Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуге";
5-тармақта:
14) тармақшада "бөлік) қамтамасыз етеді." деген сөздер "бөлік);" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуді қамтамасыз етеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ 566 қаулысына
қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы
ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы сатып алынатын
медициналық техниканың тізбесі
Р/с № |
Атауы |
1 |
2 |
1. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін уретеропиелоскопы бар контактылы лазерлік литотриптер |
2. |
Қалалық емханалар үшін цифрлық радиологиялық жүйе |
3. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін лапароскопиялық хирургияға арналған бейнеэндоскопиялық кешен |
4. |
Босандыру ұйымдары үшін датчиктер жинағы және принтері бар УДЗ аппараты |
5. |
Глаукомалық кабинеттер үшін құрамдастырылған лазерлік қондырғы |
6. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін датчиктер жинтығы мен басқару панелі бар УДЗ аппараты |
7. |
Қалалық емханалар үшін рентгендік флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат |
8. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-доғасы бар жылжымалы ренгенохирургиялық қондырғы |
9. |
Онкологиялық диспансерлер үшін сұйық цитология аппараты |
10. |
Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жылжымалы рентгендік флюорографиялық цифрлық кешен |
11. |
С-доға түрі бойынша хирургиялық рентгендік жүйе–ұтқыр аппарат (телевизиялық жүйені цифрлық күшейткіші бар) |
12. |
Глаукомалық кабинеттер үшін ретиналдық томограф |
13. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-тәріздес штативі бар рентген аппараты |
14. |
Перинаталдық орталықтар/медициналық-генетикалық бөлімшелер үшін бағдарламалық қамтамасыз етілген және датчиктер жинағы бар УДЗ аппараты |
15. |
Аудандық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф |
16. |
Қалалық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф |
17. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендиагностикалық кешен |
18. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін толық эндоскоптар сызығы бар эндоскопиялық бейнетаған |
19. |
Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жұмыс станциясы және 3 жұмыс орнына арналған оцифровщигі бар рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат |
20. |
Аудандық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат |
21. |
Қалалық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат |
22. |
Балалар ұйымдары үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат |
23. |
Қалалық және облыстық ауруханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат |
24. |
Аудандық емханалар үшін рентгендік цифрлық жылжымалы маммограф |
25. |
Кардиологиялық қызмет үшін ангиограф |
26. |
Компьютерлік томограф |
27. |
Магниттік-резонанстық томограф |
28. |
Кардиологиялық қызмет үшін бижоспарлық балалар ангиографы |
29. |
Глаукомалық кабинеттер үшін офтальмоскоп |
30. |
Глаукомалық кабинеттер үшін контактысыз тонометр |
31. |
Глаукомалық кабинеттер үшін компьютерлік периметр |
32. |
Глаукомалық кабинеттер үшін саңылаулы шамы бар, алдыңғы бөлікке арналған оптикалық когеренттік томограф |
33. |
Кардиологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін жүрек пен тамырларды УДЗ диагностикалауға арналған аппарат |