Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 135 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 135 қаулысымен   
бекітілген      

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру,
есепке алу, сақтау және ұсыну
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидаларда мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту және (немесе) мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың (бұдан әрі – Өнім берушілер), сондай-ақ мұнай өнімдерін алатын тұлғалардың (импортталатын мұнай өнімін жеткізу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда) немесе Өнім берушіге (бұдан әрі – Алушылар) мұнай өнімдерін қайтару кезінде Мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі – МІЖ) ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну тәртібі белгіленеді.
      3. Мыналарды:
      1) импортталатын мұнай өнімін Қазақстан Республикасының аумағындағы алғашқы беру пунктіне дейін тасымалдауды;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдауды қоспағанда, мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі әрбір операцияларды жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МІЖ міндетті түрде ресімделеді.
      Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін экспорттау кезінде МІЖ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген тәртіппен Алушының растауына жатпайды.
      4. Мұнай өнімдерінің айналымы саласында сату және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті орган болып табылады.

2. МІЖ ресімдеу, алу, беру, есепке алу,
сақтау және ұсыну тәртібі

      5. МІЖ «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі - Бағдарлама) интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ресімделеді.
      Бағдарлама уәкілетті органның интернет-ресурсында (web-порталы) орналастырылады.
      6. МІЖ-де мынадай деректер көрсетіледі:
      1) МІЖ нөмірі (Бағдарлама автоматты түрде береді);
      2) ресімдеу күні (Бағдарлама автоматты түрде береді);
      3) операцияның коды (Бағдарламаның анықтамасынан алынады);
      4) өнім беруші – салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 3-бабы
4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін көрсетіледі);
      5) Өнімін берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап көрсетіледі);
      6) Мұнай өнімін берушінің атауы және оның заңды мекенжайы (Өнім берушінің СТН және (немесе) ЖСН/БСН енгізу кезінде Бағдарлама автоматты түрде береді), жөнелту мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес Бағдарламаның көрсетілген тізімінен (болған жағдайда) алынады);
      7) Өнім беруші қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру орны бойынша тіркелу есебінде тұрған салық органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
      8) Өнім берушінің түрі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
      9) алушының СТН (Өнім беруші енгізеді) («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 
4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін көрсетіледі);
      10) алушының ЖСН/БСН (Өнім беруші енгізеді) («Сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап көрсетіледі);
      11) Мұнай өнімін алушының атауы және оның заңды мекенжайы (Алушының СТН және (немесе) ЖСН/БСН енгізу кезінде Бағдарлама автоматты түрде береді), белгіленген орынның мекенжайы (операцияның көрсетілген кодына сәйкес Бағдарламаның көрсетілген тізімінен (болған жағдайда) алынады);
      12) Алушы қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру орны бойынша тіркелу есебінде тұрған Алушы салық органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен алынады);
      Егер Алушы түпкілікті тұтынушы болып табылса және қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру орны бойынша тіркелу есебінде тұрмаса, онда негізгі тіркелу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
      13) шарттың немесе шарттың қосымшаларының нөмірі;
      14) шарт жасалған күн;
      15) көліктің түрі: автомобиль, темір жол, әуе, теңіз және ішкі су, құбыр (тиісті ұяда көрсетіледі);
      16) тасымалдаушы (жүкті жөнелтуші) туралы мәліметтерде (болған кезде) мұнай өнімін тасымалдауды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке (аты-жөні, СТН (ЖСН)) және заңды (атауы, СТН (ЖСН)) тұлға туралы деректер көрсетіледі (Өнім беруші енгізеді);
      17) көлік құралы туралы мәліметтерде (Өнім беруші енгізеді):
      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде - көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі;
      темір жол көлігімен тасымалдау кезінде – вагонның(дардың) нөмірі(лері) әуе көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы және борттың тіркелу нөмірі;
      теңіз немесе ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде – кеменің атауы, кеме қатынасының теңіз бойынша тіркеу нөмірі;
      құбыржол тіркелімі арқылы тасымалдау кезінде – құбыржолдың атауы көрсетіледі;
      18) экспедитор туралы мәліметтерде (болған кезде) экспедитордың, жүргізушінің аты-жөні (болған кезде) көрсетіледі;
      19) өткізілетін (жөнелтілетін) мұнай өнімінің жалпы саны (тоннада көрсетіледі);
      20) жолдың реттік нөмірі;
      21) мұнай өнімінің түрі (болған кезде), атауы, маркасы;
      22) дербес сәйкестендіру нөмірі – код (бұдан әрі – Пин-код) (Бағдарламаның Пин-кодтар анықтамасынан алынады);
      23) ыдыстағы өнім саны (тоннада) (мұнай өнімін құбыр өтпесі бойынша тасымалдаған кезде толтыру үшін міндетті емес);
      24) ыдыс саны (данада) (мұнай өнімін құбыр өтпесі бойынша тасымалдаған кезде толтыру үшін міндетті емес);
      25) мұнай өнімі санының жиыны (тоннада);
      26) тонна үшін өнім бағасы (теңгеде) (мұнай өнімін өндірушілердің мұнай берушіге мұнай өнімдерін беруі (жөнелтуі) кезінде немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшілері арасында ішкі тасымалдауы кезінде толтыру үшін міндетті емес);
      27) Өнім беруші жазып берген МІЖ нөмірі (тек мұнай өнімін қайтарған жағдайда ғана толтырылады);
      28) кестедегі жолдың жалпы саны;
      29) басшының аты-жөні (болған кезде);
      30) мөр орны;
      31) бухгалтердің аты-жөні (болған кезде);
      32) «Тасымалдаушы (Жөнелтуші)» бағанындағы деректер тек қағаз тасығышта толтырылады. Тасымалдаушының аты-жөні (болған кезде), жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі мен күні.
      7. МІЖ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін Өнім беруші қағаз тасығышта екі данада басып шығарады және жеке кәсіпкердің қолымен және мөртабанымен (болған кезде) немесе заңды тұлға басшысының не өзге уәкілетті тұлғаның қолымен және фирмалық немесе мамандандырылған мөртабанымен (МІЖ үшін) расталады.
      8. Тасымалдаушының (жүкті жөнелтушінің, Алушы өкілінің) аты-жөні, жеке куәлігі мен паспортының сериясы, нөмірі мен күні көрсетіле отырып, қол қойылған қағаз тасығыштағы МІЖ-дің бір данасы Өнім берушіде қалады.
      9. МІЖ-дің екінші данасы тасымалдаушыға (жүкті жөнелтушіге, Алушы өкіліне) мұнай өнімін межеленген орынға дейін тасымалдау үшін беріледі.
      10. Мұнай өнімін белгіленген орынға дейін жеткізгеннен кейін Мұнай өнімін алушы тасымалдаушыдан МІЖ екінші данасын алады.
      11. МІЖ-ді Алушылар МІЖ және мұнай өнімдерін алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе одан Бағдарламада МІЖ-ді ресімдеген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартылады.
      Мұнай өнімдерін экспорттау және түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде Бағдарламада Алушының растауы талап етілмейді.
      12. МІЖ-ден бас тарту, оны алғанын растау немесе растамау мерзімі бұзылған жағдайда, Бағдарламада автоматты режимде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес хабарландыру қалыптастырылады.
      13. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп ресімделген МІЖ-ді Өнім беруші осындай МІЖ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиісті.
      14. МІЖ жойылған жағдайда Алушыға жолданатын жаңа МІЖ жазып беріледі. Жаңа МІЖ ресімдеу күнін Бағдарлама автоматты түрде береді. Жаңа МІЖ бастапқы МІЖ жойылған күні ресімделеді.
      15. МІЖ-ді есепке алу Бағдарламаның МІЖ тіркеу журналында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде жүргізіледі.
      МІЖ ресімделгеннен кейін МІЖ тіркеу журналына МІЖ түседі және уәкілетті органның серверінде сақталады.
      16. Қол қойылған және мөртабанмен (болған кезде) расталған МІЖ Өнім берушілер мен Алушыларда қағаз тасығышта МІЖ-ді ресімдеу күні бойынша тізілімге тігіледі және бес жыл ішінде сақталады.
      Өнім берушілер мен Алушылардың МІЖ түпнұсқасын жоғалтуына және бүлдіруіне жол берілмейді.
      17. Өнім берушіні (Алушыны) – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін МІЖ-ді сақтау жөніндегі міндеттеме оның мирасқорына (құқықтық мирасқорына) жүктеледі.

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, 
алу, беру, есепке алу, сақтау және
ұсыну қағидаларына      
1-қосымша             

Нысан      

1) № ілеспе жүкқұжат    2) Ресімдеу күні: _______       3) Операцияның коды ___________

4) Өнім берушінің СТН ______
5) Өнім берушінің ЖСН/БСН* ___________
6) Өнім берушінің атауы, заңды мекенжайы мен жүкті түсіру мекенжайы _________
_________________________
7) Өнім берушінің салық органының коды ____________
8) Өнім берушінің түрі _____

9) Алушының СТН _______________
10) Алушының ЖСН/БСН* ___________
11) Алушының атауы, заңды мекенжайы мен жеткізу мекенжайы ___________________
_______________________________________
12) Алушының салық органының коды:_____

13) Шарттың (шартқа           14) Шарттың күні 2011 ж. «___» ______
қосымшаның) нөмірі _____

 
15) Көлік түрі: Авто ТЖ ӘуеТеңіз немесе ішкі су Құбыржол

16) Тасымалдаушы туралы мәліметтер ________________________________
17) Көлік құралы туралы мәліметтер ________________________________
18) Экспедитор туралы мәліметтер ________________________________

19) Өткізілетін (түсірілетін) мұнай өнімінің саны. Барлығы:______(тонна)

20)№

21)
Мұнай өнімінің түрі, атауы, маркасы (бар болса)

22)
Пин-коды

23)
Ыдыстың сыйымдылығы (тоннада)

24)
Ыдыстың саны
(данада)

25) Санның жиыны
(тоннада)

26)
Өнімнің құны
(теңгеде)

27) Өнім беруші жазып  берген ІЖ нөмірі (мұнай өнімін қайтарған жағдайда)

















28) Барлығы: ____ жол

29) Басшының аты-жөні: _________________  ____________
                                              қолы
                                                  30) МӨ:
31) Бухгалтердің аты-жөні: ___________________  ____________
                                                  қолы
32) Тасымалдаушы (жөнелтуші): __________________________  _______________
(Аты-жөні, жеке куәлігінің немесе                       қолы
төлқұжатының сериясы, нөмірі мен берілген күні)                                   

* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады

      
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, 
алу, беру, есепке алу, сақтау және
ұсыну қағидаларына      
2-қосымша               

Нысан       

Мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттан бас тарту,
оны растау немесе растамау туралы
хабарландыру
  20_ ж. «___» _________ __________________________________________________________
(салық органының атауы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «___» ______ қаулысымен бекітілген Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларына 12-тармағына сайкес         Сізге ______________________________________________________
               (Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)         СТН ___________________________
        * ЖСН (БСН) ___________________ мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжатты растамағаныңыз немесе бас тартқаныңыз, мерзімінде растамағаныңыз туралы хабардар етеді _______ _______________________________________________________
                (табыс ету нөмірі мен кезеңі)         Осыған байланысты Сізге 5 жұмыс күні ішінде тіркеу орны бойынша салық органына келіп түсініктеме беруіңіз қажет.

* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, 
алу, беру, есепке алу, сақтау және
ұсыну қағидаларына      
3-қосымша             

Нысан  

МІЖ тіркеу журналы

МІЖ күні                              МІЖ растау/бас тарту күні
____ жылғы _____ бастап ____          ____ жылғы _____ бастап ____
жылғы ____ қоса алғанда               жылғы ____ қоса алғанда

Өнім берушінің СТН ___________        Алушының СТН ___________
Өнім берушінің ЖСН/БСН*__________     Алушының ЖСН/БСН*__________

МІЖ нөмірі:_________________
МІЖ мәртебесі:Шимай Жойылды Жіберілді РасталдыАлынды Бас тартылды

МІЖ күні

МІЖ нөмірі

Өнім берушінің СТН


Өнім берушінің ЖСН/БСН*

Алушының СТН

Алушының ЖСН/БСН*


Растау/
бас тарту күні

Күндер өтті

Мәртебесі

Іс-қимыл


































Барлығы: ______ көрсетілген жол саны ______

* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады