"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің арасындағы Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы әріптестік туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1286 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 299 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің арасындағы Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы әріптестік туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1286 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер
мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің арасындағы Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы әріптестік туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады