"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 521 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының
күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2012 жылғы « »     
№   Жарлығына    
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12,113-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 5 қарашадағы № 1222 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 43, 451-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 857 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 1349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 18, 223-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1504 Жарлығының 1-тармағының 7) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығының 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады