Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 374 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 № 541 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 159-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 29 наурыздағы
№ 374 қаулысымен   
бекітілген     

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы
арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылу мониторингін
жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың (бұдан әрі – Бюджеттiк инвестициялар) іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) іс-шара – Бюджеттiк инвестициялар шеңберінде орындалатын және Бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көзделетін міндеттерді орындауға бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар кешені;
      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
      4) есепті жарты жылдық – Бюджеттiк инвестициялар есебінен іс-шара іске асырыла басталған немесе іске асырылып жатқан күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 маусымды қоса алғандағы және 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең;
      5) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi – мемлекеттiк кәсiпорындар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, оның iшiнде қатысушысы немесе акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншiлес, тәуелдi және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
      6) заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттары – ұлттық басқарушы компаниялардың, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық басқарушы компаниялардың, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу мен бекіту бойынша квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг
жүргізу тәртібі

      3. Бюджеттік инвестициялар мониторингі тұрақты және жүйелi түрде ақпарат жинау, Бюджеттiк инвестициялардың тиімділігін бақылап отыру мақсатында көрсетілген іс-шаралардың түпкілікті іске асырылу сәтіне дейін заңды тұлғалардың акциялар пакетін (қатысу үлестерін) сатып алу жолымен, бастапқы жарғылық капиталды қалыптастыру арқылы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Бюджеттiк инвестицияларды есепке алу мен олардың іске асырылуын талдау болып табылады.
      4. Бюджеттік инвестициялар мониторингі өзіне мыналарды:
      1) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың барысы туралы ақпарат жинауды;
      2) Бюджеттік инвестициялар есебінен заңды тұлғалар іске асыратын іс-шаралардың сапалық көрсеткіштері мен тиімділік көрсеткіштерінің іс жүзінде қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (сандық көрсеткіштері), түпкілікті нәтижелерін (нәтиже көрсеткіштері), Бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде және (немесе) мемлекеттiк органдардың стратегиялық даму жоспарларында және (немесе) заңды тұлғалардың стратегиялық құжаттарында жоспарланған тиісті нәтижелерімен салыстыру жолымен әрбір кезеңдегі қол жеткізілген шығындар мен іске асыру көлемін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін талдауды;
      3) есепті кезеңдегі орындалған жұмыстардың іс жүзіндегі және жоспарланған көлемі және қаржы қаражатын игеру сомасы туралы ақпаратты қамтитын Бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп дайындауды қамтиды.
      5. Бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Бюджеттік инвестициялар есебінен іс–шараларды жүзеге асыратын квазимемлекеттiк сектор субъектiсі бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісіне есепті жарты жылдықтағы Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жөніндегі есебін (бұдан әрі – квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебі) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ түсіндірме жазбаны (іс жүзіндегі көрсеткіштердің жоспардағыдан теріс бағытталған ауытқуы жағдайында ауытқуды егжей-тегжейлі негіздей отырып), бір мезгілде соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептілікті, квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің стратегиялық даму құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебі бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жылына 2 рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 1-күніне дейін беріледі.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебінде:
      1) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы;
      2) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңінің құны;
      3) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларының төлеміне олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайтуға ақша аудару кезінде акционердің (қатысушының) және директорлар кеңесінің шешімдері бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу мәліметтері;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері;
      5) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңін іске асыру кестесі;
      6) іске асырылуы үшін Бюджеттік инвестициялар жүзеге асырылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының деректемелері;
      7) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараны қаржыландыру сызбасы;
      8) Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде қол жеткізілуі жоспарланып отырған Бюджеттiк инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның нысаналы индикаторларға сәйкес сандық-сапалық көрсеткіштері;
      9) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жауапты орындаушысының деректемелері көрсетіледі.
      Квазимемлекеттік сектор субъектісі есебінің әрбір парағын Бюджеттік инвестициялардың мониторингі және олардың іске асырылуы туралы есепті дайындау үшін жауапты заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ондайлар болмаған жағдайда – заңды тұлғаның басшысы не оны алмастыратын тұлға дәйектейді.
      Квазимемлекеттік сектор субъектісінің есебіне заңды тұлғаның басшысы, не оны алмастыратын тұлға қол қояды. Бұл ретте жауапты орындаушы, құрылымдық бөлімшенің басшысы және заңды тұлғаның басшысы ұсынылып отырған ақпараттың толық және дұрыс екендігіне жауапты болады.
      7. Бюджеттік инвестицияларды іске асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал бюджеттік инвестицияларды іске асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті жартыжылдықтағы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шаралардың іске асырылу мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ түсіндірме жазбаны (нақты көрсеткіштердің жоспардағыдан теріс бағытталған ауытқыған жағдайында ауытқуды егжей-тегжейлі негіздей отырып) ұсынады, бір мезгілде соңғы есепті кезеңдегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық есептіліктерін, заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі жылына 2 рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 30-күніне дейін ұсынылады.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсінің есебінде:
      1) бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы;
      2) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңінің құны;
      3) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларының төлеміне олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайтуға ақша аудару кезінде акционердің (қатысушының) және директорлар кеңесінің шешімдері бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу мәліметтері;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері;
      5) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның әрбір кезеңін іске асыру кестесі;
      6) іске асырылуы үшін Бюджеттік инвестициялар жүзеге асырылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының деректемелері;
      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы ақпарат;
      8) Бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс–шараны қаржыландыру сызбасы;
      9) Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде қол жеткізілуі жоспарланып отырған Бюджеттiк инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның нысаналы индикаторларға сәйкес сандық- сапалық көрсеткіштері;
      10) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жауапты орындаушысының деректемелері көрсетіледі.
      Тікелей нәтиженің көрсеткіштері Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінде жоспарланған көрсеткіштерімен салыстырғанда есепті жарты жылдықта іс жүзінде орындалған сандық көрсеткіштермен айқындалады.
      Жоспарланған сандық көрсеткіштер орындалмаған (толық көлемде орындалмаған) жағдайда орындалмау немесе толық көлемде орындалмау себептері көрсетіле отырып, белгіленген мерзімде орындалмаған (толық орындалмаған) іс-шаралардың нақты тізбесі айқындалады.
      Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің көрсеткішін айқындау кезінде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігіне жұмсалған шығыстардың көлемін жоспарланған шығыстар көлемімен салыстырмалы талдау жүзеге асырылады, жоспарланғаннан іс жүзінде жүргізілген шығындардың ауытқу деңгейі айқындалады, ал нәтижелерге қол жеткізу тиімділігінің көрсеткішін айқындау кезінде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігіне жұмсалған шығыстардың көлемі жоспарланғанмен салыстырылады.
      Бюджеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша әрбір объекті бойынша заттық мәнінде жоспарланған және іс жүзінде жүргізілген жұмыстардың көлемі туралы ақпарат беріледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі есебінің әрбір парағын Бюджеттік инвестициялардың мониторингі және олардың іске асырылуы туралы есепті дайындау үшін жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын тұлға дәйектейді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебіне орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға) қол қояды, ал ондайлар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің басшысы және мемлекеттік мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы және төмен тұрған бюджеттің тиісті жергілікті атқарушы органының басшысы қол қояды. Бұл ретте аталған тұлғалар ұсынылып отырған ақпараттың толық және дұрыс екендігіне жауапты болады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша тиісті қорытындыны дайындаған кезде пайдаланады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк 
инвестициялардың іске асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына        
1-қосымша           

__________________________________________________________
      (квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы)

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы
арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын
іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жөніндегі
квазимемлекеттік сектор субъектісінің есебі

1-бөлім. Бюджеттік бағдарлама

Коды


Атауы


Сипаттамасы


Стратегиялық бағыты

нөмірі


атауы


Мақсаты

нөмірі


атауы


Міндеті

нөмірі


атауы


Сомасы, мың теңге


Іске асыру кезеңі

бастап


дейін


2-бөлім. Іс-шаралар

Р/с №

Акционерлік қоғамдар

Акцияларды сатып алу

Бюджеттiк инвестицияларды іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың саны, дана

Бюджеттiк инвестициялар іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың құны, мың теңге

Бюджеттiк инвестицияларды іске асырғанға дейін

Бюджеттiк инвестицияларды іске асырғаннан кейін

кезеңінде

барлығы

1 кезең











n кезең






Акцияларды (құнды қағаздарды) шығаруды мемлекеттік тіркеу мәліметтері

Р/с №

Серіктестіктер

Жарғылық капиталын ұлғайту, мың теңге

Жарғылық капитал мөлшерінің жиыны, мың теңге

Қатысушылардан қатысу үлестерін сатып алу

жоспар

нақты

жоспар

нақты

%

құны, мың теңге

мемлекеттік меншіктегі қатысу үлестері, %

жоспар

нақты

жоспар

нақты

жоспар

нақты

1 кезең























n кезең












Р/с №

Мемлекеттік кәсіпорындар

Жарғылық капиталын ұлғайту, мың теңге

Жарғылық капитал мөлшерінің жиыны, мың теңге



жоспар

нақты

жоспар

нақты

1 кезең



















n кезең










Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері


3-бөлім.
Іске асыру кестесі, жоспар/ нақты мың теңге

Р/с №

Іс-шаралар

Іс-шаралардың іске асырылған жылы

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

1 кезең



























n кезең














4-бөлім. Оларды іске асыру үшін бюджеттік инвестициялар жүзеге асырылған мемлекеттік жоспарлау жүйелері

Р/с №

Құжаттың атауы

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты бекітілген нормативтік құқықтық акті

Түрі

Қабылданған күні

Нөмірі

1.









n





5-бөлім. Қаржыландыру сызбасы (есепті жарты жылдық)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шотынан аударылды

Алушы

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспары бойынша

іс жүзінде аударылды

аударылған күні (айы, жылы)

сомасы, мың теңге

аударылған күні (күні, айы, жылы)

құжат

сомасы, мың теңге

атауы

Р/с №








1.















n








Алушының банктік шотынан аударылды

Р/с №

Алушы

қаржыландыру жоспары бойынша

іс жүзінде аударылды

аударылған күні (айы, жылы)

сомасы, мың теңге

аударылған күні (күні, айы, жылы)

құжат

сомасы, мың теңге

атауы

1.















n









6-бөлім. Нәтиже

Р/с №

Нысаналы индикатор

өлш. бірлігі

есепті жарты жылдықтың алдындағыдан екі жыл бұрын

есепті жарты жылдықтың алдындағыдан бір жыл бұрын

есепті жарты жылдықта

нақты

нақты

жарты жылдықтағы жоспар

нақты

1 жылда

үдемелі жиыны

1 жылда

үдемелі жиыны


жарты жылдықта

үдемелі жиыны

Тікелей нәтиже(сандық көрсеткіштері

1.





















n











Сапалық көрсеткіштері

1.





















n











Тиімділік көрсеткіштері

1.





















n











Түпкілікті нәтиже (нәтиже көрсеткіштері)

Тікелей нәтиженің Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама мен саланың (жүйенің, өңірдің) мақсаттарына қол жеткізуіне әсер етуі


7-бөлім. Жауапты тұлға

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болса)


Заңды тұлғаның атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары


Факс


Электрондық поштасы


Басшы      ________      ___________  20   ж. «  »  _________
            (қолы)        (Т.А.Ә.)                   (күні)

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына  
мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк   
инвестициялардың іске асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына         
2-қосымша                

______________________________________________________________ 
            (Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)                       
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы
арқылы бюджеттiк инвестициялардың іске асырылуына мониторинг
жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебі

1-бөлім.Бюджеттік бағдарлама

Коды


Атауы


Сипаттамасы


Стратегиялық бағыты

нөмірі


атауы


Мақсаты

нөмірі


атауы


Міндеті

нөмірі


атауы


Сомасы, мың теңге


Іске асыру кезеңі

бастап


дейін


2-бөлім. Іс-шаралар

Р/с №

Акционерлік қоғамдар

Акцияларды сатып алу

Бюджеттiк инвестицияларды іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың саны, дана

Бюджеттiк инвестицияларды іске асыру есебінен орналастырылған акциялардың құны, мың теңге

Бюджеттiк инвестицияларды іске асырғанға дейін

Бюджеттiк инвестицияларды іске асырғаннан кейін

кезеңінде

барлығы

1 кезең











n кезең






Акцияларды (бағалы қағаздарды) шығаруды мемлекеттік тіркеу мәліметтері


Р/с №

Серіктестіктер

Жарғылық капиталды ұлғайту, мың теңге

Жарғылық капитал мөлшерінің жиыны, мың теңге

Қатысушылардан қатысу үлестерін сатып алу

%

құны, мың теңге

мемлекеттік меншіктегі қатысу үлестері, %

жоспар

нақты

жоспар

нақты

жоспар

нақты

жоспар

нақты

жоспар

нақты

1 кезең























n кезең












Р/с №

Мемлекеттік кәсіпорындар

Жарғылық капиталын ұлғайту, мың теңге

Жарғылық капитал мөлшерінің жиыны, мың теңге

жоспар

нақты

жоспар

нақты

1 кезең



















n кезең










Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу мәліметтері


3-бөлім.Іске асыру кестесі, жоспар/нақты мың теңге

Р/с №

Іс-шара

Іс-шаралар іске асырылған жыл

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

1 кезең



























n кезең














4-бөлім.Іскеасырылуы үшін бюджеттік инвестициялар жүзеге асырылған мемлекеттік жоспарлау жүйелері

Р/с №

Құжаттың атауы

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты бекітілген нормативтік құқықтық акті

Түрі

Қабылданған күні

Нөмірі

1.









n





5-бөлім.Бюджеттік ақша, мың теңге

бөлінді

Барлығы


оның ішінде

есепті жарты жылдықтың алдындағы екі жыл бұрын


есепті жарты жылдықтың алдындағы бір жыл бұрын


есептік жарты жылдықта


түсім - бірыңғай қазынашылық шоттан Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шотына түсті

Барлығы


Соның ішінде

есепті жарты жылдықтың алдындағы екі жыл бұрын


есепті жарты жылдықтың алдындағы бір жыл бұрын


есептік жарты жылдықта


оның ішінде

құжаттың атауы


жіберілген күні


құжаттың №


6-бөлім. Қаржыландыру сызбасы (есепті жарты жылдық)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шотынан аударылды

Р/с №

Алушы

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспары бойынша

іс жүзінде аударылды

аударылған күні (айы, жылы)

сомасы, мың теңге

аударылған күні (айы, жылы)

құжат

сомасы, мың теңге

атауы








1.















n








Алушының банктік шотынан аударылды


Р/с №

Алушы

қаржыландыру жоспары бойынша

іс жүзінде аударылды

аударылған күні (айы, жылы)

сомасы, мың теңге

аударылған күні (айы, жылы)

құжат

сомасы, мың теңге

атауы

1.















n








7-бөлім.Нәтиже

Р/с №

Мақсатты индикатор

өлш. бірлігі

есепті жарты жылдықтың алдындағы екі жыл бұрын

есепті жарты жылдықтың алдындағы бір жыл бұрын

есепті жарты жылдықта

нақты

нақты

жарты жылдықтағы жоспар

нақты

1 жылда

үдемелі жиыны

1 жылда

үдемелі жиыны

жарты жылдықтағы жоспар

жарты жылдықты

үдемелі жиыны

Тікелей нәтиже(сандық көрсеткіштері)

1.





















n











Сапалық көрсеткіштері

1.





















n











Тиімділік көрсеткіштері

1.





















n











Түпкілікті нәтиже (нәтиже көрсеткіштері)

Тікелей нәтиженің Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жетекшілік ететін бюджеттік бағдарлама мен саланың (жүйенің, өңірдің) мақсаттарына қол жеткізуіне әсер етуі


8-бөлім. Жауапты тұлға

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болса)


Мемлекеттік органның атауы


Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары


Факс


Электрондық поштасы


Басшы      ________      ___________  20    ж. «  »  _________
            (қолы)        (Т.А.Ә.)                    (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады