Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жағдайды тұрақтандырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 3 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 42-бабының 3-тармағына және «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 215 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысының әкімдігін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттен Маңғыстау облысының бюджетіне 100000000 (бір жүз миллион) теңгеден аудару ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады