Республикалық мүлікті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 19 Қаулысы.

      "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1) Осы қаулының қосымшасына сәйкес мүлік республикалық меншіктен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 қаңтардағы
№ 19 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының меншігіне берілетін мүліктің тізбесі

      1. 4,7300 га. жер учаскесімен Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 47 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 20852,1 шаршы метр 900 орындық мектеп ғимараты, оның ішінде оның жұмыс істеуіне арналған жабдық, техника, жиһаз, мүкәммал.

      2. 2,7997 га. жер учаскесімен Көкшетау қаласы, Мирзоян көшесі, 59 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 17376,9 шаршы метр 1200 орындық мектеп ғимараты, оның ішінде оның жұмыс істеуіне арналған жабдық, техника, жиһаз, мүкәммал.

      3. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 23.10.2018 № 670 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады