Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердің мәйiтін тасымалдауға дайындаумен, мәйiтті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 493 Қаулысы.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2024 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің сексен еселенген мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2024 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Әскери қызметтi өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң мәйiттерiн жеткiзудi әзiрлеуге, мәйiттерiн жеткiзуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 ақпандағы № 174 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 99-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады