"Республикалық мүлікті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгеріс енгізу және мүлікті республикалық меншіктен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 670 қаулысы.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық мүлікті "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына беру туралы" Жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 19 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының меншігіне берілетін мүліктің тізбесінде 3-тармақ алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесіне тіркелген, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шырақбек Қабылбаев көшесі, 32-үй мекенжайы бойынша алаңы 3,2689 гектар жер учаскесінде орналасқан кадастрлық нөмірі 05:252:005:1253:1/А, жалпы алаңы 17487,9 шаршы метр 1200 орындық мектеп ғимараты республикалық меншіктен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мүлiктi қабылдап алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастырушылық iс-шараларды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады