Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 269 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 415 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген   

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру
мониторингін жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Мониторингті уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде уақтылы және жедел шаралар қабылдау мақсатында жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру
мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      3. Уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру
мониторингін жүргізуді кезең-кезеңмен жүзеге асырады және:
      1) деректерді жинауды;
      2) деректерді өңдеуді;
      3) деректерді талдауды қамтиды.
      4. Уәкілетті орган мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жарты жылда бір рет мынадай көрсеткіштер бойынша өткізеді:
      1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда айқындалған мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылатын әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың ықпалы;
      2) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында қойылған міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылған әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың ықпалы;
      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылған бағдарламалар, жобалар шеңберінде мақсатты аудиторияны қамтудың толықтығы;
      4) мемлекеттік органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруы нәтижесінде мақсатты аудиторияның мүддесі мен қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі;
      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бағдарламалардың, жобалардың орындалуына жұмсалған бюджет қаражатының көлемі;
      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша өнім берушінің біліктілік деңгейі.
      5. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 10 шілдеге және 10 қаңтарға осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу туралы ақпарат ұсынады.
      6. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтайды, осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген көрсеткіштерге сәйкестігі мәніне талдайды және қорытылған мәліметтер мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті кезеңнің 25 тамызына және 25 ақпанына жолдайды.
      7. Мемлекеттік органдар есепті кезеңге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстарды жоспарлау кезінде уәкілетті органның осы Қағидаларға сәйкес мониторинг нәтижесінде әзірленген ұсынымдарын басшылыққа алады.
      8. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша мемлекеттік органдардағы жұмыстың жай-күйі туралы қорытылған ақпаратты дайындау кезінде уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған немесе мемлекеттік органдардан түскен ақпаратпен қатар үкіметтік емес ұйымдар ұсынған мәліметтерді, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін пайдалануы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады