«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 44 қаулысына баспасөз-релизі
«Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 44 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге мына жағдайларда қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді: салу, қайта жаңарту; үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау және пайдалану; тұтыну қалдықтарын жинау, тасымалдау, сақтау; сумен жабдықтауды, су бұруды, жарық беруді, жылытуды, желдетуді ұйымдастыру; адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларын, медициналық қамтамасыз етуді, тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; аумақтарды күтіп-ұстау.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.