Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидалары;
      2) Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 220-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1482 қаулысы;
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 209 қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 286-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 1236 қаулысымен
бекітілген

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына, 184-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және  акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын (бұдан әрі – даму стратегиясы) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
      2) даму стратегиясы – ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiн айқындайтын және негiздейтiн құжат;
      3) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында белгіленетін атқарушы органның функциясын дара басшылықпен жүзеге асыратын тұлға;
      4) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік өкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
      6) электрондық есеп – «Есептілік берудің бірыңғай жүйесі» деген бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалана отырып және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) қосу үшін дайындалған қосымшаларымен даму стратегиясының және/немесе оның іске асырылуын бағалау мәтінін қамтитын есеп.

2. Компанияның даму стратегиясын әзірлеу және бекіту тәртібі

      3. Компанияның даму стратегиясы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзiнде он жылдық кезеңге бір рет әзiрленедi.
      4. Компанияның даму стратегиясы оның бес жылға арналған даму жоспарын әзiрлеуге негiз болады және оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызметi нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды әрi акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындауға құқық беретiн заңды тұлғалардың даму стратегияларын (қызметiнiң стратегиялық бағыттарын) ескере отырып, әзiрленедi.
      5. Компанияның даму стратегиясының жобасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, тиісті саланың уәкілетті органдармен немесе жергілікті атқарушы органмен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігіне және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджеттiк параметрлерге сәйкестiгiне келiсiледi және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Даму стратегиясы мынадай бөлiмдерден тұратын құжатты бiлдiредi:
      1) компанияның ағымдағы жағдайын талдау, ол мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
      сыртқы ортаны талдау, ол ағымдағы ахуалды және компания жұмыс  істейтiн және компанияның мақсаттарына қол жеткiзуге әсер етуi мүмкін құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және басқа да жиынтықтағы сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсерiн талдауды қамтиды;
      ішкi ортаны талдау, ол компания қызметiндегi қуатты және әлсiз жақтарды талдауды қамтиды.
      Сондай-ақ компанияның ағымдағы жағдайын талдау қазiргi және әлеуеттi қатерлер мен тәуекелдердi талдауды және компанияның мақсатына қол жеткізу үшiн мүмкiндiктердi айқындауды қамтиды;
      2) миссиясы мен пайымдауы, бұл ретте миссия мемлекеттің компания алдына қойған мiндеттерге сәйкес болуы және мемлекет қойған мiндеттердiң, ол орындайтын функциялардың, қызмет бағыттарының және саланы (экономиканың секторын), өңiрдi дамыту тұрғысынан компанияның негiзгi мақсатын қамтуы тиiс.
      Пайымдау болжамды кезеңнiң соңында компания орындайтын функциялар тұрғысынан оның ұстанымдарын айқындайды;
      3) қызметтiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерi мен олар бойынша күтілетін нәтижелер.
      Даму стратегиясы шеңберiнде компания қызметiнiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мiндеттерi, қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерi және олар бойынша күтілетін нәтижелер көрсетiлуi тиiс.
      Қызметтiң стратегиялық бағыттары миссияға сүйене отырып, айқындалады және Компания тиiстi әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге барынша әсер ететiн қызмет салаларын бiлдiредi.
      Әрбiр стратегиялық бағыт үшiн мақсаттар - жиынтығында компанияның жалпы мақсаттарына қол жеткiзуге алып келетiн қызметтiң нақты, өлшенетiн бағдарлар әзiрленуi тиiс.
      Әрбiр мақсатты iске асыру шеңберiнде шешiлуi тиiс мақсатқа қол жеткiзу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жағдай болуы тиiс мiндеттердi айқындау қажет. Сондай-ақ қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерi бойынша мақсатқа қол жеткiзу бағаланатын олардың тiзбесiн әзiрлеу керек. Бұл ретте аталған көрсеткiштердiң саны әрбiр мақсат бойынша 3-тен аспауы тиiс.
      Әрбiр стратегиялық бағыт үшiн даму стратегиясының мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу жөнiндегi межелi нәтижелерге сипаттама берiлуi тиiс.
      7. Компанияның даму стратегиясы оған қажеттi негiздемелердi және компания қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерiне мақсатты мәндерi бойынша есептеулерi бар қосымшаларды қамтиды.
      Даму стратегиясына қосымшалар негiзгi құжатқа қажеттi негiздемелердi және түсiндiрмелердi, схемаларды (стратегиялық карталарды), кестелердi, осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген компания түйiндi қызмет көрсеткiштерiне мақсатты мәндер бойынша есептеулердi қамтиды.
      8. Компанияның атқарушы органы даму стратегиясының жобасын жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi маусымынан кешiктiрмей әзірлеуді жүзеге асырады және оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қарауға және келісуге жібереді.
      Тиiстi саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму стратегиясының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
      Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган он күнтізбелік күн ішінде даму стратегиясының жобасын пысықтайды және оны тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан келісуге ұсынады.
      Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму стратегиясының жобасын он жұмыс күн ішінде қарайды.
      9. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) даму стратегиясы келісілгеннен кейін үш жұмыс күннен кешiктiрмей оны белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi шілдесінен кешiктiрмей даму стратегиясының жобасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар даму стратегиясының жобасын ол түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
      Ескертулер болған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы он күнтізбелік күн ішінде даму стратегиясының жобасын пысықтайды және оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар қайтадан келісуге ұсынады.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар пысықталған даму стратегиясының жобасын он жұмыс күні ішінде қарайды.
      10. Компанияның атқарушы органы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдармен даму стратегиясы келісілгеннен кейін оны он күнтізбелік күннен кешіктірмей компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
      Компанияның директорлар кеңесі даму стратегиясының жобасын он бес жұмыс күні ішінде қарайды және оны мақұлдау туралы не атқарушы органға пысықтау үшін қайтару туралы шешімді қабылдайды.
      Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулер алған сәттен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде даму стратегиясының жобасын пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайтадан ұсынады.
      Компанияның директорлар кеңесі пысықталған даму стратегиясының жобасын қайтадан енгізген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      Қайтадан қарау қорытындысы бойынша даму стратегиясының жобасын мақұлдау мерзімі осы тармақпен белгіленген мерзімнен он күнтізбелік күннен аспайтындай кезеңде компанияның директорлар кеңесі шешімінің негізінде ұзартылуы мүмкін.
      11. Атқарушы орган «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі даму стратегиясының жобасын мақұлдағаннан кейін оны ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің қарауына мақұлдау үшін енгізеді.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың жиырмасыншы қарашасынан кешіктірмей ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму стратегиясының жобасын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органға енгізуді қамтамасыз етеді.
      12. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, компанияның директорлар кеңесi мақұлдаған компанияның даму стратегиясын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қарашасына дейiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган директорлар кеңесі және ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi желтоқсанынан кешіктірмей белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi.
      13. Компанияның атқарушы органы даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысы қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының сканерленген көшірмесін электрондық есепке тіркеп, Тізілімге қосу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға (бұдан әрі - бірыңғай оператор) электрондық есепті жібереді.
      14. Электрондық есепті бірыңғай оператордың Тізілімге қосуы оның келіп түскен мерзімінен бастап компанияның электрондық мекенжайына электрондық есепті Тізілімге қосуы туралы хабарландыру жіберу жолымен бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Бірыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулері болған жағдайда, компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған сәттен бастап компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайтадан енгізбей бес жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға оны қайта енгізеді.
      15. Даму стратегиясына жылына бір реттен аспайтын мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстермен, сондай-ақ компания қызметiне маңызды әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруімен;
      2) компания қызметінің стратегиялық бағыттарының өзгеруімен;
      3) компанияның қайта ұйымдастырылуына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.
      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген жағдайларда компанияның даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) компанияның директорлар кеңесiнiң даму стратегиясына өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi туралы шешiмiнен кейiн бiр айдан кешiктiрмей, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, атқарушы орган түзетілген даму стратегиясының жобасын әзірлеуді және оны атқарушы орган тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қарауға енгізуді қамтамасыз етеді;
      2) компанияның директорлар кеңесiнiң даму стратегиясына өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi туралы шешiмiнен кейiн екi айдан кешiктiрмей, атқарушы орган түзетілген даму стратегиясының жобасын компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді;
      3) тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы түзетілген даму стратегиясының жобасын белгіленген тәртіппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келісуге енгізуді қамтамасыз етеді;
      4) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келісілгеннен кейін он бес жұмыс күннен кешіктірмей тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, компанияның директорлар кеңесi мақұлдаған компанияның даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы түзетілген даму стратегиясының жобасын мақұлдаған күннен бастап даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын он бес жұмыс күні ішінде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi.
      Түзетілген даму стратегиясының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның), мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкiлеттi органдардың және компанияның директорлар кеңесінің қарау және келісу тәртібі осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      17. Компанияның атқарушы органы даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiнің қаулысы қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының сканерленген көшірмесін электрондық есепке тіркеп, Тізілімге қосу үшін бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді.
      18. Электрондық есепті бірыңғай оператордың Тізілімге енгізуі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Компанияның даму стратегиясының іске асырылу мониторингі, бағалау және бақылау

      19. Даму стартегиясының іске асырылу мониторингін Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және компанияның даму стратегиясының көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму стартегиясының іске асырылу мониторингін оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      20. Мониторинг мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдар бекіткен, даму стратегиясының іске асырылу мониторингін жүргізу үшін есепті ақпаратты ұсыну форматын қамтитын Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Даму стратегиясының іске асырылуын бағалауды стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың (аумақтарды дамыту бағдарламалардың), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуының, оның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда (аумақтарды дамыту бағдарламаларда), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында тікелей немесе жанама аталған компанияның даму стратегиясында көрсетілген компания қызметінің түйінді көрсеткіштерінің мақсатты мәндері бойынша нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      22. Даму стратегиясының іске асырылуын бағалау аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдар бекіткен Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
      23. Даму стратегиясының іске асырылуын бағалау нәтижелерін атқарушы орган даму стратегиясының іске асырылуын бағалау нәтижелерін алғаннан кейін бес күн ішінде бiрыңғай операторға электрондық есеп түрінде ұсынады және осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген тәртіппен Тізілімге енгізіледі.
      24. Даму стратегиясының іске асырылуын бақылауды стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, компанияның даму стратегиясының, оның ішінде бұзушылықтарды анықтау, жою мен болдырмау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жолымен орындалуының толықтығы мен өз уақытылығын талдау мақсатында тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму стартегиясының іске асырылуын бақылауды оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      25. Даму стратегиясының іске асырылуын бақылау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік мүліктің орынды пайдалануын бақылау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілген мониторинг және немесе бағалау нәтижелерін ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бес жыл өткен соң есептi кезеңнен кейiнгi бiрiншi шілдеден кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Үкiметiне компаниялардың даму стратегияларының iске асырылуы туралы хабарлайды. 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 1236 қаулысымен  
бекітілген  

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына, 184-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және  акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын (бұдан әрі – даму жоспары) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
      2) даму жоспары – акцияларының бақылау пакетi (жарғылық капиталындағы қатысу үлесi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорын, акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, оның iшiнде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметiнiң бесжылдық кезеңге арналған негiзгi бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерiн айқындайтын құжат;
      3) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында белгіленетін атқарушы органның функциясын дара басшылықпен жүзеге асыратын тұлға;
      4) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік өкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
      6) электрондық есеп – «Есептілік берудің бірыңғай жүйесі» деген бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалана отырып және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) қосу үшін дайындалған қосымшаларымен даму жоспарының, сондай-ақ даму жоспарының қоса берілген нысандары мен тізбесі және/немесе оны іске асырылуын бағалау мәтінін қамтитын есеп.

2. Компанияның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі

      3. Компанияның даму жоспарының жобасы оның даму стратегиясын іске асыру мақсатында бесжылдық кезеңге бір рет әзірленеді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, тиісті саланың уәкілетті органдармен немесе жергілікті атқарушы органмен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігіне және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджеттiк параметрлерге сәйкестiгiне келiсiледi және директорлар кеңесі бекітеді.
      4. Компанияның даму жоспары акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындауға құқық беретiн заңды тұлғалардың даму жоспарларын ескере отырып, әзiрленедi және мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелер көрсеткiштерiн және инвестицияларды, кiрiстердi, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтердi (бюджетке аударылуға тиісті таза кірістің бір бөлігі), қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерi мен басқа да мәлiметтердi қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткiштерiн және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекетік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, айқындаған даму жоспары бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштердің нысандарына, тізбесіне және олардың құрамын қоса алғанда, нысандарды толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес көзделетін басқа да мәліметтерді қамтиды.
      Компанияның даму жоспарында пайдаланылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiнiң толық тiзбесi мен нысаналы мәндерiн, соның iшiнде акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындауға құқық беретiн заңды тұлғалар борышының деңгейiн компания айқындайды.
      Даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдіснамалық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекетік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып жүзеге асырады.
      5. Тиісті жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарының жобасын әзірлеуді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып, атқарушы орган жүзеге асырады. Бұл ретте жоспарланатын бірінші жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері мәнiн аша отырып (өрiстетiлген түрде), жоспарланатын кейiнгi жылдары бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдар бойынша бөле отырып көрсетіледі.
      6. Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың жиырмасыншы қыркүйегiнен кешiктiрмей, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын қарауға және келісуге жібереді.
      Тиiстi саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
      Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган он күнтізбелік күн ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиiстi саладағы уәкiлеттi органға немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан келісуге ұсынады.
      Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын он күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      7. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы даму жоспары келісілгеннен кейін үш жұмыс күннен кешiктiрмей оны белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қазанынан кешiктiрмей даму жоспарының жобасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар даму жоспарының жобасын ол түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
      Ескертулер болған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы он күнтізбелік күн ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар қайтадан келісуге ұсынады.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күні ішінде қарайды.
      8. Компанияның атқарушы органы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдармен даму жоспары келісілгеннен кейін оны жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бірінші желтоқсанынан кешіктірмей компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
      Компанияның директорлар кеңесі даму жоспарының жобасын он бес жұмыс күні ішінде қарайды және оны бекіту туралы не атқарушы органға пысықтау үшін қайтару туралы шешімді қабылдайды.
      Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулер алған сәттен бастап он күнтізбелік күннен аспайтындай мерзімде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайтадан ұсынады;
      Компанияның директорлар кеңесі пысықталған даму жоспарының жобасын қайтадан енгізу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қарайды.
      9. Даму жоспарының жобасын компанияның директорлар кеңесі жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың отызыншы желтоқсанына дейін бекітеді.
      10. Компанияның атқарушы органы даму жоспарын бекіту мәселесі жөнінде компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде оны бекіту туралы директорлар кеңесі шешімінің сканерленген көшірмесін электрондық есепке тіркеп, Тізілімге қосу үшін бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді.
      11. Электрондық есепті бірыңғай оператордың Тізілімге қосуы оның келіп түскен мерзімінен бастап компанияның электрондық мекенжайына электрондық есепті Тізілімге қосуы туралы хабарландыру жіберу жолымен бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Бірыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулері болған жағдайда, компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған сәттен бастап компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайтадан енгізбей бес жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға оны қайта енгізеді.
      12. Даму жоспарына жылына екі реттен аспайтындай мынадай тәртіппен:
      1) бірінші жыл бірінші түзету: бірінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдары біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      2) бірінші жыл екінші түзету: бірінші жылды бағалау, екінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдар біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      3) екінші жыл бірінші түзету: екінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдар біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      4) екінші жыл екінші түзету: екінші жылды бағалау, үшінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдар біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      5) үшінші жыл бірінші түзету: үшінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдар біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      6) үшінші жыл екінші түзету: үшінші жылды бағалау, төртінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдар біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      7) төртінші жыл бірінші түзету: төртінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдар біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      8) төртінші жыл екінші түзету: төртінші жылды бағалау, бесінші жыл толық түрде, одан кейінгі жылдар біріктірілген (жиынтық) түрде жылдарға бөлініп, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен;
      9) бесінші жыл: бесінші жыл толық түрде, енгізілген түзетулер бойынша негіздемелерді көрсетумен өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуге, енгізуге рұқсат етіледі.
      13. Даму жоспарына мынадай жағдайларда да:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстермен, сондай-ақ компания қызметiне маңызды әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруімен;
      2) компания қызметінің стратегиялық бағыттарының өзгеруімен;
      3) компанияның қайта ұйымдастырылуына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.
      Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тиісті негіздемелер болмаған жағдайларда даму жоспарының басқа көрсеткіштерін өзгертуге жол берілмейді.
      14. Компанияның даму жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу ағымдағы жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей мынадай тәртiппен жүзеге асырылады және компанияның директорлар кеңесі бекітеді:
      1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, атқарушы орган түзетілген даму жоспарының жобасын әзірлеуді және оны тиісті негіздемелерімен атқарушы орган тиiстi саладағы уәкiлеттi органға немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қарауға енгізуді қамтамасыз етеді;
      2) тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы түзетілген даму жоспарының жобасын тиісті негіздемелерімен белгіленген тәртіппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келісуге енгізуді қамтамасыз етеді;
      3) түзетілген даму жоспарының жобасын тиісті негіздемелерімен белгіленген тәртіппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келісуге енгізгеннен кейін бір айдан кешіктірмей атқарушы орган оны тиісті негіздемелерімен компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді;
      4) түзетілген даму жоспарының жобасы компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізілгеннен кейін бір айдан кешіктірімей компанияның директорлар кеңесі бекітеді.
      Түзетілген даму жоспарының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның), мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкiлеттi органдардың және компанияның директорлар кеңесінің қарау және келісу тәртібі осы Қағидалардың 6-7-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Компанияның атқарушы органы түзетілген даму жоспары компанияның директорлар кеңесімен бекітілген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде даму жоспарына түзетулер енгізу туралы директорлар кеңесі шешімінің сканерленген көшірмесін электрондық есепке тіркеп, Тізілімге қосу үшін бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді.
      16. Электрондық есепті бірыңғай оператордың Тізілімге енгізуі осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Компанияның даму жоспарының іске асырылу мониторингі, бағалау және бақылау

      17. Даму жоспарының іске асырылу мониторингін Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, компанияның даму стратегиясының көрсеткіштерінің, сондай-ақ қаржылық-шарауашылық қызметтің көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму жоспарының іске асырылу мониторингін оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      18. Мониторинг мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдар бекіткен, даму жоспарының іске асырылу мониторингін жүргізу үшін есепті ақпаратты ұсыну форматын қамтитын Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
      19. Даму жоспарының іске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін, компанияның директорлар кеңесі осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген даму жоспарының бағалау көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес компанияның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      20. Даму жоспарының іске асырылуын бағалау көрсеткіштерінің тізбесі мыналарды:
      1) елдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, сондай-ақ компанияның даму стратегиясының орындалуына сәйкестігіне компанияның даму жоспарының орындалуын;
      2) компания қызметінің өндірістік көрсеткіштерінің орындалуын;
      3) компания қызметінің қаржылық көрсеткіштерінің орындалуын;
      4) инвестициялық (инновациялық) жобалардың іске асырылуын;
      5) корпоративтік басқаруды;
      6) өзге де мақсаттардың, міндеттердің орындалуын бағалауды және компанияның бекітілген даму жоспарында көрсетілген қызметтің болжамды түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды қамтиды.
      21. Даму жоспарының іске асырылуын бағалау нәтижелерін атқарушы орган компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме алған күннен бастап, бес күн ішінде бiрыңғай операторға даму жоспарының іске асырылуын бағалау нәтижелерін бекіту туралы директорлар кеңесі шешімінің сканерленген көшірмесін қоса бере отырып электрондық есеп түрде ұсынады және осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен Тізілімге енгізіледі.
      22. Даму жоспарының іске асырылуын бақылауды стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлардың, компанияның даму стратегиясы мен даму жоспарының, оның ішінде бұзушылықтарды анықтау, жою мен болдырмау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жолымен орындалуының толықтығы мен өз уақытылығын талдау мақсатында тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму жоспарының іске асырылуын бақылауды оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      23. Даму жоспарының іске асырылуын бақылау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік мүліктің орынды пайдалануына бақылау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілген мониторинг және немесе бағалау нәтижелерін ескере отырып, жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады