"Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 493 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 295 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердің мәйiтін тасымалдауға дайындаумен, мәйiтті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 493 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертiгуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшiлердің мәйiтін тасымалдауға дайындаумен, мәйiтті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің сексен еселенген мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 19 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады