Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру;
3) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу;
5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
6) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
7) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;
8) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласында халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою;
9) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру;
10) білім берудің тиісті деңгейлерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, білім берудің барлық деңгейінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту;
11) медициналық, фармацевтік және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келісу;
12) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;
13) білім және ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
14) білім беру саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
15) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;
16) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
17) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін әзірлеу;
18) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптік оқу бағдарламаларының түрлері бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындау және кәсіптер мен мамандықтардың жіктеуіштерін бекіту;
19) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін айқындау;
20) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
21) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
22) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгі шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгі шарттың нысандарын бекіту;
23) оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты және оның жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру;
24) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты және жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерін, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын әзірлеу;
25) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
26) оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдар дайындау, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекiту;
27) бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегі тізбесін қалыптастыру және бекіту;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
30) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру және бекіту;
31) ведомстволық бағыныстағы білім беру мекемелерінің жарғыларын бекіту;
32) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;
33) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау ережелерін әзірлеу;
35) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
36) педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту;
37) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
38) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
39) білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережесін бекіту және осы жұмысты үйлестіру;
40) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін әзірлеу, бекіту және белгілеу;
41) инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындау;
42) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
43) магистратурада және докторантурада мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;
44) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізудің, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін бекіту;
45) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
47) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және бекіту, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту;
48) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілеу және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
49) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін әзірлеу;
50) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлеу;
51) білім беруді басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
52) білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту;
53) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
54) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
55) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
56) арнаулы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін белгілеу, арнаулы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру ұйымдарында қажетті орын санын айқындау;
57) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандырылуы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын ең төменгі міндетті талаптарды белгілеу;
58) барлық білім беру ұйымдары үшін арнаулы білім беру шарттарының бірыңғай қағидаттары мен нормативтерін айқындау;
59) мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шекті толымдылығын айқындау;
60) білім алушыларды аттестаттау әдістемесін айқындау;
61) білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің үйлестірілуін жүзеге асыру;
62) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың халықаралық ынтымақтастық ісіндегі қызметін үйлестіру;
63) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
64) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілеу;
65) мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту;
66) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту;
67) бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, іргелі және қолданбалы зерттеулердің аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту;
68) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер қалыптастыру және олардың қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту;
69) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды алушыларға қойылатын біліктілік талаптарын және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртібін бекіту;
70) біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларға мемлекеттік аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
71) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
72) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыттау;
73) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;
74) соңғы үш жылдағы жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың тізбесін айқындау;
75) техникалық және кәсіптік білім алу үшін жоғары техникалық мектептерге оқуға қабылдау шарттарын айқындау;
76) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен жасалатын үлгі шартты бекіту;
77) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;
78) орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау жөніндегі гуманитарлық мамандықтардың тізбесін бекіту;
79) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарының түрлерін айқындау;
80) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды айқындау;
81) білім беру ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептер қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту;
82) білім беру ұйымының ғылыми кеңесін сайлау тәртібін және алқалы басқарудың өзге де нысандарын қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгі ережесін бекіту;
83) ақылы негізде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) ұсынуға арналған үлгі шарттың нысанын бекіту;
84) мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженер-техник қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту;
85) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру;
86) ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
87) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
88) Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
89) тәрбиеші аналарды және резервте тұрған тәрбиеші аналарды конкурстық іріктеу тәртібін айқындау;
90) балалар ауылының әкімшілігі туралы ережені бекіту;
91) тәрбиеші аналардың біліктілік санаттарын әзірлеу және белгілеу;
92) балаларды балалар ауылы отбасына беру туралы үлгі шартты бекіту;
93) Жасөспірімдер үйі туралы ережені бекіту;
94) балалар ауылы (балалар үйі) мен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде бағып-күту туралы үлгі шартты бекіту;
95) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың техникалық құралдарына қойылатын нормативтік талаптарды әзірлеу және бекіту;
96) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бағдарламаларын ғылыми сүйемелдеуді ұйымдастыру;
97) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;
98) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердің білім алуын қамтамасыз ету;
99) мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеу тәртібін әзірлеу;
100) мүгедектерді оқытуды жүзеге асыратын арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
101) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар беру қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту;
102) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын санда квота бөлуді қамтамасыз ету;
103) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына имандылық пен салауатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
104) арнаулы білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
105) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
106) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекіту;
107) халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар әзірлеген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін келісуді жүзеге асыру;
108) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;
109) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
110) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
111) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
112) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
113) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
114) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
115) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
116) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
117) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы даярлау тетігін әзірлеу және бекіту;
118) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
119) университеттік интернет-ресустарға қойылатын талаптарды айқындау және бекіту;
120) мектеп-интернаттарға, бейіндік мектептерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
121) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
122) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
123) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
124) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;
125) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
126) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алу;
127) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
128) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
129) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
130) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
131) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту;
132) білім беру саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;
133) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды іске асыру;
134) балалардың мүддесі үшін бюджет қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған өзге көздер есебінен мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде іс-шаралар өткізу;
135) ғылым кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін беру;
136) мемлекет атынан ғылым кандидаты мен ғылым докторының белгіленген мемлекеттік үлгідегі дипломдарын, доцент және профессор аттестаттарын беру;
137) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
138) мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
139) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуді өткізуді ұйымдастыру;
140) мемлекеттік мерзімді ғылыми-техникалық басылымдар мен басқа баспа өнімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басып шығаруға арналған баспа өнімдерін басып шығарудың орындылығын айқындау;
141) бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, іргелі және қолданбалы зерттеулердің аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
142) балалардың тұрмыс көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;
143) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
144) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;
145) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
арнайы және мамандандырылған білім берудің;
балаларға арналған қосымша білім берудің;
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзу;
146) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуын мемлекеттік бақылау;
147) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
148) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу;
149) мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуден өткізу;
150) Қазақстан Республикасының арнаулы білім беру саласындағы заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу;
151) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуына бақылау жүргізу;
152) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының балалар құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу;
153) білім беру жүйесінде білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін жүзеге асыруының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне және білім беру қызметін лицензиялау ережелерін сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу;
154) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
155) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру;
156) білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттерді, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде пайдалануға рұқсат беру;
157) мемлекеттік статистикалық есептілік негізінде халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілікті бағдарламаларының мониторингін жүргізу;
158) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың басшыларын, осы ұйымдардың ғылыми кеңесінің ұсынымдарын ескере отырып, қызметке тағайындау және қызметтен босату;
159) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
160) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
161) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
162) уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында кәмелетке толмаған адамдарды ұстауды ұйымдастыруды үйлестіру;
163) кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстауды бақылауды жүзеге асыру.";
14-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |