"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 274 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі — Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Комиссиясы туралы ереже;
      2) Комиссия құрамы;
      3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
      3. Комиссия, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2012 жылғы 1 шілдеге дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы « »     
№   Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, хатшы
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы « »     
№   Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан
Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен
тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау
комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің тәртібі айқындалады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      3. Комиссияның міндеттері:
      1) құқық қорғау органдары бірінші басшыларының орынбасарларын, ведомстволардың басшыларын және олардың орынбасарларын, құқық қорғау органдары орталық аппараттарының департамент бастықтарын (құзыретіне тылды қамтамасыз ету, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету, тіл саясаты және ақпарат, құжаттамалық қамтамасыз ету және айналымы, мемлекеттік құпия мәселелері кіретін департаменттерден басқа) аумақтық немесе оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелердің басшыларын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық жоғары оқу орындарының басшыларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу;
      2) құқық қорғау органдары басшыларының ұсынысы бойынша тиісті аттестаттау комиссияларының құрамын бекіту болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссияның:
      1) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
      2) қажетіне қарай мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартуға;
      3) отырыстарда Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, аттестатталатын қызметкерлерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
      4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      6. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Комиссия отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
      3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
      4) Комиссия мүшелеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.
      7. Комиссия мүшелері:
      1) Комиссияның жұмыс жоспары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) Комиссия отырыстарына материалдар, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға;
      3) Комиссия отырыстарында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
      8. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      9. Комиссия қабылдаған шешім комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және комиссияның барлық мүшелерінің ортақ пікірін білдіретін хаттамамен ресімделеді.
      10. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы « »     
№   Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) құқық қорғау органдарының қызметкерлерін (бұдан әрі — қызметкерлер) кезектен тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды*.

2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

      2. Кезектен тыс аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемдері:
      1) қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті және олардың жұмыстарының нәтижелері;
      2) теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейі болып табылады.
      Аттестатталатын қызметкерлерді бағалаудың қосымша өлшемдерін ерекшеліктер мен оларға жүктелген міндеттерді ескере отырып, құқық қорғау органының басшысы белгілейді.
      3. Аттестаттау бірқатар жүйелі кезеңдерді:
      1) аттестаттауды өткізуге дайындықты;
      2) тиісті құқық қорғау органы қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, дене, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша белгіленген нормативтерді тапсыруды;
      3) аттестаттауға жататын қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуді;
      4) тиісті аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесуді;
      5) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.
      4. Кадр бөлімшесі қызметкерлерге кезектен тыс аттестаттау өткізу мерзімдері туралы аттестаттау басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жазбаша хабарлайды.
      5. Аттестаттауға жататын қызметкердің басшысы осы Кағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның қызметтік мінездемесін ресімдейді, оны таныстырады және аттестаттау өткізу күніне дейін кемінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны тиісті аттестаттау комиссиясының жұмыс органына жібереді.

3. Аттестаттау комиссиясы

      6. Тиісті аттестаттау комиссияларының құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді. Аттестаттау комиссиясының мүшелері арасынан төраға тағайындалады.
      Төмен тұрған бөлімшелердің ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, аттестаттау комиссияларының жұмыс кестелерін құқық қорғау органының басшысы немесе құқық қорғау органының уәкілетті басшысы белгілейді.
      7. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруі тиіс.
      Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
      Кадр қызметінің өкілі аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады.
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
      8. Аттестаттау комиссиясының құрамына бөлімшелердің басшылары, кадр және заң қызметтерінің өкілдері (не аталған қызметтер есеп беретін адамдар), аттестаттаудан өткізілетін қызметкерлерді қоспағанда, өзге де қызметкерлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ардагерлері кіреді.
      9. Аттестаттау комиссиясының төрағасы және оның мүшелері аттестаттауға жататын қызметкерлердің лауазымында болуы немесе одан жоғары лауазымдар атқаруы тиіс.
      10. Құқық қорғау органы жұмысының бағыттарына қарай бірнеше аттестаттау комиссиясы құрылуы мүмкін.
      11. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қатарынан ол үшін көп дауыс берілген жағдайда қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      12. Егер аттестаттау комиссиясының отырысына оның құрамының үштен екісі қатысқан болса, ол заңды болып саналады.

4. Аттестаттауды өткізу

      13. Дене, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша нормативтерді тапсыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуді, сондай-ақ әңгімелесуді өткізу кестелерін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы бекітеді.
      14. Дене, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша нормативтерді тапсыру, сондай-ақ тестілеуден өткізу тәртібін және лауазымдар санаттары үшін шекті мәндерді (бұдан әрі - шекті мәндер) құқық қорғау органының басшысы айқындайды. Бұл ретте дене, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша нормативтерді, сондай-ақ компьютерлік тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді.
      15. Комиссияның не аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталатын қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі.
      Дәлелді себептермен Комиссияның не аттестаттау комиссиясының отырысында болмаған қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.
      Қызметкер дәлелсіз себептермен Комиссияның не аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген жағдайда аттестаттау комиссиясы осы Қағидалардың 16-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.
      16. Әңгімелесудің қорытындылары бойынша Комиссия не аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдау үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
      2) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді;
      3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді және лауазымында төмендетуге ұсынылады;
      4) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыруға ұсынылады;
      5) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді және құқық қорғау органынан қызметтен босатуға ұсынылады.
      17. Аттестаттау комиссиясының шешімі үш жұмыс күн ішінде хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы қол қояды.
      18. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының шешімін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызметкердің аттестаттау парағына енгізеді. Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешімімен ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоя отырып, танысады.
      19. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) құқық қорғау органдарында өзге, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен қызметтен босатылуға жатады.

5. Аттестаттау комиссиясының шешімдеріне шағымдану

      20. Аттестаттау комиссиясының шешіміне Заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескертпе: * - осы Қағидалар Қазақстан Республикасының кеден қызметі органдарының қызметкерлеріне оларды арнаулы атақтарынан айыру бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін қолданылады.

Қазақстан Республикасы   
құқық қорғау органдарының 
қызметкерлерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу туралы
қағидаларға 1-қосымша   

Аттестаттаудан өтуге тиіс қызметкерге берілетін қызметтік мінездеменің
ҮЛГІ НЫСАНЫ
(қызметкердің тікелей басшысы толтырады)

Қызметкердің тегі, аты-жөні _______________________________________
Лауазымы __________________________________________________________
Тағайындалған күні ________________________________________________
Атағы (сыныптық шені) _____________________________________________

      1. Лауазымдық міндеттерін орындауы (шешіміне қызметкер қатысқан негізгі мәселелердің тізбесі беріледі; қызметтік міндеттерін орындауының тиімділігі мен адалдығы, шығармашылық бастамашылығы, азаматтармен жұмыс істеуі бағаланады және т.б.).
      2. Мемлекеттік органның қызметі саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімін қолдана білуі, сондай-ақ егер қызметтік міндеттеріне кіретін болса, коммуникация және ақпараттық технологияларды қолдануы (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімінің, коммуникация және ақпараттық технологияларды білу деңгейі, оларды жұмыста қолдануы сипатталады және т.б.).
      3. Заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, сондай-ақ мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауы (тәртіптік жазалары туралы, заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сондай-ақ мемлекеттік және еңбек тәртібін, ішкі қызмет тәртібін сақтауы туралы мәліметтер көрсетіледі және т.б.).
      4. Жеке қасиеттері (қызметкердің жеке қасиеттері сипатталады: тіл табысқыштығы, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті, өзін-өзі жетілдіру қабілеті, көшбасшылығы және т.б.).
      5. Қызметкердің жұмысын қорытынды бағалау (тікелей басшысының қызметтер туралы пікірі көрсетіледі; атқаратын лауазымына сәйкес немесе сәйкес емес, жоғары немесе төмен қызметіне ұсынылуы мүмкін және т.б.).
      6. Өзге мәліметтер. *

      Басшының тегі, аты-жөні ______________________________
      Лауазымы _____________________________________________
      Атағы (сыныптық шені) ________________________________

      Күні       20___ жылғы «___»_______________

      Ескертпе: * - қызметтік мінездемеге құқық қорғау органдарының ерекшелігі ескеріле отырып, толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы   
құқық қорғау органдарының 
қызметкерлерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу туралы
қағидаларға 2-қосымша   

Аттестаттаудан өтуге тиіс қызметкердің аттестаттау парағының
ҮЛГІ НЫСАНЫ

1. Тегі, аты-жөні _________________________________________________
2. Туған күні «___»____________ 19___ жыл.
3. Білімі _________________________________________________________
4. Мамандығы ______________________________________________________
5. Аттестаттау кезінде атқаратын лауазымы _________________________
6. Атағы (сыныптық шені) __________________________________________
7. Аттестаттау комиссиясының шешімі _______________________________
8. Өзге мәліметтер* _______________________________________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы ________________________________
                                                (қолы)

Аттестаттау комиссиясының хатшысы _________________________________
                                                (қолы)
Аттестаттау өткізілген күні    20___ жылғы «___» __________________
Аттестаттау парағымен таныстым ____________________________________
                                   (қызметкердің қолы және күні)

МО

Ескертпе: * - аттестаттау парағына құқық қорғау органдары қызметінің ерекшелігі ескеріле отырып, толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады