Оңтүстік Қазақстан облысындағы питомникте жек дуадақтың аналық басын құру мақсатында арнайы құрылған жағдайларда оларды қолдан өсіру және кейіннен мекендеу ортасына шығару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың 1 сәуір - 30 маусым кезеңінде Маңғыстау облысының аумағында саны 150 (бір жүз елу) дана жек дуадақ жұмыртқасын жинау жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
1) белгіленген тәртіппен «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Маңғыстау облысының аумағында саны 150 (бір жүз елу) дана жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат берсін;
2) жек дуадақ жұмыртқасы жиналатын жерлерде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов