі.
      Қолданыстағы проблемалар екінші стратегиялық бағытты жосықсыз бәсекелестікті қорғау деп айқындауды негіздеді.
      Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
      Бәсекелестіктің дамуын тежейтін негізгі ішкі факторлар сол немесе өзге де саладағы қатынастарды реттейтін жетілген нормативтік құқықтық базаның болмауы, оның ішінде қалыптасқан мемлекеттік реттеудің себебінен жаңа инвесторлардың келуіне жағдай жасалмауы болып табылады.
      Әсер етудiң негiзгi сыртқы факторлар тобына әлемдік экономиканы жаһандандыру, ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, бірыңғай экономикалық кеңістік аясында интеграциялық үрдістерді дамыту жатады. Бұл үрдістердің бәрі трансұлттық бiрiгулер санының артуымен және трансшекаралық монополистiк қызметтi кеңейтумен сүйемелденеді.
      Қазiргi уақытта халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажет, бұл жетекші елдердің тәжірибесін ескере отырып, ел ішінде қайта құруларды табысты өткізуге және әлемдік қауымдастыққа тиімді кірігу қажеттілігіне негізделеді.
      Осыған байланысты, монополияға қарсы органның әлемнiң бәсекелестiк ведомстволарын бiрiктiретiн Халықаралық бәсеке желiсiнiң қызметiне қатысуын жандандыру, Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекетаралық кеңес шеңберiнде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен ынтымақтастықты дамыту, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кеден одағы шеңберiнде бәсекелестiк қатынастарды реттеу жүйесiн құру, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағы шеңберiнде бәсекелестiк қарым-қатынастарды реттеу жүйесiн құру, сондай-ақ халықаралық ұйымдар - донорлармен (Дүниежүзiлiк Банк, Еуропалық Одақ, Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму жөнiндегi агенттiгi, Еуропа Қайта құру және Даму Банкi және басқ.) өзара iс-қимылды күшейту қажет.

3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты
индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

      Стратегиялық бағыттар:
      1) Бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
      2) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және бәсекелестікті адвокаттандыру.
      Мақсаты:
      1) Бәсекелестікті қорғау арқылы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің деңгейін арттыру;
      2) Нарық субъектілерінің және тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету.
      Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары 001, 002

1-стратегиялық бағыт. Бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу

1.1-мақсат: Бәсекелестікті қорғау арқылы тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту

деңгейін арттыру

Мақсатты индикатор

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009

ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде «нарық үстемдігінің дәрежесі» қосалқы индексі бойынша Қазақстанның ұстанымы

ДЭФ жариялайтын есеп

орын
 
 
 
 
 
 
 
 
 

87

91

93

90

85

80

75

Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингiсінде «қаржы қызметінің қолжетімділігі» қосалқы индексi бойынша Қазақстанның ұстанымы

ДЭФ жариялайтын есеп

орын

-

102

103

100

98

97

96

Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингiсінде «жергілікті бәсекенің қарқындылығы» қосалқы индексi бойынша Қазақстанның ұстанымы

ДЭФ жариялайтын есеп

орын


109

108

115

113

111

109

Экономикалық шоғырлануға өтінішхаттарды қарау бойынша көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттанған жеке және заңды тұлғалардың үлесі

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бағалау әдістемесіне №16 қосымша,
Есеп (мемлекеттік қызметті алуда қанағаттанбағанын көрсеткен мемлекеттік қызметті көрсету карточкасы санының қанағаттанғандардың жалпы санына пайыздық қатынасы)

%

-

-

80

85

90

95

100

Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері фактілері бойынша шығарылған нұсқамаларды орындау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды және нарық субъектілерінің монополияға қарсы заңнаманы бұзуын тоқтату және олардың салдарын жою

Агенттіктің есебі Есептеу (Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы орындалған нұсқамалар санының шығарылған нұсқамалардың жалпы санына қатынасы)

%

-

-

70

73

76

79

82

1.1-міндет. Бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 г.

2010 г.

2011 г.

2012 г.

2013 г.

2014 г.

2015 г.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында монополиялану деңгейі

Статистикалық деректер, Агенттіктің есебі Есептеу (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санына Тізілімге енгізілген субъектілер мен табиғи монополиялар субъектілері санының жиынтық қатынасы)

%
 
 
 

-

0,96

0,95

0,93

0,91

0,87

0,83

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн қысқарту

«Табиғи монополиялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң (тауарларының және жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Бірл.

-

-

1

1

1

1

1

Монополияға қарсы органның одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тартуын алған және мемлекет кемінде 50% мемлекеттік мүлкін жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату жолымен бәсекелес ортаға беруге жататын мемлекеттік кәсіпорындарды және акцияларының (үлестерінің) 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың үлесі

Агенттіктің есебі Есептеу (Одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тарту алған (жекешелендіруге жататын) мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалар санының жалпы санға қатынасы)

%

-

-

3

0,3

0,2

0,1

0,05

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

Тауар нарықтарына талдаулар жүргізу және құзыретті мемлекеттік органдарға бәсекелестікті дамытудағы тосқауылдарды жою бойынша ұсыныстар жіберу

X

X

X

X

X

Монополияға қарсы органның қызметкерлеріне монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу бойынша курстар мен тағылымдамалар өткізу

Х

Х

Х

Х

Х

Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) 50 %-дан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың өтінішхаттарын қарау

X

X

X

X

X

1.2-міндет Монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету арқылы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қолдау және жасау

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері


Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қарауға қабылданған қолдаухаттардың жалпы санынан экономикалық шоғырлануға қаралған өтінішхаттардың үлесі

Агенттіктің есебі Есептеу (экономикалық шоғырлануға қаралған қолдаухаттар санының қарауға қабылданған қолдаухаттардың жалпы санына қатынасы)

%

-

-

100

100

100

100

100

Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша бәсекелестікті шектейтін нормалары бар анықталған нормативтік құқықтық актілердің саны

Агенттіктің есебі

Бірл.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

-

-

3

2

-

-

-

Аяқталған тергеулердің жалпы санынан анықталған бұзушылықтармен тергеулердің үлес салмағы

Агенттіктің есебі

%

89,2

81

83

85

87

89

90

Шешім шығарылған істердің жалпы санынан сот сатыларында жеңген істердің үлес салмағы

Агенттіктің есебі

%

62,9

65

67

69

71

73

75

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

1. Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарға тергеу жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

2. Агенттіктің сот талқылауларына қатысуы

Х

Х

-

-

-

3. Монополияға қарсы органның қызметкерлеріне монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу бойынша курстар мен тағылымдамалар өткізу

Х

Х

Х

Х

Х

4. Экономикалық шоғырлануға өтінішхаттарды қарау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету

Х

Х

Х

Х

Х

5. Мемлекеттік қызметтің стандартын және регламентін әзірлеу

Х

-

-

-

-

6. Бәсекелестікті шектейтін нормаларды анықтау және жою тұрғысынан нормативтік құқықтық базаға мониторинг жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

2-стратегиялық бағыт.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және бәсекелестікті адвокаттандыру

2-мақсат. Нарық субъектілерінің және тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету

Мақсатты индикатор

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде «мемлекеттік орган қабылдайтын шешімдердің ашықтығы» қосалқы индексін бойынша Қазақстанның ұстанымы

ДЭФ жариялайтын есеп

орын

-

75

53

50

47

44

43

Жүргізілген тергеулердің аясында тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі олардың қанағаттанған өтініштерінің үлесі

Агенттіктің есебі Есептеу (Шығарылған ден қою актілері санының аяқталған тергеулердің жалпы санына қатынасы)

%

-

-

80

85

87

90

93











2.1-міндет. Монополияға қарсы орган қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету және адал бәсекелестікті насихаттау

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері


Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау) бойынша Агенттік жүргізген іс-шаралармен қамтылған заңды тұлғалардың (бизнес ортаның, мемлекеттік органдардың өкілдері) үлес салмағы

Қоғамдық іс-шараларға қатысатын кәсіпорындар санының белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санына қатынасы

%

-

3

4

5

6

7

8

Адал бәсекелестіктің артықшылықтарын және Агенттіктің негізгі қызметтері бойынша жұмыс нәтижелерін хабарлауға бағытталған радио, теледидардағы сөз сөйлеулердің, БАҚ-тағы жарияланымдардың саны

Агенттiктiң есебi

Бірл.

96

485

490

500

505

510

515

Агенттіктің сайтын пайдаланушы кірушілердің саны

Агенттік сайтының есептеуіші

бірлік

235596

100

000

140 000

160 000

180 000

200 000

250 000

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1. Агенттіктің сайтын толықтыру.

Х

Х

Х

Х

Х

2. Адал бәсекелестіктің артықшылықтары және негізгі қызмет бойынша жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық материалдар әзірлеу

Х

Х

Х

Х

Х

3. «Бәсекелестік саясат мәселелерін сапалы көрсеткені үшін» номинациясы бойынша БАҚ арасында конкурс өткізу

Х

Х

Х

Х

Х

2.2-міндет. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері


Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

есептi кезең

жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Тағайындалған жалпы саннан тергеу жүргізу туралы шешім қабылданған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Агенттіктің монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтары туралы алдын ала қаралған мәліметтердің үлес салмағы

Агенттіктің есебі Есептеу (тағайындалған жалпы санға тергеу жүргізу туралы шешім қабылданған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Агенттіктің монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтары туралы алдын ала қаралған мәліметтерінің саны)

%

-

-

60

62

64

66

68

Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан Агенттік қараған тұтынушылардың өтініштерінің үлес салмағы

Агенттіктің есебі

%

-

-

100

100

100

100

100

Монополияға қарсы органмен өзара іс-әрекеті қамтылған тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қауымдастықтардың (одақтардың) үлес салмағы

Агенттіктің есебі (Есептеу) (Жұмыс істеп тұрған тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қауымдастықтардың (одақтардың) жалпы санынан Агенттіктің іс-шараларына жұмылдырылған тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қауымдастықтардың (одақтардың) саны)

%

-

-

-

80

85

90

95

1. Мемлекеттік органдарға тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

2. Қызметтер мен тауарлардың түрлі салаларында тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету және олардың құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ халық өмірінің сапасын жақсарту

Х

Х

Х

Х

Х

3. Қоғамдық бірлестіктермен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қауымдастықтармен (одақтармен) қоғамдық іс-шараларды өткізу

Х

Х

Х

Х

Х

3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен
мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттың атауы

   Стратегиялық бағыттар:
   1. Бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу.
   2. Тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін жетілдіру және бәсекелестікті адвокаттандыру.
   Мақсаты:
   1) Бәсекелестікті қорғау арқылы тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту деңгейін арттыру;
   2) Нарық субъектілерінің және тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету
 

«Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы» Парламент палатасының 2006 жылғы 18 қаңтардағы бiрлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзi

«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы 

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

Стратегиялық бағыттың атауы, мемлекеттiк органның мақсаттары мен мiндеттерi

Стратегиялық бағытты, мемлекеттiк органның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

Iске асыру кезеңi

1

2

3

1-стратегиялық бағыты.
Бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу
1-міндет. Бәсекелестікті қорғау арқылы тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту деңгейін арттыру;
1.1-міндет. Бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру;
1.2-міндет. Монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету арқылы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайды қолдау және жасау

1. Қызметкерлердi бiлiктiлiктi арттыру, оның iшiнде қайта даярлау курстарында оқыту.
2. Тағылымдамалар өткiзу, халықаралық ұйымдардың оқу бағдарламаларын енгiзу.
3. Тиiстi бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпараттық қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шараларды түсiндiру.
4. Қызметкерлердi мемлекеттiк тiлге оқыту жөнiндегi iс-шараларды өткiзу.
5. Басшы лауазымдардағы әйелдердiң өкiлдiгiн кемінде 30 %-ға қамтамасыз ету.
6. Агенттіктің ұлттық құрамында байырғы емес халықтардың өкілдігін қамтамасыз ету.
7. Ақпараттық жүйелерде ІТ-аутсорсингін енгізу.
8. Агенттік қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды енгізу.
 
 


2011 – 2015 жылдар

2-стратегиялық бағыт.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру және бәсекелестікті адвокаттандыру
2-мақсат. Нарық субъектілерінің және тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету
2.1-міндет. Монополияға қарсы орган қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету және адал бәсекелестікті насихаттау
2.2-міндет. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл.

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

Оларға қол жеткiзу үшiн ведомствоаралық өзара iс-қимыл талап етiлетiн мiндеттердiң көрсеткiштерi

Онымен ведомствоаралық өзара iс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттiк орган

Ведомствоаралық өзара iс-қимыл белгiлеу үшiн мемлекеттiк орган жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт.
Бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу

1-мақсат. Бәсекелестікті дамыту арқылы тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытудың деңгейін арттыру

1.1-міндет. Бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қысқарту

ТМРА, АБМ

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу

Монополияға қарсы органның одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тартуын алған және мемлекет кемінде 50% мемлекеттік мүлкін жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату жолымен бәсекелес ортаға беруге жататын мемлекеттік кәсіпорындарды және акцияларының (үлестерінің) 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың үлесі

Орталық мемлекеттік органдар
 

Облыстар және Алматы, Астана қалаларының әкімдіктері

Мемлекеттік кәсіпорындарды және акцияларының (үлестерінің) 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беруге қатысты Агенттік қабылдаған шешімдерді іске асыру

1.2-міндет. Монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету арқылы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайды қолдау және жасау

Жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша бәсекелестікті шектейтін нормаларды қамтитын анықталған заңнамалық актілердің саны

Орталық мемлекеттік органдар

Агенттік жүргізген түгендеу нәтижелері бойынша бәсекелестікті шектейтін нормаларды жою

6. Қатерлерді басқару

Ықтимал қатердiң атауы

Қатерлердi басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар

Қатерлердi басқару жөнiндегi iс-шаралар

Сыртқы қатерлер

Әлемдiк нарықтардағы ахуалдың өзгеруi

Бәсеке дамымаған нарықтар санының артуы

Монополияға қарсы бақылауды және ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту

Iшкi қатерлер

Бәсекелестiктi дамыту бойынша жергiлiктi атқарушы және орталық мемлекеттiк органдардың жеткiлiксiз жұмысы

Қойылған мақсатқа қол жеткiзiлмеуi

Ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту

Азық-түлік тауарларын өндіру көлемдерін, ішкі нарықтарға жеткізу көлемдерін азайту

Азық-түлік нарықтарында бағаның өсуі


Монополияға қарсы бақылауды және ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санын азайту


Тауар нарықтарында монополияландыру деңгейінің ұлғаюы

Ведомствоаралық өзара iс-қимылды күшейту

7. Бюджеттiк бағдарламалар

Бюджеттiк бағдарлама

001 «Бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер»

Сипаттама

экономикалық шоғырлануға талдау, мониторинг жүргiзудi және бақылауды қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттер мен жосықсыз бәсекеге қарсы фактiлерiнiң жолын кесу, стратегиялық жоспарлау, үйлестiру және халықаралық ынтымақтастық, құқықтық қамтамасыз ету, бәсекелестiктi адвокаттандыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Бюджеттiк бағдарламаның түрi

Мазмұнына қарай

Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

iске асыру тәсiлiне қарай

жеке

ағымдағы/даму

ағымдағы

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

Өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең

2009

жыл

(есепті)

2010

жыл

(жоспарлы)



2011 жыл



2012

жыл



2013

жыл


2014

жыл



2015

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы:









Бәсекелестiктi қорғау, монополистік қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер

мың теңге

465239,3

489541

582784

679566

659014

666785

Х

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:








Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қысқарту

бірл.

-

-

1

1

1

1

1

Тауар нарықтарына жүргізілген талдаулардың саны

бірл.

-

20

20

20

20

20

20

Қазақстан Республикасының тауар нарықтарына монополиялану деңгейі

%

-

0, 96

0,95

0,93

0,91

0,87

0,83

Қарауға қабылданған өтінішхаттардың жалпы санынан экономикалық шоғырлануға қаралған өтінішхаттардың үлесі

%

-

-

100

100

100

100

100

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бәсекелестікті шектейтін нормаларды қамтитын анықталған заңнамалық актілердің саны

бірл.

-

-

3

2

-

-

-

Аяқталған тергеулердің жалпы санынан анықталған бұзушылықтармен тергеулердің үлес салмағы

%

89,2

81

83

85

87

89

90

Шешім шығарылған істердің жалпы санынан сот сатыларында жеңген істердің үлес салмағы

%

62,9

65

67

69

71

73

75

Адал бәсекелестіктің артықшылықтарын және Агенттіктің негізгі қызмет бойынша жұмыс нәтижелерін хабарлауға бағытталған БАҚ жарияланымдарының саны

бірл.

96

485

490

500

505

510

515

Тағайындалғандардың жалпы санынан тергеу жүргізу туралы шешім қабылданған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Агенттіктің монополияға қарсы бұзушылықтары туралы алдын ала қаралған мәліметтердің үлес салмағы

%

-

-

60

62

64

66

68

Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан Агенттік қараған тұтынушылардың өтініштерінің үлес салмағы

%

-

-

100

100

100

100

100

«Бәсекелестік саясат мәселелерін сапалы көрсеткені үшін» номинациясына БАҚ арасында конкурс өткізу

бірл.

-

-

1

1

1

1

1

Монополияға қарсы заңнама нормаларын білуіне нарық субъектілерінің арасында конкурс өткізу

бірл.
 
 
 
 
 
 

-
 
 
 
 
 
 

-

-

1

1

1

1

Бәсекелестікті қорғау саласындағы жүргізілген талдау зерттеулерінің саны

бірл.

-

-

3

3

-

-

-

Аумақтық бөлімшелердің ішкі тексерістерінің саны

бірл.

-

2

-

4

4

4

4

Монополияға қарсы органмен өзара іс-әрекетпен қамтылған тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қауымдастықтардың (одақтардың) үлес салмағы

%

-

-

-

80

85

90

95

Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері:Бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау) бойынша Агенттік жүргізген іс-шараларға қамтылған заңды тұлғалардың (бизнес орта, мемлекеттік органдар өкілдері) үлес салмағы

%

-

3

4

5

6

7

8

Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтатуды қамтамасыз ету немесе шығарылған нұсқамалар нәтижесі бойынша оларды жою

%

-

-

70

71

72

73

75

Жүргізілген тергеулердің аясында тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тұтынушылардың қанағаттандырылған өтініштерінің үлесі

%

-

-

60

62

64

66

68

Сапа көрсеткіштері:

Агенттік жоспарлаған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуы

%

100

100

100

100

100

100

100

Экономикалық шоғырлануға өтінішхаттарды қарау бойынша көрсетілген қызметтің сапасына қанағаттанған жеке және заңды тұлғалардың үлесі

%

-

-

80

85

90

95

100

Тиімділік көрсеткіштері:
Бюджеттік бағдарламаның тиімді және сапалы орындалуы

%

100

100

100

100

100

100

100

Бір қызметкерге шығындар

мың тг.

1817,3

1912,3

2698

3146,1

3051

3086,9

-

Бюджеттік шығыстар көлемі

мың тг.

465239,3

489541

582784

679566

659014

666785

Х

Бюджеттік бағдарлама

002 «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің күрделі шығыстары»

Сипаттамасы

Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында адал және еркін бәсекелестікті қорғау бойынша Агенттікке жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді орындау

Бюджеттік бағдарламаның түрі

мазмұнына қарай

мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

іске асыру тәсіліне қарай

жеке

ағымдағы/даму

ағымдағы

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең

2009
жыл (есеп)

2010 жыл (жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы:
Агенттіктің құзыретіне кіретін міндеттер мен функцияларды тиімді орындау

мың тенге

3327

3875

3972

4167

4548

Х

Х

Түпкілікті нәтиже көрсеткіші:
Агенттіктің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді уақтылы және тиімді орындау

%

0

0

100

100

100

100

100

Сапа көрсеткіштері:
Агенттіктің күрделі шығыстарына бөлінген бюджеттік қаражатты игеру

%

100 
 
 

100 
 
 

100
 
 
 

100 
 
 

100
 
 
 

100
 
 
 

100
 

Агенттіктің материалдық-техникалық базасының жай-күйін жақсарту (ұйымдастыру техникасын және жабдықтар сатып алу)

%

-

90

95

100

100

100

100

Бюджеттік шығыстардың көлемі

мың теңге

3327

3875

3972

4167

4548

4548

Х

Бюджеттік шығыстар жиынтығы


Өлшем бірлігі

есепті кезең

жоспарлы кезең

2009 жыл (есепті)

2010 жыл (жоспарлы)

2011 жыл
 

2012 жыл
 

2013 жыл
 

2014 жыл
 

2015 жыл
 

БАРЛЫҒЫ бюджеттік шығыстар:

мың тг.

468566,3

493416

586756

683733

663562

671333

-

ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

мың тг.

468566,3

493416

586756

683733

663562

671333

-

бюджеттік даму бағдарламалары

мың тг.

-

-

-

-

-

-

-

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
ДЭФ - Дүниежүзiлiк экономикалық форум
ТМД – Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады