Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 312 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті;
      2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 11 наурыздағы
№ 312 қаулысына   
қосымша       

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады