Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Еурохим» ХМК» ААҚ арасындағы «Қаратау» фосфоритті бассейні кен орындарын игеру және кешенді минералдық тыңайтқыштарды шығаратын зауыт құрылысының жобасын» іске асыру туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына 2012 жылғы 16 қантардағы № 80 қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Еурохим» ХМК» ААҚ арасындағы «Қаратау» фосфоритті бассейні кен орындарын игеру және кешенді минералдық тыңайтқыштарды шығаратын зауыт құрылысының жобасын» іске асыру туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына 2012 жылғы 16 қантардағы № 80 «Қазақстан Республикасының химиялық өнеркәсіпті дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен мәжілісінің 2008 жылғы 9 қазандағы № 01-7.15 Хаттамасымен және 2010 жылғы 29 қыркүйектегі Тараз қаласында өткен мәжілістің нәтижесі бойынша «Еурохим» ХМК» ААҚ жобасын газбен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен сәйкес әзірленген.
Қаулысының мақсаты өзара тиімді ынтымақтастықтың шарттарын, Тараптардың өзара құқықтарын және міндеттерін, сондай-ақ Қаратау фосфоритті бассейні кен орындарын игеру және кешенді минералдық тыңайтқыштарды шығаратын зауыт құрылысының жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы халықаралық шарттарға қосу үшін негізгі ережелерді айқындау болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі