"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 364 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.02.2020 № 33 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген 1-бөлімде:

      "Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің ағымдағы жағдайы" деген кіші бөлімде:

      он сегізінші абзацтағы ", кредит - 15,7 млрд. теңге" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық дамуын талдау

      Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық секторы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің төмен болуымен, ескірген технологияларды пайдаланумен, қосылған құны төмен өнім шығарумен, сала субъектілерінің инновациялық белсенділігінің әлсіздігімен негізділген еңбек өнімділігінің төмендігімен сипатталады.

      Ауыл шаруашылығын табысты жүргізудің әлемдік тәжірибесін талдау ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижелерін жақсартуға инновацияларды енгізу есебінен қол жеткізілетінін көрсетеді. Бұл ретте инновациялық даму міндеттері инновацияларды меншікті зерттеу базасына шоғырландыру есебінен (АҚШ, Франция, Германия), шетелдік технологиялардың трансферті және бейімдеу есебінен (Аргентина, Австралия, Қытай) не алдыңғы екі тәсілді құрамдастыру, яғни меншікті ғылыми базаны (Бразилия, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония) бір мезгілде дамыта отырып, технологиялардың трансферті жолымен шешіледі.

      Әлемдік тәжірибені, айналадағы жағдайларды және қолдағы ресурстарды ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығында инновацияларды дамытудың оңтайлы тәсілі ретінде шетелдік технологиялардың трансфертін меншікті ғылыми зерттеулермен үйлестіру айқындалған.

      2007 жылы мемлекеттің аграрлық ғылым және инновация саласындағы активтері біртұтас компанияға – жарғылық капиталына мемлекет 100 % қатысатын "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "ҚазАгроИнновация" АҚ) біріктірілген болатын. Қазіргі уақытта "ҚазАгроИнновация" АҚ-ның АӨК дамытуды ғылыми қолдау жөніндегі мамандандырылған ұйым және инновациялық даму институты мәртебесі бар әрі ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

      Ауыл шаруашылығы саласында инновациялық саясатты іске асыруға "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының қатысуы инновациялық сипаттағы инвестициялық жобаларды басымдықпен қаржыландыру, сондай-ақ "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының және еншілес акционерлік қоғамдардың қызметінде инновацияларды енгізу және дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.";

      "Құқықтық факторлар" деген кіші бөлімде:

      бірінші бөлік "Заңын" деген сөзден кейін "және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      "3. Қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметінің басты көрсеткіштері, күтілетін нәтижелер" деген бөлімде:

      "Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің артуын ынталандыру" деген 1-стратегиялық бағытта:

      1-мақсатта:

      тақырыбы "Жоғары технологиялық" деген сөздерден кейін "(инновациялық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      Міндеттерінде:

      2), 4) және 5) тармақшалар "жоғары технологиялық" деген сөздерден кейін "(инновациялық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      Қызметінің түйінді көрсеткіштеріндегі 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) холдинг іске асыратын ірі инвестициялық жобалардың жалпы көлеміндегі инновациялық жобалардың үлесі, %;";

      Күтілетін нәтижелер:

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Холдинг іске асыратын ірі инвестициялық жобалардың жалпы көлеміндегі инновациялық жобалардың үлесі 2015 жылға қарай 29%-ды, 2020 жылғы қарай 35 %-ды құрайды.";

      "Ішкі азық-түлік нарығын дамыту және реттеу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу" деген 2-стратегиялық бағытта:

      1-мақсатта:

      Қызметінің түйінді көрсеткіштеріндегі 2) тармақша алынып тасталсын;

      "АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға көмек көрсету" деген 3-стратегиялық бағытта:

      1-мақсатта:

      Міндеттерінде:

      "4) мемлекет аумағында және шет елдерде көрме-жәрмеңке іс-шараларын, бизнес-форумдар, конференциялар өткізу." деген тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ел аумағында және шет елдерде көрме-жәрмеңке іс-шараларын, бизнес-форумдар, конференциялар өткізу;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) қарқынды мал шаруашылығын дамыту.";

      Күтілетін нәтижелер:

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарқынды мал шаруашылығын дамыту етті мал популяциясының генетикалық әлеуетін және оның өнімділік сапасын жақсартуға, индустриялық негіздегі етті мал шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік береді, бұл оның экспорттық әлеуетін 2016 жылға қарай 60 мың тоннаға дейін және 2020 жылға қарай 180 мың тоннаға дейін жеткізуге, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыруға, шамамен 20 мың жұмыс орнын құруға, етті мал басының санын ірі қара мал басының жалпы санының 61 %-на дейін жеткізуге, 2020 жылға қарай бордақылау алаңдарын ең таңдаулы етті тұқымды 1,1 млн. тайыншамен жыл бойы толықтыруға, АӨК сабақтас кіші салаларын дамыту үшін (жемшөп өндірісі, сүтті, етті, теріні қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі, қызмет көрсету және жөндеу) мультипликативтік оң нәтижеге жетуге жағдай жасайды.";

      "Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын жоғарылату" деген 4-стратегиялық бағытта:

      1-мақсатта:

      Міндеттерінде:

      5) тармақшадағы "басқару." деген сөз "басқару;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) холдинг компаниялар тобына инновацияларды енгізу және дамыту.";

      Қызметінің түйінді көрсеткіштерінде:

      2) тармақшадағы "төмендету, %." деген сөз "төмендету, %;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) холдинг компаниялары тобының қызметіне инновациялар енгізу дәрежесі, %.";

      Күтілетін нәтижелер:

      мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Инновацияларды дамыту және енгізу бизнес-процестерді автоматтандыру және қазіргі заманғы технологиялар мен басқару стандарттарын енгізу арқылы АӨК дамуын қолдау туралы шешім қабылдаудың жылдамдығы мен сапасын едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді.".

      2-қосымшада:

      "Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің артуын ынталандыру" деген 1-стратегиялық бағытта:

      1-мақсатта:

      тақырыбы "жоғары технологиялық" деген сөздерден кейін "(инновациялық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      кестеде:

      мына:

      "

ҚТК2.

Холдингпен сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының саны, бірл.

1363

1009

1535

1768

2070

2192

2223

2261

2378

2495

2613

2793


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Холдинг іске асыратын ірі инвестициялық жобалардың жалпы көлеміндегі инновациялық жобалардың үлесі,%

Х

Х

25

26

27

28

29

30

31

32

33

35


      ";

      "Ішкі азық-түлік нарығын дамыту және реттеу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу" деген 2-стратегиялық бағытта:

      1-мақсатта:

      кестеде:

      мына:

      "

КТК 2.

1 сұрыпты бидай ұны нанының (формалы) 1 кг бағасының ұйғарымды құбылмалық деңгейін қамтамасыз ету, теңге*

72

70

60-тан 80-ге дейін

68-ден 92-ге дейін

80-нен 105-ке дейін

90-нан 120-ға дейін

Х

Х

Х

Х

Х

Х


      "

      деген жол алынып тасталсын:

      мына:

      "Ескерту: *нанның бағасының құбылмалылығы астық өнімділігінің маусымдық ауытқуына байланысты 5 жыл уақыт аралығында орташа өлшенген шама ретінде есептеледі, 2015 жылы көрсеткіштер қайта есептеледі" деген жол алынып тасталсын;

      "Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын жоғарылату" деген 4-стратегиялық бағытта:

      1-мақсатта:

      кестеде:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

ҚТК 3.

Холдинг компаниялары тобының қызметіне инновациялар енгізу дәрежесі, %

Х

Х

0,6

7,1

10,4

11,6

Х

Х

Х

Х

Х

Х


      ";

      3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 364 қаулысына
қосымша
  "ҚазАгро" ұлттық басқарушы
холдингі" акционерлік қоғамының
2011 – 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына
3-қосымша

Қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша "ҚазАгро" ұлттық
басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 – 2020
жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру үшін
қаржыландыру көлемінің болжамы*

      млн. теңге


Қаржыландыру көздері

Жылдар

2009 факт

2010 факт

2011 бағалау

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Барлығы, оның ішінде:

209 811,5

168 638,9

265 671,2

180 361,9

212 842,9

194 220,9

217 937,2

219 822,5

216 558,1

209 487,6

212 193,2

213 020,4

Бюджеттік инвестициялар

5 976,8

35 410,0

50 900,0

9 903,0

15 500,0

15 500,0

34 294,2

24 250,0

21 750,0

21 750,0

21 750,0

21 650,0

Бюджеттік кредит беру

0,0

80 000,0

78 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

Бюджеттен тыс инвестициялар, оның ішінде:

203 834,7

53 228,9

136 771,2

90 458,9

117 342,9

98 720,9

103 643,0

115 572,5

114 808,1

107 737,6

110 443,2

111 370,4

Ұлттық қордың қаражаты**

141 590,0

22 179,1

61 000,0

34 992,3

34 536,4

10 000,0

13 000,0

14 000,0

10 000,0

0,0

0,0

0,0

меншікті қаражат

25 646,2

25 304,3

74 024,1

44 356,6

76 546,5

86 720,9

88 643,0

99 572,5

102 808,1

105 737,6

108 443,2

109 370,4

сыртқы капитал нарықтарынан тарту

788,8

361,4

0,0

1 725,0

1 725,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

ішкі капитал нарықтарынан тарту

35 809,7

5 384,1

1 747,1

9 385,0

4 535,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0

1 000,0


      Ескертпе:

      * бұл кестеде келтірілген сандық көрсеткіштер бағалаушы болып табылады және нақты бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру мөлшелеріне сәйкес өзгеруі мүмкін;

      ** Ұлттық қордың қаражаты қайтарылған кредит ресурстарын қайта қаржыландыруды ескере отырып көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады