Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 Қаулысы.

      "2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабын және "2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нысаналы

      ағымдағы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының

      Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы

      қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 115 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және "2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:

      010 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер";

      027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер".

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

      3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

      бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін

      қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер:

      1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға;

      2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге;

      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

      4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға;

      5) балалардың, ересектердің нысаналы топтарына "В" және "С"

      гепатитін анықтауға скрининг жүргізуге;

      6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуге;

      7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуге;

      8) бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК)

      ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге;

      9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыру үшін;

      10) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуіне;

      11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;

      12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге;

      13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге;

      14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонентті төлеуге (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);

      14-1) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуге;

      15) дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; "В" және "С" вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды,

      миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек

      функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге

      арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше

      ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ

      склерозы бар науқастарға препараттарды, амбулаториялық деңгейде

      онкологиялық науқастарды дәрілік заттарды (таргенттік препараттар);

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген аурулар (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы) түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды 0,5-тен 1,0-ге дейін мөлшерінде өтеу коэффициентіне жеткізуге пайдаланылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.02 № 566, 2012.12.28 № 1725 Қаулыларымен.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету (2011 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енбеген ТМКК аясында медициналық қызмет көрсету оқиғалары үшін және сапа мен көлемді бақылау бойынша оқиғаларды қосқандағы төлем); аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тегін

      медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:

      1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруды;

      2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді;

      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

      4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауды;

      5) ересектердің, балалардың нысаналы топтарына "В" және "С"

      гепатитін анықтауға скрининг жүргізуді;

      6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуді;

      7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуді;

      8) БМСК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуді;

      9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыруды;

      10) жылжымалы медициналық кешендерінің жұмыс істеуін;

      11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында,

      хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;

      12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді;

      13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуді;

      14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонента төлеуді (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);

      15) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.02 № 566, 2012.12.28 № 1725 Қаулыларымен.

3. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастар, онкогематологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды (таргеттік препараттар); гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; "В" және "С" вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыстан болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.

      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:

      1) амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік

      берілген көлемінің шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекітеді;

      2) өңірлер бойынша 2012 жылы нысаналы ағымдағы трансферттердің

      есебінен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың,

      вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық

      препараттардың тізбесі мен көлемін айқындайды.

      8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімін қалыптастыруды;

      2) республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың пайдалануына мониториг жүргізуді;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы аурулар түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тең көлемде жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді.

4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

      9. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

      бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.

      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарға арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ мамандандырылған автокөліктің тізбесін келіседі.

      11. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.

      12. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлікті сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

      13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

      13-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негiзiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде жүзеге асырылады.

      Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.

      Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

5. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын пайдалану, есептілік

      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттердің ағымдағы мақсатты трансферттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім негізінде төлемдер жөнінде бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржыландырудың жеке жоспарына, онкологиялық ауруларға медициналық көмек көрсетуге нысаналы ағымдағы трансферттер аударымына, сондай-ақ мақсатты міндеттердің көлемі және сапасының нәтижелері есепке алынып аударымдар жүргізіледі.

      15. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен үнемделген соманы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісіммен айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсартуға пайдаланады.

      16. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлер бойынша нысаналы трансферттердің сомасын қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

      17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.

      18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.

  Облыстық бюджеттердің, Астана
және Алматы қалалары бюджеттерінің
2012 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін нысаналы ағымдағы
трансферттерді пайдалану қағидаларына
1-қосымша

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы
сатып алынатын медициналық техниканың
тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.02 № 566 Қаулысымен.

Р/с №

Атауы

1

2

1.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін уретеропиелоскопы бар контактылы лазерлік литотриптер

2.

Қалалық емханалар үшін цифрлық радиологиялық жүйе

3.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін лапароскопиялық хирургияға арналған бейнеэндоскопиялық кешен

4.

Босандыру ұйымдары үшін датчиктер жинағы және принтері бар УДЗ аппараты

5.

Глаукомалық кабинеттер үшін құрамдастырылған лазерлік қондырғы

6.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін датчиктер жинтығы мен басқару панелі бар УДЗ аппараты

7.

Қалалық емханалар үшін рентгендік флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат

8.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-доғасы бар жылжымалы ренгенохирургиялық қондырғы

9.

Онкологиялық диспансерлер үшін сұйық цитология аппараты

10.

Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жылжымалы рентгендік флюорографиялық цифрлық кешен

11.

С-доға түрі бойынша хирургиялық рентгендік жүйе–ұтқыр аппарат (телевизиялық жүйені цифрлық күшейткіші бар)

12.

Глаукомалық кабинеттер үшін ретиналдық томограф

13.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-тәріздес штативі бар рентген аппараты

14.

Перинаталдық орталықтар/медициналық-генетикалық бөлімшелер үшін бағдарламалық қамтамасыз етілген және датчиктер жинағы бар УДЗ аппараты

15.

Аудандық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф

16.

Қалалық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф

17.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендиагностикалық кешен

18.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін толық эндоскоптар сызығы бар эндоскопиялық бейнетаған

19.

Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жұмыс станциясы және 3 жұмыс орнына арналған оцифровщигі бар рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

20.

Аудандық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

21.

Қалалық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

22.

Балалар ұйымдары үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

23.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

24.

Аудандық емханалар үшін рентгендік цифрлық жылжымалы маммограф

25.

Кардиологиялық қызмет үшін ангиограф

26.

Компьютерлік томограф

27.

Магниттік-резонанстық томограф

28.

Кардиологиялық қызмет үшін бижоспарлық балалар ангиографы

29.

Глаукомалық кабинеттер үшін офтальмоскоп

30.

Глаукомалық кабинеттер үшін контактысыз тонометр

31.

Глаукомалық кабинеттер үшін компьютерлік периметр

32.

Глаукомалық кабинеттер үшін саңылаулы шамы бар, алдыңғы бөлікке арналған оптикалық когеренттік томограф

33.

Кардиологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін жүрек пен тамырларды УДЗ диагностикалауға арналған аппарат

  Облыстық бюджеттердің, Астана
және Алматы қалалары бюджеттерінің
2012 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін нысаналы ағымдағы
трансферттерді пайдалану қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары

      мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

БМСК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру

Туберкулезге қарсы ұйымдарды жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарын жарақтандыру

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

Магнитті-резонансты және компьютерлік томографтармен жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Ақмола облысы

37 454

4 686

30 730

196 965

146 997

-

-

2.

Ақтөбе облысы

1 135

7 762

30 720

82 558

60 440

30 000

-

3.

Алматы облысы

307 374

37800

-

123 455

26 532

30 000

-

4.

Атырау облысы

67 155

25 220

30 730

152 777

26 760

30 000

-

5.

Шығыс Қазақстан облысы

119 422

12 610

30 730

234 193

26 500

30 000

-

6.

Жамбыл облысы

72 647

12 200

-

115 632

56 539

-

499 565

7.

Батыс Қазақстан облысы

61 219

-

-

217 188

29 346

30 000

-

8.

Қарағанды облысы

75 996

-

30 720

115 724

7106

30 000

-

9.

Қостанай облысы

98 325

12 610

-

193 442

83 909

-

-

10.

Қызылорда облысы

42 765

25 222

-

287 001

7 100

30 000

255 674

11.

Маңғыстау облысы

39 125

25 222

-

235 784

7 109

30 000

-

12.

Павлодар облысы

35 092

25 222

-

214 380

89 549

-

-

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

41 100

25 200

-

139 632

28 090

30 000

-

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

60 934

-

55 999

356 841

6 958

30 000

-

15.

Алматы қаласы

73 365

-

-

74 641

7 109

30 000

-

16.

Астана қаласы

25 300

-

-

194 474

7 106

30 000

-




Жиыны:

1 158 408

213 754

209 629

2 934 687

617 150

360 000

755 239


      мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

Кардиологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру

Кардио-хирургиялық, кардиологиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру

Медициналық жылжымалы кешендермен жарақтандыру

Барлығы

1

2

10

11

12

13

1.

Ақмола облысы

255 500

65 948

-

738 280

2.

Ақтөбе облысы

254 600

73 780

-

540 995

3.

Алматы облысы

-

73 784

-

598 945

4.

Атырау облысы

255 500

71 460

-

659 602

5.

Шығыс Қазақстан облысы

254 600

73 740

128 250

910 045

6.

Жамбыл облысы

-

62 360

-

818 943

7.

Батыс Қазақстан облысы

255 500

73 768

-

667 021

8.

Қарағанды облысы

255 500

110 703

-

625 749

9.

Қостанай облысы

255 700

68 786

-

712 772

10.

Қызылорда облысы

-

73 794

-

721 556

11.

Маңғыстау облысы

255 730

36 905

-

629 875

12.

Павлодар облысы

255 700

73 802

-

693 745

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

255 500

66 696

-

586 218

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

-

73 786

-

584 518

15.

Алматы қаласы

510 000

73 810

-

768 925

16.

Астана қаласы

-

73 709

-

330 589


Жиыны:

3 063 830

1 146 831

128 250

10 587 778


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады