"Астана медицина университеті" акционерлік қоғамының мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 31 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 13 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2013.01.21 № 13 Қаулысымен.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, № 49а ғимарат мекенжайында орналасқан оқу корпусы «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады