Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлкі реквизицияланбайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 217 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлкі реквизицияланбайтын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 217 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлкі реквизицияланбайтын ұйымдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері:
      1) Австрия Республикасы;
      2) Америка Құрама Штаттары;
      3) Армения Республикасы;
      4) Ауғанстан Ислам Республикасы;
      5) Әзірбайжан Республикасы;
      6) Беларусь Республикасы;
      7) Бельгия Корольдігі;
      8) Болгария Республикасы;
      9) Бразилия Федеративтік Республикасы;
      10) Біріккен Араб Әмірліктері;
      11) Ватикан Қасиетті Престол;
      12) Венгрия Республикасы;
      13) Вьетнам Социалистік Республикасы;
      14) Германия Федеративтік Республикасы;
      15) Грек Республикасы;
      16) Грузия;
      17) Египет Араб Республикасы;
      18) Жапония;
      19) Израиль Мемлекеті;
      20) Индонезия Республикасы;
      21) Иордан Хашимиттік Корольдігі;
      22) Ирак Республикасы;
      23) Иран Ислам Республикасы;
      24) Испания Корольдігі;
      25) Италия Республикасы;
      26) Канада;
      27) Катар Мемлекеті;
      28) Корей Республикасы;
      29) Куба Республикасы;
      30) Қасиетті Иоанн, Иерусалим, Родос және Мальтаның егеменді әскери ордені;
      31) Қырғыз Республикасы;
      32) Қытай Халық Республикасы;
      33) Латвия Республикасы;
      34) Ливан Республикасы;
      35) Ливия;
      36) Литва Республикасы;
      37) Малайзия;
      38) Монғолия;
      39) Нидерланды Корольдiгi;
      40) Норвегия Корольдiгi;
      41) Оман Сұлтандығы;
      42) Оңтүстік Африка Республикасы;
      43) Өзбекстан Республикасы;
      44) Палестина Мемлекеті;
      45) Пәкістан Ислам Республикасы;
      46) Польша Республикасы;
      47) Ресей Федерациясы;
      48) Румыния;
      49) Сауд Арабиясы Корольдігі;
      50) Сербия Республикасы;
      51) Словак Республикасы;
      52) Тәжікстан Республикасы;
      53) Түрікменстан;
      54) Түркия Республикасы;
      55) Украина;
      56) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;
      57) Үндістан Республикасы;
      58) Финляндия Республикасы;
      59) Француз Республикасы;
      60) Чех Республикасы;
      61) Швейцария Конфедерациясы;
      62) Швеция Корольдігі;
      63) Эстон Республикасы.

      2. Ұйымдар:
      1) Азия Даму Банкі;
      2) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі;
      3) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі;
      4) Біріккен Ұлттар Ұйымы;
      5) Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ);
      6) Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы;
      7) Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы;
      8) Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы;
      9) Еуразия даму банкі;
      10) Еуразиялық экономикалық қоғамдастық;
      11) Еуропа Қайта Құру және Даму банкі;
      12) Еуропалық Одақ;
      13) Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы;
      14) Инвестиция кепілдіктері жөніндегі Көпжақты Агенттігі;
      15) Инвестициялар мен экспорттық несиелендіруді сақтандыру жөнiндегi Ислам Корпорациясы;
      16) Ислам даму банкі;
      17) «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы;
      18) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы;
      19) Халықаралық Валюта Қоры;
      20) Халықаралық Даму Қауымдастығы;
      21) Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі;
      22) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      23) Шанхай ынтымақтастық ұйымы;
      24) Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады