"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 352 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекiтiлген айлар бойынша бөлiнген мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекiтедi және бір уақытта өздерiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын:
      республикалық бюджет бойынша – «Қазынашылық-клиент» ақпарат жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қызмет көрсеткен кезде өзiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит тасығыштарында – осы Ереженің 2-1,4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған осы Ереженің17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген түпнұсқаларын;
      жергiлiктi бюджет бойынша – бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда бередi.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға) болмаған жағдайда, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарларының жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бекiтiлген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бiр данасын бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данадағы тiзiлiммен бiрге қағаз және магнит (электронды) тасығыштарда бередi. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде – осы Ереженің 13-114-115-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен 119-қосымшасына сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Ереженің 2-14-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркеліп беріледі.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергiлiктi бюджет бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттiк мекемелердiң барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуiн, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбiр ҚР ББС бағдарламалары бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне (бұдан әрi - ҚБАЖ) енгiзедi (жүктейді).
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбiр ҚР ББС бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуiн тексерудi жүргiзедi және ҚБАЖ-ға енгiзедi (жүктейді).
      Орындауға қабылдаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшелері белгiленген талаптар орындалмаған кезде қаржыландырудың жеке жоспарларын түзету үшiн республикалық бюджет бойынша - республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне, жергiлiктi бюджет бойынша - жергiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себептері көрсетіле отырып қайтарылады).»;
      36-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 26-127-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың қалыптастырылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық үлгілерін осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді.»;
      40-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы айдың он бесiнші күніне дейiн ұсынады, жоғары тұрған бюджеттен алынатын нысаналы трансферттердің қаражаты және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар жөнінде шығыстардың айлар бойынша көлеміне өзгерістер енгізілген жағдайда ағымдағы айдың жиырмасыншы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті орган жергiлiктi бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманың бiр данасын оларды бекiтілгеннен кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде бір мезгілде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз және магнит (электрондық) тасығыштарда ұсынады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша берген кезде – осы Ереженің 19-129-130-1-қосымшаларына сәйкес түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электрондық үлгілерін, осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылады.
      Бюджет нақтыланған жағдайда «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің19-129-130-1-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және 120-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.»;
      5758 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:
      1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламасын қоспағанда, инвестициялық жобалар, бюджеттік бағдарламалар; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер бойынша ақысы төленбеген шарттар тізбесі.
      58. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Ереженiң 57-тармағында көрсетiлген ақпарат негiзінде белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламалар тiзбесiн оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегiнде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөнiндегi ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      59. Бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қаулысының жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ұлғайту жөнiндегi қаулысының жобасында нысаналы даму трансферттері инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде көрсетiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:
      «59-1. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісінің Бюджет кодексінің 157-бабының 5-тармағына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын ұлғайтуды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті бюджет комиссиясында қарамай, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша үнемдеу сомасын бюджеттік инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Ереженің 257-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «60. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 59 және 59-1-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 5-тарауында айқындалған тәртiппен түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзедi.»;
      62-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттiк органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекiтiлген (нақтыланған) бюджет көрсеткiштерiн түзету жөнiндегi қаулылардың жобаларын әзiрлейдi және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне енгiзедi.»;
      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
      «62-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және жоспарлау сатыларынан өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған кредиттер бойынша (бұдан әрі – кейінге қалдыру шарты бар жобалар) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттама ұсынады:
      1) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша:
      техникалық экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, экономикалық сараптамасымен қоса, белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме;
      ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың инвестициялық ұсынысына және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша оң экономикалық сараптама;
      2) мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша:
      экономикалық сараптаманы қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеме;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған оң экономикалық қорытынды;
      3) бюджеттік кредиттер бойынша:
      қаржы агенттері бюджеттік кредиттерді, бюджеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жіберген жағдайда оң экономикалық қорытындымен қоса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған техникалық-экономикалық негіздеме.
      Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей нысаналы даму трансферттерінің қаражаты және кредиттердің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша жоғарыда санамаланған құжаттарды тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған құжаттаманы бюджет және өзге заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.
      Барлық құжаттама болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шарттарды тіркеу және төлемдер жүргізу рұқсат етілетін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі бар хабарлама хат жібереді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне шарттарды тіркеу және төлемдерді жүргізу рұқсат етілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі туралы хабарлама-хаттың көшірмесін жібереді.
      Егер кейінге қалдыру шарты бар жекелеген жобалар бойынша құжаттама берілмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджетті нақтылау немесе оны түзету жүргізілгенге дейін шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге жол берілмейтін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен бірге хабарлама-хат жібереді.»;
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрi - ҚБШ) мына:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны олардың есептеуімен және жұмсауымен;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар туған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
      6) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;
      7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен байланысты операцияларды есептеуге арналған.»;
      84-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын шетелдік валютада шот ашуға жазбаша рұқсатының және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң ақылы қызметтердің қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтiнiмдерінiң негiзiнде жазбаша рұқсаттар берiлген күнi және аумақтық қазынашылық бөлiмшелерден қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдері түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық бюджеттен;»;
      919293949596979899100101102103104106108 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «91. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:
      1) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесi;
      2) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі ережесiнiң (жарғысының) көшiрмесi;
      3) СТН көшiрмесi;
      4) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;
      5) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
      6) демеушiлiк, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсат.
      Мемлекеттік мекемеге/квазимемлекетік сектор субъектісіне «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:
      1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме/квазимемлекетік сектор субъектісі арасындағы Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасы (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім);
      2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда ЭЦҚ пайдалану туралы келісімге Қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.
      Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.
      92. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi әр мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бiр құжаттар жинағын қалыптастырады.
      93. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктегi, ережедегi (жарғыдағы), СТН және мөр бедерiндегi (ММ үшін - елтаңбалы) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісі атауының бірдейлiгiн тексередi. Алшақтықтар анықталған жағдайда, сәйкестендiру үшiн мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
      94. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ұсынылады. Бiр данасы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екiншiсiн қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерiнiң (ММ үшін – елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi пайдаланады.
      95. Бiрiншi қол қою құқығы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы және/немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғалар ие. Екiншi қол қою құқығы бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысына және/немесе мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледi.
      96. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiсi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi басшысының немесе ол уәкiлеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен (ММ үшін – елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiлерi нотариалды куәландырылады.
      97. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi өшпейтiн төзiмдi сиялармен орындалуы тиiс, мөрдiң бедерi (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиiс. Ұшып кететiн сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильдi көшiру құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi» мемлекеттiк мекемесiн қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады.
      Арнайы мақсаттарға арналған мөрлердi қолдануға жол берiлмейдi.
      98. Қайта құрылған мемлекеттiк мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдiң атауы өзгерген, ескiрген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтiнiшiнiң негiзiнде жаңа мөр дайындауға уақыт (10 күнтiзбелiк күннен аспайтын) бередi және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елдi мекенде орналасқан бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсiз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн айқындайды. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi мөрдiң (ММ үшін - елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзiмi көрсетiлiп, елтаңбалы мөрдiң бедерiнсiз (ММ үшін - елтаңбалы) ресiмделедi.
      99. Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы тараудың 96-тармағында белгiленген тәртiппен куәландырылған қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерiмен жаңа құжат ұсынылады.
      Бiрiншi немесе екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiрiнiң қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тұлғаны тағайындау және уақытша мiндетiн атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшiрмесiн оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресiмделедi. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тiгiледi.
      Екiншi қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатта көрсетiлген екiншi қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар уақытша құжат толтыру талап етiлмейдi.
      100. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, мемлекеттiк мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне құжат жиынын қалыптастыру үшiн қажеттi құжаттарда көрсетiлген деректердiң шынайлығы үшін жауап береді.
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы тарауда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерiлген құжаттарды құжат жиынына тiгедi және сақтайды.
      101. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерінің мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзу тиiстi бюджеттердiң, ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан және шетел валютасындағы шоттарынан төлемдер жүргiзудi және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептердi қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.
      Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ 0900НП «Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
      102. Мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, тиiстi бюджеттерiнiң, ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзудi аумақтық белгiсi бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жақын тұрған басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкке қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, тиiстi бюджеттерiнiң, ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарын/квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргiзуге сол аумақтық қазынашылық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатымен жол берiледi.
      103. Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ ақшасына билiк етушiлер бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар болып табылады, ақылы қызметтiң, демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарына - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары болып табылады.
      104. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарымен ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға билiк етудi шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      106. Ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы және шетел валютасындағы шоттарда ақша қозғалысы жөнiндегi есептердi берудi аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады және:
      мемлекеттiк мекемелерге:
      1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
      осы Ереженiң 43-қосымшасына сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» 5-20-нысаны бойынша;
      осы Ереженiң 44-қосымшасына сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» 5-33-нысаны бойынша;
      осы Ереженiң 45-қосымшасына сәйкес «Дербес шот бойынша мәлiмет» 8-09-нысаны бойынша, осы Ереженiң 46-қосымшасына сәйкес «Бас кiтаптың шоттары бойынша көшiрме (шетел валютасында)» 8-17-нысаны бойынша;
      2) ай сайын:
      осы Ереженiң 47-қосымшасына сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» 5-30-нысаны бойынша;
      осы Ереженiң 48-қосымшасына сәйкес «Шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп» 8-07-нысаны бойынша;
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға есептi тоқсаннан кейiнгi 3-шi күнге дейiн тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ереженiң 49-қосымшасына сәйкес «Ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы қалдықтар туралы есеп» 5-34А-нысаны бойынша;
      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:
      осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша берiледi.
      108. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік жыл ішінде бір рет есептіден кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 айдың iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен жабылу туралы хабарлама бере отырып, өздігінен жабады.
      110. Мемлекеттiк мекеменiң коды осы Ереженiң 50-қосымшасына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты 50-1-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар осы Ереженiң 51-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмi бойынша:
      мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
      мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
      тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
      ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған жағдайларда жабылады.»;
      мынадай мазмұндағы 112-1-тармақпен толықтырылсын:
      «112-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтату және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді 2 данада жібереді.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтатуға және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабуға осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жапқаннан кейін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.»;
      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «113. Жабылатын ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы шотында немесе шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:
      1) ақылы қызметтер ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың ақылы қызметтер ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);
      тиiстi бюджет кiрiсiне:
      құқықтық мирасқор болмаған;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаға билiк ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталған;
      құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды болмаған жағдайда;
      2) демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ;
      құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;
      құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;
      3) уақытша ақша орналастыру ҚБШ:
      салымшыға;
      құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;
      4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;
      5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
      құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
      квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылтайшысының шотына есептеу арқылы төлеуге берілетін шотты немесе пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлем тапсырмасын («Қазынашылық-клиент» АЖ-де электрондық түрін қалыптастырады) ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 113-1-тармақпен толықтырылсын:
      «113-1. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөрдің жойылуы және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмау себебімен жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті ҚБШ аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне құқықтық мирасқорлығын растайтын құжаттармен бірге жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы ақша қалдығын аудару туралы қолдаухат жібереді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатында қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме мен құқықтық мирасқор-мемлекеттік мекеменің деректемелері: мемлекеттік мекеменің атауы, СНТ/БЖН, коды, ҚБШ нөмірі, сондай-ақ аударуға жататын ҚБШ-дағы ақша қалдығының сомасы қамтылуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-дағы ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті ҚБШ-на аударуды жүзеге асырады.»;
      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «114. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды жапқан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi тиiстi салық органдарына мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтарын және ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.»;
      153-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік мекеме аяқталу мерзiмi келесi (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын қызметтерді ұсыну шеңберiнде шарттар жасасқан;»;
      162-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженiң 57 және 526-тармақтарында көрсетiлген шығыстар бойынша ҚР Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиісінше Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулылардың жобаларын енгiзеді;»;
      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «164. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.
      Кейінге қалдыру шарты бар жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне олар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге рұқсат беретін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бар хабарлама-хаттың көшірмесін бергеннен кейін жүзеге асырылады.
      Егер кейінге қалдыру шарты бар жобалардың жалпы сомасы тиісті сараптамалардан кейін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сомадан асып кеткен жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.
      Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген, соттың мөр бедерімен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты қағаз тасығышта ұсынады.
      Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз тасығышта (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы, немесе егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.
      Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз тасығышта екі өтінім (бір өтінімді тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісін - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.
      Ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қосымша өтінімді қағаз тасығышта ұсынады.
      Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемеге жүктеледі.»;
      179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «179. Хабарлама мемлекеттiк мекемеге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне өтiнiмдi берген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Шартты (қосымша келiсiмдi) тiркеу кезiнде хабарлама осы Ереженiң 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрi - 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) беріледі.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде мемлекеттік мекемелер 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастыра алады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ-да 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға хабарлама қалыптастыруды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады және мемлекеттік мекемеге қағаз тасығышта береді.»;
      188-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңның немесе мәслихат шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе мәслихатқа енгiзiлген күннен бастап, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынған деректердің негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар), ерекшелiктер бойынша төлемдер жүргiзудi тоқтата тұрады.»;
      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «190. Мемлекеттік мекеме мыналарды:
      1) құжаттарды қағаз және магниттi тасығышта ұсынған кезде мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;
      2) төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;
      3) төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
      4) ақша алушылардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыру бойынша мiндеттемелердi орындаудың уақтылылығы мен толықтығын;
      5) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын;
      6) аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша аванстық төлемнiң сомасын қоспағанда, төлем жүргiзген кезде, тауарларды сатып алу не жеткiзу кезiнде шот-фактуралардың немесе тауарларды жеткiзу туралы жүкқұжаттың көшiрмелерiн, жұмыстар мен көрсетiлген қызметтердi орындау кезiнде көрсетiлген жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге құжат түрiнiң көшiрмесiн берудi;
      7) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды;
      8) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезiнде – мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бухгалтерiнiң ЭЦҚ қолы қойылған сканерленген бейнесiн жапсыруды;
      9) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезiнде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi басшының және бас бухгалтерiнiң ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етедi.
      Аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру бойынша негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу үшiн төлемдер жүргiзген кезде мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шот-фактуралардың, тауарды жеткiзу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттiк мекемеге мемлекеттiк кәсiпорын беретiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге құжат түрiнiң көшiрмесiн ұсынады. Бұл ретте көрсетiлген құжаттардың әрбiр парағы мемлекеттiк мекеме мөрiнiң түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты жатшысының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды тұлғаның), ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген адамның қолымен дәйектеледi.
      Аванстық төлемнiң сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған мемлекеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру бойынша бұрын мемлекеттiк кәсiпорындармен жасалған, аяқталғалы тұрған ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша төлемдер жүргiзген кезде, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын қалпына келтiру және күрделi жөндеу жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiк мекемеге ұсынған орындалған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер актiлерiнiң көшiрмесiн не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге құжат түрiнiң көшiрмесiн ұсынады.
      Осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардың әрбiр парағы мемлекеттiк мекеменiң түпнұсқалық мөрiнiң бедерiмен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды адамның), ал олар болмаған жағдайда, мемлекеттiк мекеме басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген адамның қолы қойылады.»;
      196 және 197-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «196. Төлем жүргiзiлгеннен кейiн мемлекеттік мекемелердің төлеуге берiлетiн шотының немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің төлем тапсырмасының екiншi данасы және осы Ереженiң76-қосымшасына сәйкес 5-15-«Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің төлемдерiн жүргiзу жөнiндегi күнделiктi көшiрмесi» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрi – 5-15-нысан) төлеуге берiлетiн шотта немесе төлем тапсырмасында төлем жүргiзiлген күндi және 5-15 нысанда салыстыру жүзеге асырылған күндi көрсете отырып, салыстырылады, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне берiледi.
      197. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшiн ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
      Қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде түскен шот:
      1) төлеуге берiлетiн шот осы Ережеде белгiленген нысанға сәйкес келмейтін нысан бойынша ұсынылған;
      2) түзетулермен, оның iшiнде қолмен түзетiлiп ұсынылған;
      3) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның iшiнде магниттiк (электрондық) қосымшасыз (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;
      4) талап етiлген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi болмаған;
      5) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедерi қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжатқа сәйкес келмеген;
      5-1) түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭСҚ-ның дұрыс еместігі айқындалған;
      6) құжаттың барлық даналарындағы талап етiлген жолдарда мөр бедерi дәл (анық) қойылмаған;
      7) санмен көрсетiлген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;
      8) төлеуге берiлетiн шоттарда көрсетiлген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгiзiлген деректерге сәйкес келмеген;
      9) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына сәйкес келмеген;
      10) төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерiнiң төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрі жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес келмеген;
      11) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиiстi кезеңдегi (өспелi қорытындылармен) төлемдерi бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен;
      12) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженiң 156-161-тармақтарында көзделген мөлшерiнен асып кеткен;
      13) төлеуге берiлетiн шоттың бiрiншi данасының деректемелерi төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасының деректемелерiне сәйкес келмеген;
      14) төлеуге берiлетiн шоттың қолданылу мерзiмiнен асатын мерзiмде берiлген;
      15) ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттар саны төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнде көрсетiлген санға сәйкес келмеген;
      16) ҚБЕО белгiлеген хабарламалар форматында магниттiк (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
      17) осы Ереженің 185-тармағының екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамай, төлем шотына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша хабарлама бекітілген жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады (қабылданбай тасталады).
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде төлеуге берілетін шот қайтару негіздемесі көрсетіле отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
      Қабылдау кезеңінде төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада – аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.»;
      199-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қолы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының не бас бухгалтерінің ЭЦҚ, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылады.»;
      мынадай мазмұндағы 216-1-тармақпен толықтырылсын:
      «216-1. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шарт жасаспай, төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
      Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі, осы Ережеге 75-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шоттардың тізілімін және нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін төлеуге берілетін шоттарды 2 данада аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жібереді.»;
      217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «217. Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшiн олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыруға ақша аудару, бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттiк тiркегеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінiң заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шотты аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттiк тiркеусiз ұсынуға жол берiлмейдi. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шоттың негiздiлiгi мен заңдылығын қамтамасыз етедi.
      Жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) ақы төлеу шотына ақша аударылғаннан кейiн заңды тұлға бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгiленген мерзiмде мемлекеттiк меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына төленген акцияларды есептеудi қамтамасыз етедi.
      Бюджеттiк инвестицияларды ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингiнiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асырылған кезде, көрсетiлген заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы жоқ бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтердiң және ұлттық басқарушы холдингiнiң акцияларының эмиссиясын төлей алады.
      Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және кейінге қалдыру шарты бар жобаларды іске асыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, олар бойынша акцияларды немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерін төлеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдау және төлемдер жасау рұқсат етілетін бюджеттік инвестициялардың тізбесімен хабарлама-хаттың көшірмесін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
      238-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «238. Инкассолық өкiм соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берiлген, сондай-ақ пайда болған салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары немесе әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi, кеден органдары алдындағы берешектi өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлi түрде орындауына негiз болып табылатын құжатты бiлдiредi. Инкассолық өкiм мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемiнiң негiздiлiгiн растайтын құжат болып табылады.
      Салық қызметi органдары мен кеден органдарының инкассолық өкiмдерiн қоспағанда, инкассолық өкiм атқару парағы немесе сот шешiмi (үкiмi, ұйғарымы, қаулысы) немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығы негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша берiлген бұйрықтың негізінде жасалады.
      Инкассолық өкiм оны жасау үшiн негiз болып табылатын атқарушылық құжаттың түпнұсқасын не әрбiр бетi соттың елтаңбалық мөрiмен куәландырылған осы құжаттың көшiрмесiн қоса, Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасында белгiленген нысан бойынша 2 данада мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қызмет көрсетiлетiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берiледi.
      Инкассолық өкiмдi аумақтық қазынашылық бөлiмшесi инкассолық өкiм есептен шыққан күннен 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға қабылдауы тиіс.
      Инкассолық өкiмдердi қабылдау кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қолдардың және мөр бедерiнiң болуына көзбен тексерудi жүзеге асырады.»;
      239-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «239. Инкассолық өкiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, оның iшiнде осы Ереженiң 238-тармағына сәйкес болған кезде 92 және 92-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, инкассолық өкiмдердi есепке алу журналында тiркеледi, ол беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiнделген және елтаңбалы мөр бедерiмен және аумақтық қазынашылық бөлiмшесi басшысының қойылған қолымен нықталған болуы тиiс.»;
      240 және 241-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «240. Салық және кеден органдарының атқарушы құжаттары бойынша мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қойған инкассолық өкiмдерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бiр мезгілде түскен кезде, оларды орындау Азаматтық кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Салық және кеден органдарының инкассолық өкiмдерi мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бiр мезгілде түскен кезде, салық берешегi сомаларын өндiрiп алуға қойылған инкассолық өкiмдер бiрiншi кезекте орындалады.
      241. Инкассолық өкiмдi орындау:
      1) ол мемлекеттiк мекеменiң кодына қойылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының қабылданбаған мiндеттемелерi бойынша жоспарлы тағайындау сомасы. Сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының қолда бар үнемi инкассолық өкiмдi орындауға жiберiледi;
      2) қабылданбаған мiндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындау сомасы және оны мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойған жағдайда, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны мемлекеттік мекемелер үшін алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақшаны есептеумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойылған жағдайда демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасының қалдығы;
      4) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы ақша қалдығы есебінен және банктік заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 242-1-тармақпен толықтырылсын:
      «242-1. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысы инкассолық өкiмді алып, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы қалдықтар шегінде инкассолық өкімде көрсетілген алушының пайдасына акцептсіз ақша алуды жүзеге асырады. Келесі жұмыс күні осы Ереженің 90-қосымшасына сәйкес 2-38-нысанды және 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысанды қалыптастырады және басып шығарады. 2-38-нысан мөртабанмен расталады және оған аумақтық қазынашылық бөлiмшенің жауапты орындаушысының қолы қойылады да ақшаның алынғанын растайтын құжат ретінде квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.»;
      245-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инкассолық өкiмдi орындау 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде қамтамасыз етiлмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлiмшесi осы Ереженiң 242-тармағы 2) тармақшасының екiншi–сегiзiншi абзацтарында көзделген шығыстар БСК және жеке тұлғаларға трансферттер беруге, сондай-ақ соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, барлық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.»;
      254 және 255-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «254. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
      1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:
      мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:
      жалақы және басқа да ақша, оның iшiнде штаттан тыс қызметкерлер бойынша жалақы төлемдерi;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
      жәрдемақылар, алименттер;
      мiндеттi зейнетақы жарналары;
      әлеуметтiк аударымдар;
      банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын БСК-сiн қоспаған жағдайда;
      2) ақылы қызмет ҚБШ-ына немесе демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкiм қойылған жағдайда;
      3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады;
      Талап-арыздар талаптарын қамтамасыз етуге тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақшаның сомасы мемлекеттiк баж және сот шешiмдерiн, үкiмдерiн, анықтамалары мен қаулыларын орындаумен байланысты шығыстардың мөлшерiнен аспауы тиiс. Атқарушы өндiрiсi органдары атқару құжатын орындалуын қамтамасыз етуге тыйым салған кезде ақшаның және тыйым салынған мүлiк құнының сомасы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесiнде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан және атқару құжатын орындау бойынша шығыстардың сомасынан аспауы тиiс.
      255. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне салық (кеден) органдарының мемлекеттiк мекеменiң коды бойынша, ақылы қызметтер мен демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бiрiншi басшының қолы қойылған, салық (кеден) органдарының мөрiмен расталған өкiмдерi келiп түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
      259-тармақ алынып тасталсын;
      260-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiн қолдану кезеңiнде жергілікті бюджеттердің шығыстарын арттыруға және (немесе) кірістерін азайтуға әкелетін заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілдік және атқарушы органдарының актiлерiн қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердiң шығыны өтеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердi аударуды белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары негiзiнде жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жүзеге асырады.»;
      262-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «262. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен және облыстың жергiлiктi атқарушы органы резервiнен бөлiнген нысаналы трансферттердi қоспағанда, қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінiң сомалары келесi қаржы жылында оларды мақсатқа сай сақтай отырып пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкiн.
      Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жоғары тұрған бюджеттiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (жете пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы даму трансферттерінiң сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн қайтаруға жатады.
      Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы даму трансферттердiң сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердi қайтару» түсiмдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттiң кiрiсiне қайтаруға жатады.
      Олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының жылдың басындағы бюджет қаражаты қалдықтары есебiнен қаржы жылында одан әрi пайдалану (түгел пайдалану) туралы шешiмi қабылданбаған, республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердiң сомаларын қайтару тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ҚР ББС түсiмдердiң сыныптама кодына оларды бөлген жоғары тұрған бюджеттiң кiрiсiне аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн жүргiзiледi.
      Жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасы әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жөнiндегi төмен тұрған бюджеттiң шығыстары жергілікті бюджетті түзету негiзiнде қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес жүзеге асырылатын нысаналы трансферттердi қайтару жөнiндегi шығыстары болып табылады.
      Қаражатты қалпына келтiру мен аударуды төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі қаражатты пайдаланбау (жете пайдаланбау) себептерiн қамтитын негiздеме хатты қоса, нысаналы трансферттердi әрбiр қайтару жөнiнде төлеуге берiлетiн шоттың көшiрмесiн және негiздеме хаттың көшiрмесiн жоғары тұрған бюджетке дейiн жеткiзе отырып, ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиiстi бюджеттiк бағдарламасы бойынша төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүргiзедi.
      Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджеттi нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезiнде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшiн төмен тұрған бюджеттер белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттi нақтылауды (түзетудi) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының тиiстi кодынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етедi.»;
      263 және 264-тармақтар алынып тасталсын;
      268-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «268. Келiсiм әрбiр нысаналы трансферт бойынша жеке жасалады: нысаналы даму трансферттері бойынша бiрнеше инвестициялық жобалар болған жағдайда, 12 және 3-қосымшалар инвестициялық жобалар бөлінісінде толтырылады.
      Бiрнеше нысаналы трансферттер бойынша бiр Келiсiмдi жасауға жол берiледi.
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органнан шарттарды тіркеу және төлем жүргізу рұқсат берілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен хабарландыру хатының көшірмесін алғаннан кейін, 10 жұмыс күні ішінде аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасайды.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-бөліммен, 36-1, 36-2, 36-3, 36-4-тараулармен, 304-1, 304-2, 304-3, 304-4, 304-5, 304-6, 304-7, 304-8, 304-9, 304-10, 304-11, 304-12, 304-13, 304-14, 304-15, 304-16, 304-17, 304-18, 304-19, 304-20, 304-21, 304-22, 304-23, 304-24, 304-25, 304-26-тармақтармен толықтырылсын:
      «6-1-бөлім. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету тәртібі
      36-1-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетудің жалпы ережелері
      304-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдердің толық және уақтылы есептелуімен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарын уақтылы жүзеге асырылуымен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
      304-2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету кассалық негізде жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдерді есептеу және оларды есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есепке алынады.
      36-2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары
      304-3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есептеумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ең аз мөлшерінде қалыптастыру кезінде пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
      304-4. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде еншілес, бағынысты және аффилиирленген ұйымдардың жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарын) төлеуге арналған жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны аудару, сондай-ақ осы ақшаның шегіндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған төлемдер мен аударымдарды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған шоттар арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асырады.
      304-5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан түсімдер және өткізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарына сәйкес есепке алынады.
      36-3-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарын беру, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуы, жүргізуі және жабуы
      304-6. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, олардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдалану үшін шығыстарды жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтудың ең аз мөлшерін қалыптастыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚБАЖ-ға жеті мәнді код беріледі.
      304-7. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Ережеде көзделген құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса, осы Ережеге 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінім береді.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашуға арналған өтінімді алған күннен бастап, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінімді жібереді.
      Квазимемлекеттік сектор субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне код беруге және шоттарын ашуға өтінімде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      304-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кодтарды аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беруге өтінімдерді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашу квазимемлекеттік сектор субъектісіне код берілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
      304-9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне электронды түрдегі хатпен хабарлайды.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан кодтар беру туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттары туралы жазбаша хабарлайды.
      304-10. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтардың тіркелуі ҚБАЖ қалыптастырылған тиісті анықтамалықта көрсетіледі.
      304-11. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттарын тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде, осы Ереженің 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша көрсетіледі.
      304-12. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары ашылғандығы туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқан күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
      304-13. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік тіркеу туралы куәліктік көшірмесін қоса бере отырып, осы Ереженің 37-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінім береді.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өз кезегінде, квазимемлекеттік сектор субъектісінен квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінімді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 37-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінімді жібереді.
      304-14. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ашылған шоттары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынын қалыптастыру осы Ереженің 10-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      304-15. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізу Ереженің 11-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      304-16. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жабу Ереженің 12-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      36-4-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі
      304-17. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.
      Төлем тапсырмасын толтыру кезінде «№ төлем тапсырмасы» алаңында квазимемлекеттік сектор субъектісінің жеті мәнді кодынан тұратын нөмірі, бөлшек арқылы төлем және ақша аударымы жүзеге асырылатын қаржы жылының соңғы екі саны, дефис арқылы – төлем тапсырмаларын тіркеу журналындағы жазбаның реттік санына сәйкес келетін реттік саны көрсетіледі.
      304-18. Квазимемлекеттік сектор субъектісі:
      төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
      төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
      ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
      жасалған операциялардың дұрыстығын;
      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
      304-19. Төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне:
      Жарғылық капиталын ұлғайту/қалыптастыру кезінде – бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігін не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімін;
      инвестициялық жобаны іске асыру кезінде – шот-фактураның немесе тауарды жеткізу туралы жүк құжатының (актінің) көшірмесін немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрін ұсынады.
      304-20. ҚБАЖ-да ақша алушы болмаған кезде, квазимемлекеттік сектор субъектісі ақша алушыны осы Ереженің 62-қосымшасына сәйкес ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге өтінімді ұсынады.
      ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері болмаған кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес өтінімді ұсынады.
      Төлем тапсырмада көрсетілген ақша алушының деректемелерінің дұрыстығын квазимемлекеттік сектор субъектісі қамтамасыз етеді.
      304-21. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінен төлем тапсырмаларды қағаз тасығышта және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде қабылдауды жүзеге асырады.
      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінен төлем тапсырмаларды қағаз тасығышта қабылдау жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінен сағат 16.00-ден кейін түскен құжаттар келесі жұмыс күнінде түскен деп саналады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 16.00-ден кейін түскен төлем тапсырмасы орындалады не орындалмай келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
      304-22. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы түскен электрондық түрде төлем тапсырмасы орындалады не оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі күні бір жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.
      Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:
      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмағанда не жеткіліксіз болған;
      қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;
      түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;
      осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған;
      талап етілетін алаңдарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;
      қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;
      құжаттың барлық даналарында талап етілген алаңдарында мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;
      цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған жағдайларда орындалмай қайтарылады.
      304-23. Төлем жүргізілгеннен кейін төлем тасырмасының екінші данасы мен осы Ереженің 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысан бойынша қалыптастырылған есеп салыстырылып тексеріледі, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні және 5-15-нысанында салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен куәландырылады және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беріледі.
      304-24. Қазақстан Республикасының резидент еместерімен шетел валютасында жасалған шарттар бойынша төлемдер жүргізілген кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі осы Ережеде көзделген тәртіпте аумақтық қазынашылық бөлімшесіне квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан сол күні шетел валютасын сатып алу үшін екінші деңгейлі банкте ашылған шотқа ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады.
      Шетел валютасын айырбастауға арналған төлем тапсырмасында «Төлем мақсаттары» алаңында:
      сатып алынатын валютаның түрі мен сомасы;
      ол бойынша шетел валютасы сатып алынатын бағам;
      резидент емеспен жасалған шарттың күні мен нөмірі;
      шарттың мәні көрсетіледі.
      Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейлі банкте шетел валютасындағы шотына валюталардың түрлері бойынша есептелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
      Пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзімі өткен кейін шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына сомасын ұлттық валютада қалпына келтіре отырып, қайта айырбасталуы тиіс.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасын қайта айырбастауды және шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді.
      304-25. Квазимемлекеттік сектор субъектісі құжаттық аккредитивті қолдана отырып, есеп айырысу нысанын көздейтін шарт жасасқан кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтың қазынашылық бөлімшесіне екінші деңгейлі банкте ашылған аккредитивтік шотқа квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады. Сонымен бір мезгілде квазимемлекеттік сектор субъектісі аккредитивтің ашылғандығын және аккредитив шарттарында банк-эмитент аккредитивтің орындалмаған сомасын акредитивтің қолданылу мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын жабылған жағдайда қайтарылу фактісін растайтын құжаттарды сома аударылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тікелей шотына ұсынады.
      304-26. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді орындау осы Ереженің 31-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 326-1-тармақпен толықтырылсын:
      «326-1. Демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер, оларды қайтару не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін, шетел валютасында түскен ақша қайта айырбастауға және осы Ережеде көзделген тәртіппен тиісті демеушілік, қайырымдылық ҚБШ-ға немесе ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ға ұлттық валютада есептеуге жатады.»;
      328329362411446448450451452454458459460462463465466468469 және 473-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «328. Ақылы қызмет ҚБШ-сы бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен бекiтiлген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету тәртiбi негiзiнде, республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң билiгiнде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiнiң сыныптаушысы негiзiнде мемлекеттiк мекемелер жүзеге асырады.
      329. Республикалық немесе жергілікті бюджеттiң есебiнен ұсталатын, өздерi сатудан түсетiн ақша өздерiнiң билiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптаушысын (бұдан әрi - сыныптауыш) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi және шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң кодтарын, пайда болу көздерi мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес рұқсат етiлген түсiмдердi пайдалану бағыттарын қамтиды.
      362. Мемлекеттiк мекеме республикалық немесе жергілікті бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) сыныптауышына сәйкес өткiзуден ақша билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) басқа мемлекеттiк мекемелерге өткiзудi жүзеге асыра алады.
      411. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен бөлiнген ақшаны пайдаланбаған немесе iшiнара пайдаланған жағдайда, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервiне жiберу жолымен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруды ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi резервтен қаражат бөлу туралы қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган белгiленген тәртiппен әзiрленген және қабылданған негiзде қамтамасыз етедi. Тиiстi қаулы қабылданғаннан кейiн осы Ереженiң 5-тарауында айқындалатын тәртiппен тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен алынған ақшаны төмен тұрған бюджет ағымдағы қаржы жылының ішінде толық пайдаланбаған немесе ішінара пайдаланған кезде тиісті жергілікті атқарушы орган ол туралы қаражат бөлген жоғары тұрған бюджет әкімшісіне хабарлайды.
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысын белгіленген тәртіппен әзірлейді. Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізіледі.
      Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы тиісті резервтен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін тиісті жергілікті бюджетті белгіленген тәртіппен түзетуді жүзеге асырады.
      Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған, толық пайдаланылмаған қаражатты жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан қайтаруды жүзеге асырады.
      446. Осы тарау бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалардың қаражатын бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеудiң техникалық-экономикалық негiздемелерiн (бұдан әрi - ТЭН) әзiрлеудi немесе түзетудi, сондай-ақ қажеттi сараптаманы жүргiзудi қаржыландыруға қаражат бөлу тәртiбiн және оларды қаржыландыру рәсiмдерiн анықтайды.
      Экономикалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда, ТЭН әзiрлеу немесе түзету шеңберiнде жобаның ерекшелігіне байланысты ТЭН қажеттi сараптамаларын жүргiзу қаржыландырылады.
      Бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бұдан әрi - БИЖ) және концессиялық жобалардың ТЭН сараптамаларын қаржыландыру және өткiзу, концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеу мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаның қаражаты бекiтiлген Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар тiзбесiнiң негiзiнде әр түрлi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлуге жатады, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарлама қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ТЭН әзiрлеудi немесе түзетудi, сондай-ақ қажеттi сараптама жүргiзудi, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
      Егер жергiлiктi БИЖ-ды қаржыландыру жергiлiктi бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылса, ТЭН әзiрлеудi қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы есебiнен жүзеге асырылады.
      Егер БИЖ-ды республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткiзудi салалық орталық мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      Егер БИЖ-ды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ республикалық бюджеттiң нысаналы даму трансферттерi мен кредиттерi есебiнен қаржыландыру жоспарланып отырған жобаларды жүзеге асыру ұсынылса, инвестициялық ұсынысты салалық сараптамадан өткiзудi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргiзедi.
      Бюджеттiк инвестициялық жобаны және концессиялық жобаны республикалық не жергiлiктi ретiнде бiрлесiп қаржыландыру шартымен анықтау Бюджет кодексiнiң 151-бабында белгiленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      448. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеудiң ТЭН әзiрлеудi немесе түзетудi, сондай-ақ қажеттi сараптамасын жүргiзудi қаржыландыруға өтiнiмдер бередi.
      450. БИЖ ТЭН-ін әзiрлеудi немесе түзетудi, сондай-ақ қажеттi сараптамадан өткiзудi қаржыландыруға өтiнiм ТЭН әзiрлеу жоспарланатын ағымдағы жылы қалыптастырылады және мынадай құжаттарды:
      1) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағын;
      2) БИЖ ТЭН-ін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптамадан өткiзу құнын негiздейтiн ақпаратты;
      3) БИЖ ТЭН-ін әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамадан өткiзуге техникалық тапсырманы;
      4) инвестициялық ұсынысқа салалық сараптамасын;
      5) БИЖ ТЭН-і бойынша өзгертілуі болжанатын техникалық шешімдері және/немесе қосымша шығыстарды көрсетілген салыстырмалы кестені, сондай-ақ бекітілген БИЖ ТЭН-ін (БИЖ ТЭН-і түзетілген жағдайда) қамтуы тиіс.
      451. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне жiбередi.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуге оң экономикалық қорытынды негізінде инвестициялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша олар бойынша қорытынды жасайды және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      452. Бюджеттiк комиссия iрiктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган БИЖ тiзбесiн қалыптастырады, ол бойынша ТЭН әзірлеу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      454. Әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тiзбе мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган дайындайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жеке шешiмiмен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiледi.
      458. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың сараптама қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      459. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамасын өткізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар жасайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамасын өткізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар жасайды және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      460. Бюджеттiк комиссиялар мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган ТЭН-дi әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптаудан өткiзу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
      462. Әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тiзбе, дайындығын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жеке шешiмiмен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiледi.
      463. Мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеу жөнiндегi қызметтердi қаржыландыруға өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға жiбередi.
      465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінген бюджеттік бағдарламасы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      466. Тиiстi бюджеттiк комиссия қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеу жөнiндегi қызметтердiң тiзбесiн, сондай-ақ әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың түрлерi мен көлемдерiн айқындайды.
      468. Әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың атауын және сомасын қамтитын тiзбе дайындайды, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен немесе жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiледi.
      469. Егер тиiстi бюджет комиссиясының тiзбелерді қарау нәтижелерi бойынша бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаның қаражаты толық мөлшерде бөлiнбеген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган тiзбелер бекiтiлген айдан кейiнгi екiншi айдың 1 күнiне дейiн бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының негiзiнде, бөлiнген бюджет бағдарламасы қаражатының қалған сомасына бюджеттiк және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеудiң ТЭН-ін әзiрлеудi немесе түзетудi, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын өткізудi қаржыландыру мәселесiн енгiзедi.
      Тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатының қалған сомасына тiзбелерге толықтыруды қалыптастыру, тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу және бекiту осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзiрлеудi және оны сараптамадан өткiзудi, концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеудi қаржыландыру бойынша тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейiннен өзгерiстер енгiзе отырып, тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларды бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешіміне немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерiстер енгiзу туралы белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған Қазақстан Республикасы Үкiметi шешімінің немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламаларын қалпына келтiру жолымен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруды қамтамасыз етедi.»;
      473. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға бюджеттiк инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзiрлеу немесе түзету, концессиялық жобаларды консультативтiк сүйемелдеу бойынша iс-шараларды iске асыру барысы туралы ақпаратты есептi айдан кейiнгi айдың 10 күнiне дейiн ұсынады.»;
      51-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «51-тарау. Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптамадан өткiзудi және бағалауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртiбi»;
      474516 және 521-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «474. Осымен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау бойынша бюджеттiк бағдарламаның қаражатын бөлу тәртiбi айқындалады.
      Концессиялық ұсыныстарға сараптаманы; концессиялық ұсыныстарға экономикалық сараптаманы; республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасын; конкурстық құжаттама сараптамасын, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезiнде; концессионердi таңдау бойынша конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер сараптамасын; концессия шарттарына жобаларының сараптамасын, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезiнде; мемлекет тапсырмасын алуға концессионердiң ұсыныстарына сараптаманы; республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын; мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын; республикалық бюджет қаражатты есебiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын; концессиялық жобаларды, оның iшiнде бюджеттен қоса қаржыландыру шартында iске асырудың мониторингi мен бағалауды; бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды; заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалауды қаржыландыруды бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттамаға сараптама мен бағалауды қаржыландыру деп түсiну қажет.
      516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің шотына теңгемен түседі.
      521. ҚР Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
      ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт түрінде берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде айлар бойынша бөлінген ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлемін ҚР ҰБ назарына жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.»;
      531-тармақ алынып тасталсын;
      596-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шоты) қаражат қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес алдағы төлем күніне дейінгі отыз бес күн бұрын негізгі борыштың, есептелген пайыздардың (сыйақының), сондай-ақ өзге де төлемдердің алдағы төлемдерінің жүз пайызы мөлшерінде белгіленеді;»;
      599-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «599. Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын үкіметтік қарыздар бойынша кезекті қаржы жылына арналған болжамды деректер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп:»;
      602-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «602. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан сыртқы қарыз тартуды болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкiметтiк сыртқы қарыздар тiзбесiнiң шеңберiнде жобаны (жобалық құжаттың іс-шараларын) (бұдан әрі - жоба) iске асыруға бағытталған әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба және/немесе бюджеттiк бағдарлама бойынша республикалық бюджет комиссиясының оң шешiмi негiзiнде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Республикалық бюджет комиссиясының шешімінде үкіметтік сыртқы қарыз есебінен қаржыландыруға болжанған жобаны қаржыландырудың көздері мен тетігі белгіленеді.»;
      603-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «603. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиiстi кезеңге арналған болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкiметтiк сыртқы қарыздар тiзбесiнiң шеңберiнде белгiлi бiр қарызды тарту туралы мүдделi министрлiктер мен ұйымдарды тарта отырып:»;
      604-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шарттардың қолайлылығын және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;»;
      606 және 607-тармақтар алынып тасталсын;
      608612613615 және 616-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «608. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      612. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушілерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негізінде сыртқы қарыздардың қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
      613. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарыздар жөнiндегi атқарушы агенттердiң (түпкi қарыз алушылардың, банктердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң) мiндеттi түрде ұсынған, сондай-ақ қарыз берушiлерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негiзiнде жобалардың iске асырылуына мониторинг жасауды жүзеге асырады. Атқарушы агенттердiң ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      614. Халықаралық қаржы ұйымдарының немесе басқа қарыз берушiлердiң (бұдан әрi - қарыз берушiлер) Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн қарыз шарттары шеңберiнде қарыз қаражатын пайдалану мониторингiн жүзеге асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жоба құрауыштары бөлiнiсiнде, оның iшiнде республикалық бюджеттiң қаражатынан жылдар бойынша қарыз шартының бүкiл қолданылу кезеңiнде iс-шаралар тiзбесiн, қаржыландырудың мерзiмi мен көлемiн қамтитын инвестициялық жобаны iске асыру жоспарын осы Ереженiң 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне қарауға және бекiтуге шығарады.
      615. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
      1) белгiленген штат саны шегiнде жобаны iске асыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;
      2) кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде жобаны қаржыландыру көлемiн белгiленген тәртiппен жоспарлайды;
      3) қарыз шартында көзделген рәсiмдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жолымен жобаны iске асыруды жүзеге асырады;
      4) қарыз берушiмен келiсiлген конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсететiн қызметтердi сатып алуға келiсiм-шарттар жасасады;
      5) жасасқан келiсiмшарттардың мониторингiн, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының және қазақстандық тарапының бiрлесiп қаржыландырған қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
      6) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен қарыз шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оның iшiнде қарыз санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыздың қаражатына қол жеткiзу мерзiмiн ұзартуды келiседi.
      616. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қарыз алушы ретiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) осы Ереженiң 59-тарауымен регламенттелетiн егер ол қарыз шартында немесе жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген жағдайда жобаны iске асыруға қатысу үшiн қазақстандық екiншi деңгейдегi банктердi немесе басқа ұйымдарды iрiктеудi жүзеге асырады;
      2) Банктермен келiсiм бойынша үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрлесiп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкi қарыз алушымен кредиттiк шарт әзiрлейдi және оған қол қояды;
      3) қарыз шартты пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
      4) қарыз шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi келiседi.»;
      67-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «67-тарау. Қарыз қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу»;
      621627 және 630-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «621. Егер, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкіметтік сыртқы қарыз шеңберінде қаржыландырылатын жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      627. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтимал кредиторлармен келіссөздер жүргізеді;
      3) мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады;
      4) мемлекеттік кепілдіктер береді.
      630. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      1) инвестициялық жобаларды қарау процесінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етеді;
      2) инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын жүзеге асырады;
      3) мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту үшін несие капиталының нарықтарын (ішкі және сыртқы) айқындайды;
      4) жоспарланып отырған мерзімге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалардың тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      639-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «639-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады.»;
      642643644661663665774 және 776-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «642. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 шiлдесiнен кешiктiрмейтін мерзiмде экономикалық қорытындылар негiзiнде жобалар бойынша экономикалық қорытындыларын қоса, мемлекеттiк кепiлдiктермен мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      643. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ұсынған инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қарау кезiнде кезектi жылға арналған мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитiне енетiн, бiр жылға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн айқындайды.
      644. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және әрбiр инвестициялық жоба бойынша мемлекеттiк кепiлдiктердiң сомасын қайта қарайды.
      661. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мен республиканың бюджеттiк өлшемдерi негiзiнде тиiстi бюджет комиссиясының қарауына iшкi нарықта айналысы үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару жолымен республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы жөнiндегi ұсыныстарын жiбередi, жоспарланған жылдарға көзделетiн қызмет көрсетуге және өтеуге арналған болжамдық көлемiн айқындайды.
      Тиiстi бюджет комиссиясы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейiн республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың кезектi қаржы жылына арналған бюджетi туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмнiң жобасын белгiленген тәртiппен жасайды.
      663. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органның борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарланған бюджет тапшылығын, жоспарланған жылға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және осы ұсыныстарды жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет жобаларын қалыптастыру жөнiндегi Республикалық бюджет комиссиясына жiбередi.
      665. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, жергiлiктi бюджеттердiң жоспарланған бюджеттiк тапшылығын қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және оларды қарау үшiн тиiстi Бюджет комиссиясына жiбередi.
      774. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      концессиялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
      кепiлгерлiк шартын жасасады;
      мемлекет кепiлгерлiгiн бередi;
      коннцессиялық міндеттемелерді қаржылық шекарасын және қабылдау артықшылықтарын айқындайды.
      776. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттамаға сараптама жүргiзу және бағалау мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады;
      конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келiседi;
      жоспарланған кезеңге мемлекет лимитiн беру немесе кепiлгерлiгiнiң лимит көлемiнiң ұлғаюы бойынша ұсынысты, кезекті қаржы жылының лимитi шегiнде олар бойынша мемлекет кепілгерлігі лимитiнiң берiлуi немесе көлемiнiң ұлғаюы мүмкiн концессиялық жобалар тiзбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.»;
      93-қосымшада:
      «4.1. Әкiм:» деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.1. Әкiм:
      - осы Келiсiмде келтiрiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзудi толық көлемде және кепiлдендiрiлген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;
      - 10-тармақта көрсетiлген мерзiмде және нысанда ЖТБНӘ-ге тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы есептi ақпарат берiп отыруға;
      - қызметтiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу тәуекелдерiн басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;
      - мемлекеттiк орган қызметiнiң жоспарланған көрсеткiштерiне барынша табысты қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi шараларды, оның iшiнде қосымша iс-шараларды өткізуге;
      - тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу үшiн жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi уақтылы, тиiмдi және мақсатқа сай пайдалануға;
      - жоғары тұрған бюджеттен нысаналы дамуға арналған трансферттері есебiнен қаржыландырылатын әрбiр жаңа жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаны қаржыландыруға жергiлiктi бюджеттен қаражат бөлуге;
      - республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерi есебiнен орындалатын iс-шаралармен байланысты шығыстарды, объектiлердiң техникалық параметрлерi, өндiрiстiк қуаттары өзгерген жағдайларда жергiлiктi бюджеттен қаржыландыруға;
      - өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жоғары тұрған бюджеттiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы даму трансферттердiң сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн қайтаруға;
      - өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ағымдағы қаржы жылы iшiнде жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы даму трансферттердiң сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттi атқару жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органның "Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердi қайтару" түсiмдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттiң кiрiсiне қайтаруға;
      - өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрi пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган шешiм қабылдамаса, жыл басына арналған бюджеттiк қаражат қалдықтары есебiнен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;
      - мемлекеттiк қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн бiр ай iшiнде осы трансферттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға мiндеттенедi.»;
      «4.2. Әкімнің:» деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.2. Әкімнің:
      - ЖТББӘ-нен нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуын талап етуге;
      - ЖТББӘ-нен нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмаған жағдайда бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін (аудан әкімі, бірінші басшы - облыс әкімін) хабардар етуге;
      - өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен дамытуға бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнем пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейін олар бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға үнемдеудің тиісті сомасын пайдалануға;
      - ЖБББӘ келісімі бойынша Келісімге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.»;
      осы қаулының 12345 және 6-қосымшаларына сәйкес 32-1, 37-1, 50-1, 92-1, 119 және 120-қосымшалармен толықтырылсын;
      17-138404349626376 және 102-қосымшалар осы қаулының 7891011121314 және 15-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына 
1-қосымша    

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне     
32-1-қосымша    

_____________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

________ жылғы «___»____________________

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне код беруге және
шотын ашуға арналған өтінім

КСС атауы

Салық органының коды (салық кірістерін  есепке алу аймағы)

Экономика секторы

КСС басшысының Т.А.Ә.

КСС бас есепшісінің Т.А.Ә.

КСС СТН

Мемлекеттік тіркелімгеенгізген КСС-тың мекен-жайы, телефоны, факсі

Негіздеме (КСС-ты құрылуын негіз болған нормативтік құқықтық акті)

1

2

3

4

5

6

7

8









Квазимемлекеттік сектор субъектіcінің
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы)

_________ __________________________
(қолы)     (қолды таратып жазу)  

М.О.
Жауапты орындаушының белгісі

____________________________________ ____ жылғы «__» _________ ашылды
    (квазимемлекеттік сектор
       субъектісінің коды)

____________________________________ ____ жылғы «__» _________ ашылды
    (квазимемлекеттік сектор
       субъектісінің шоты)

Жауапты орындаушы __________ ____________________________________
                    (қолы)              (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына 
2-қосымша    

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне      
37-1-қосымша     

_____________________________________________________________________ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

________ жылғы «___»____________________

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге
арналған өтінім


р/с

КСС коды

КСС–тың бұрынғы атауы

КСС-тың жаңа атауы

Өзгеріс енгізуге негіздеме

1

2

3

4

5






Квазимемлекеттік сектор субъектісінің
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы)

_________ __________________________
(қолы)     (қолды таратып жазу)  

М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
3-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне        
50-1-қосымша      

_____________________________________________________________________ (бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

_____________________________________________________________________ (квазимемлекеттік сектор субъектісі)

_____ жылғы «___» ___________ _____

Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының әрекеттерін
тоқтатуға және шоттарын жабуға арналған  өтінім

КСС атауы

КСС коды

Салықтық түсімдерді есепке алу үшін өңірдің салық органының коды

КСС-тің СТН

Заң тіркеліміне енгізілген КСС-тың мекен-жайы, телефоны, факсі

Кодтың әрекетінің тоқтатылуына негіздеме

1

2

3

4

5

6







Сонымен бірге _____________________________________ жабуды сұрайды
              (квазимемлекеттік сектор субъектісінің
                        ҚБШ нөмірі көрсетіледі)
 
КСС/бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің басшысы

_________ __________________________
(қолы)     (қолды таратып жазу)  

М.О.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық
қазынашылық бөлімшесінің белгісі
_____________________________ ___ жылғы «___» __________ жабылды
   (квазимемлекеттік секторы
   субъектісі кодының нөмірі)
 
___ жылғы «___» __________ __________________________________________
                             (квазимемлекеттік сектор субъектісінің
                                    ағымдағы шотының нөмірі)
жабылды
Бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның аумақтық қазынашылық
бөлімшесінің басшысы
___________ ____________________________
   (қолы)        (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
4-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне       
92-1-қосымша     

_____________________________________________________________________
          (аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы)

Квазимемекеттік сектор субъектісінің шотына қойылған инкассолық
өкiмдердi есепке алу журналы

________________ ж. басталды.
________________ ж. аяқталды.

Сақтау мерзімі _____________________
Номенклатура бойынша істің № _____________________

Р/с

ККС

Инкассолық өкім

Өндіріп алу кімнің пайдасына

Берілген күні

Орындалуы туралы белгі

атауы

коды

қойған кім

дата

нөмірі

сомасы

орындалған күні

сомасы

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
5-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне        
119-қосымша      

Есепті беру қаржы жылына бекітілген жоспар
20 ___ ж. «____» __________

Бюджет
Ұйым
Валюта
Кезең жылы
Кітап
Деректерге рұқсат жинау

Upl

Қор

Ораналасқан жері

Бағд., Кіші бағд. әкімшісі

Ерекшелік

Рұқсаттың түрі

Мемл. мекеме

Қаржыландыру көздері

1 Резерв

2 Резерв

Қаңтар-жж

Ақпан -жж





Жиыны:

кестенің жалғасы

Наурыз- жж

Сәуір -жж

Мамыр- жж

Маусым -жж

Шілде -жж

Тамыз- жж

Қыркүйек -жж

Қазан-жж

Қараша -жж

Желтоқсан-жж

Жиыны

Хабарлама














Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының Т.А.Ә.:
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесі басшысының Т.А.Ә.:

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына 
6-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне       
120-қосымша      

Есепті берудің қаржы жылына нақтыланған жоспары

20 ___ ж. __________ «____» негізінде
__________________

Санаты
Ұйым
Бюджет
Пакеттің аты

Upl

Кезең

Қор

Орналасқан жері

Бағд.,

Кіші бағд. әкімшісі

Ерекшелік

Рұқсаттың түрі

Мемлекеттік мекеме

Қаржыландыру көздері

1 Резерв

2 Резерв

Дебет

Кредит

Хабарлама







Жиыны:

Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының Т.А.Ә.:
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесі басшысының Т.А.Ә.:

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына   
7-қосымша       

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне         
17-1-қосымша       

_____________________________________________________________________
     (жоспардың, жоспарға өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалардың)

тiзiлiмi

Тізілімнің күні _________________________
Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi
уәкiлеттi органның/бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiсiнiң/ММ атауы ____________________

Р/с

Мемлекеттiк мекеменiң коды

Жоспарлардың (жоспарға өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалардың) атауы

Файлдың атауы

Мөлшері

Ескертпе

1

2

3



4

5































Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi
уәкiлеттi органның/бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiсiнiң/ММ басшысы _______________ _____________
                          (аты-жөнi)      (қолы)

Жауапты орындаушы _______________ _____________
                     (аты-жөнi)       (қолы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
8-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне         
38-қосымша        

5-19-нысаны
Есеп жүргiзiлдi: Күнi - Уақыты
№ Х-беті

Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік,
қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол
ақшасын бақылау шоттарының және квазимемлекеттік сектор
субъектілері шоттарының тізбесі

Өңір: _____________________________
Қаржыландыру көзі: ________________

Р/с

ЖСК

Мемлекеттік мекеменің /квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды

СТН

Шоттың атауы

Ашылған күні

Қозғалыс күні

Қолданылу күні

Жабылу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Жауапты орындаушы _______________________
                          (қолы)
М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
9-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне        
40-қосымша       

Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері

Мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен атауы)


Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің орналасқан жері


Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды




Қолма-қол ақшаны бақылау шотының (шоттың) жеке сәйкестендіру коды


Қолма-қол ақшаны бақылау шотының немесе шоттың атауы


Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң орналысқан жерi


Аумақтық қазынашылық бөлiмшесінiң қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiлерiн қабылдағаны туралы белгi

200_ж. «__»_____________
______ _________________
(қолы)      (Т.А.Ә.)

Осы құжатта көрсетiлген үлгiлер клиенттiң келiсiмiн талап ететiн қолма-қол ақшаны бақылау шоты және/немесе шот бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде мiндеттi деп есептелсiн
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(операциялардың (шарттарға, азаматтық-құқықтық шарттарды тiркеуге өтiнiмге, хабарламаларға, төлеуге берiлетiн және Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген басқа да шоттарға қол қоюға арналған) түрлерi көрсетiлсiн)

Атқаратын лауазымы

Тегi, аты, әкесiнiң аты

Қолдардың үлгiлерi

Қолданылу мерзiмi (қолды уақытша ауыстыру кезiнде)

Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр бедерiнiң үлгiсi

Бiрiншi қолы:

















Екiншi қолы:

















Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi басшысының немесе мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғалары қолдарының үлгiлерiн растайтын оларға уәкiлеттi тұлғаның тегi және аты-жөнi

Мемлекеттiк мекеменiң қолдарының және мөр бедерiнiң үлгiлерiн куәландыру күнi

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдарының және елтаңбалық мөр бедерiнiң үлгiлерiн куәландыратын тұлғаның қолы




(қолы)




(мөр бедерi)

Артқы бетi
Заңды тұлға өкiлiнiң қолының
түпнұсқалығын растау туралы
куәландыру жазбасы

мен, нотариус ___________________________ ____ жылғы «__» ___________
               (тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
(мемлекеттiк нотариалдық кеңсенiң атауы немесе жеке нотариустың
            лнцензиясы берiлген нөмiрi және күнi)
________________ менiң қатысуыммен жасалған _________________________
                                           (лауазымы, заңды тұлғаның,
________________________________ қолының түпнұсқалығын куәландырамын.
өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
 
Өкiлдiң жеке басы белгiлендi, оның өкiлеттiгi тексерiлдi.
Тiзiлiмде N _____________ тiркелдi
_____________ мемлекеттiк баж алынды.
Нотариус _________________ М.О. ________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
10-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне      
43-қосымша      

5-20-нысан
есеп жүргізілді:
Күні - Уақыты
№ Х-беті

__________ арналған квазимемлекеттік сектор субъектіcінің
қолма-қол ақшаны бақылау шотынан/шотынан үзiндi

Өңір:
Бюджет түрі:
Қаржыландыру көзі:
Банктің коды (БСК):
Банктің атауы:
Банктік шот нөмірі (ЖСК):
Банктік шоттың атауы:
Мемлекеттік мекеменің атауы/ККС
Қолма-қол ақшаның бақылау шоты:
ҚБШ сипаттамасы:
Өлшем бірлігі: теңге

Жыл басындағы қалдық
Кіріс қалдығы

ДЕБЕТ

КРЕДИТ

Операциялар саны

№ транз

БСК

ЖСК

БІР КҮНГІ АЙНАЛЫМ




ДЕБЕТ

КРЕДИТ






ЖИЫНЫ

Шыққан қалдық
Жауапты орындаушылар ______________ ______________
                         (қолы)         (қолы)

М.О.                      М.О.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
11-қосымша      

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне       
49-қосымша      

5-34 А нысаны
Күні - Уақыты
№   1 беті

Ақылы қызметтердiң, демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң,
ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сындағы және квазимемлекеттік
сектор субъектісінің шотындағы қалдықтар туралы есеп

Өңір: __________________________________
Бюджет түрі: ___________________________
Әкімші: ________________________________
Қаржыландыру көзі: _________________
Кезең: ____________________________ дейін
Өлшем бірлігі: мың теңге

Әкімші/мем. мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі

Атауы

Кіріс қалдығы

Дебет

Кредит

Кезеңдегі сальдо

Шығыс қалдығы

1

2

3

4

5

6

7
















Есеп бойынша жиыны






Аумақтық қазынашылық       Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi
бөлiмшесінiң басшысы       органның басшысы
________ ___________            ________ ______________
(қолы) (аты-жөнi)   М.О.       (қолы)     (аты-жөнi)
М.О.

Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi
уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы
________ ______________
(қолы)      (аты-жөнi)

________ ___________              ББӘ басшы ________ ______________
(қолы)    (аты-жөнi)                        (қолы)   (аты-жөнi)
М.О.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің
жауапты орындаушысы М.О.
_____________ _______________
    (қолы)        (Т.А.Ә)

М.О. Есептi тексеруге жауапты
құрылымдық бөлiмшенiң басшысы
________ ______________
(қолы)     (аты-жөнi)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
12-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне      
62-қосымша     

_____________________________________________________________________
(бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық
қазынашылық бөлiмшесi)

Ақша алушыны ақша алушы анықтамасына енгiзуге өтiнiм

Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды
_________________________________
Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы
_________________________________

Р/с

Ақша алушының атауы

Ақша алушының СТН

БСК

ЖСК

КБе (экономика секторы)

1

2

3

4

5

6













ММ/КСС басшысы ___________ ____________
                 (қолы)     (аты-жөнi)

      М.О.

ММ/КСС бас бухгалтерi ___________ ___________
                        (қолы)     (аты-жөнi)

      М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
13-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне      
63-қосымша     

_____________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық
қазынашылық бөлімшесі)

Ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгiзуге арналған
өтiнiм

Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды ______________________________
мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы
______________________________

Р/с

ҚИАЖ-ға енгізілген ақпарат (атауы, СТН, БСК, ЖСК, Кбе)

Өзгертілуі қажет ақпарат (атауы, СТН, БСК, ЖСК, Кбе)

1

2

3




ММ/КСС басшысы ___________ ____________
                 (қолы)     (аты-жөнi)

М.О.
ММ/КСС бас бухгалтерi ___________ ___________
                          (қолы)     (аты-жөнi)

М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
14-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне        
76-қосымша       

5—15 нысан
Есеп жүргізілді ____
X-тен ___ бет

Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің
жүргiзiлген төлемдерi бойынша күн сайынғы үзiндi

Өңір:__________________________________________________
Бюджет түрі: __________________________________________
Қаржыландыру көзі: ____________________________________
Мемлекеттік мекеменің/КСС коды ________________________
Мемлекеттік мекемені/КСС атауы: ______________________
Кезең: ________________________________________________
Өлшем бірлігі: ________________________________________

Р/с

Төлем №

Төлем күні

Сомасы

Хабарлама №

Төлем шотының нөмірі/төлем тапсырмасының №

Мекеме/Бағдарлама/Кiшi бағдарлама/ Ерекшелiк

Алушының егжей тегжейі

СТН

атауы

Банк БСК

Шотының ЖСК



































































БАРЛЫҒЫ:



Жауапты орындаушы _____________________
                         (қолы)

М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 352 қаулысына  
15-қосымша     

Бюджеттің атқарылуы және 
оған кассалық қызмет көрсету
ережесіне         
102-қосымша       

2-37-нысан

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферт бөлуге
арналған өтінім

___________ жылғы «____» ______________

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай деректемелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ақша аудару қажеттілігі туралы хабарлайды:

кепілді

Бюджеттің атауы

Бенефициардың атауы

Бенефициардың ЖСК

Бенефициар банкінің БСК

БСН

Бюджеттік сыныптаманың коды

Төлемді тағайындау коды

Сомасы теңгемен

Республикалық бюджет








Бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органның басшысы ________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады