"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 449 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 552 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

      Қырықбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және

      Арман Оразбайұлы ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қалимова - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

      Венера Қамысбайқызы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету

      комитеті төрағасының орынбасары

      Денисенко - теріс пиғылды діни ағымдардан зардап

      Юлия Олеговна шеккендерге көмек көрсету орталықтары

      қауымдастығының директоры (келісім бойынша);

      мына:

      "Сәкенов - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

      Қайыргелді Әнуарбекұлы қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың

      қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы

      (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сәкенов - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға

      Қайыргелді Әнуарбекұлы көмекшісі (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан Әмірхан Тапашұлы Аманбаев, Болат Талапұлы Берсебаев, Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбеков, Мұрат Тайкелтірұлы Мыңбаев, Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады