Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 857 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 325 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.05.08 № 325 Жарлығымен.

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

       Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже ;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 сәуірдегі     
N 857 Жарлығымен        
бекітілген          

Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Ұлттық Кеңес қызметiнiң басты мақсаттары мемлекеттiк өмiрдiң неғұрлым маңызды мәселелерi, мемлекеттiк органдардың халық алдындағы жауапкершілігiн көтеру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, азаматтық қоғам өкiлдерiмен кеңiнен талқылау негiзiнде iшкі және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.11.05. N 1222 жарлығымен .

      3. Ұлттық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері

      4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:
      мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қозғайтын проблемалар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
      президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет жағдайында аймақтардың пікірлерін ескере отырып, мемлекеттік саясат, қоғам мен мемлекеттің тіршілік қызметінің негізгі бағыттары мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары мен халықтың түрлi әлеуметтiк топтарының өкiлдерiн тарту; <*>
      ел дамуының қорытындылары мен болашағын қарау, қоғам мен мемлекеттің жұмыс істеуін жақсарту жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізу;
      Республика Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалар және Қазақстан Республикасының неғұрлым маңызды заңдары мен Мемлекет басшысының актілері жобаларын қарау;
      Республика Президентінің ұсынысы бойынша мемлекеттік өмірдің өзге де маңызды мәселелерін талқылау болып табылады.
жарлығымен .

3. Ұлттық кеңестің құрамы

      5. Ұлттық кеңес Ұлттық кеңестің Төрағасы, оның мүшелері мен хатшысы құрамында түзіледі.

      6. Ұлттық кеңестің Төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

      7. Төраға:
      Ұлттық кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      Ұлттық кеңес отырыстарын өткізудің орны мен уақытын айқындайды;
      оның отырыстарына төрағалық етеді;
      Ұлттық кеңестің мүшелері мен хатшысына тапсырмалар береді. 

      8. Ұлттық кеңестiң құрамы онда мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың тең өкiлдiк етуi негiзiнде жасақталады. Кеңес мүшелерiнiң жартысы орталық мемлекеттiк органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi мен мәслихаттары хатшыларының және ауылдық округтердiң әкiмдерi қатарынан тағайындалады. <*>
      Кеңес мүшелерiнiң жартысы азаматтық қоғам институттарының (саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары), сондай-ақ халықтың негiзгi әлеуметтiк топтарының (кәсiпкерлер, фермерлер, мәдениет, бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерi, ғылыми, шығармашылық интеллигенция және т.б.) өкiлдерi қатарынан тағайындалады. <*>
      Премьер-Министр, Парламент Сенатының Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Бас прокурор лауазымдары бойынша Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.
      Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.11.05. N 1222 жарлығымен .

      9. Ұлттық кеңес мүшелері:
      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
      Ұлттық кеңес отырыстарына, оның шешімдері жобасына материалдар дайындауға қатысуға;
      Ұлттық кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға хақылы.
      Ұлттық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.

      10. Ұлттық кеңес хатшысы:
      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      оның отырыстарының күн тәртібі жобаларын түзеді;
      Ұлттық кеңес отырыстарына материалдар, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларын дайындауды ұйымдастырады; 
      Ұлттық кеңес мүшелерін Ұлттық кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      Ұлттық кеңес отырыстары хаттамаларынан көшірмелерді қол қойып куәландырады;
      Ұлттық кеңес отырысында қаралуға тиіс мәселелерді дайындау үшін жұмыс топтары мен комиссиялар құрады;
      жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен, соның ішінде шарттық негізде сараптамашыларды, ғалымдар
мен мамандарды тартады.

4. Ұлттық кеңестің жұмыс тәртібі

      11. Ұлттық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі. 
      Ұлттық кеңестің отырысы, егер оған Ұлттық кеңес мүшелері жалпы санының кемінде жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады.

      12. Ұлттық кеңестің шешімі оның отырысында Ұлттық кеңестің аталған отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының басым дауыс беруі арқылы қабылданады.
      Отырысқа қатысушылар дауысы тең түскен жағдайда Төраға жақтап дауыс берген шешім қабылданады.
      Төраға өзінің қарауы бойынша жекелеген мәселелер жөнінде шешім қабылдаудың өзге тәртібін белгілеуге хақылы.

      13. Ұлттық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделіп, оған Төраға қол қояды. Қажет болған жағдайда Ұлттық кеңестің шешімі Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің актілерімен іске асырылуы мүмкін.

5. Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      14. Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің     
2002 жылғы 29 сәуірдегі  
N 857 Жарлығымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің 
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.11.05. N 1222 , өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.04.15. N  1349 жарлығымен, 2004.12.15. N 1504 өкімімен, 2006.02.06. N 56 жарлығымен.

Назарбаев                 - Қазақстан Республикасының
Нұрсұлтан Әбiшұлы           Президентi, Төраға

Қалетаев                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Дархан Аманұлы              Әкiмшiлігінiң Iшкi саясат басқармасы
                            Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi,
                            хатшы

Ұлттық кеңестiң мүшелерi

Абдрахманов Сауытбек      - "Егемен Қазақстан" республикалық
                            газетi" ашық акционерлiк қоғамының
                            президентi

Айғазиев                  - "Қарағандырезинатехника"
Асқар Тәжiбайұлы            жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
                            директоры,
                            Қарағанды облысы

Алтынбаев                 - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қапашұлы             Қорғаныс министрi

Андриасян                 - M.Ю.Лермонтов атындағы
Рубен Суренович             Мемлекеттiк академиялық
                            театрдың көркемдiк жетекшiсi,
                            Алматы қаласы

Ахметов                   - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы          Премьер-Министрi

Аяған                     - "Қазақ энциклопедиясы"
Бүркiтбай Гелманұлы         акционерлiк қоғамының президентi,
                            Алматы қаласы

Әбдiлдин                  - Қазақстан Республикасы
Жабайхан Мүбәракұлы         Парламентi Сенатының Халықаралық iстер,
                            қорғаныс және қауiпсiздiк жөнiндегi
                            комитетiнiң төрағасы

Әбділдин                  - Қазақстан коммунистiк партиясы
Серiкболсын Әбдiлдаұлы      орталық комитетінiң бiрiншi хатшысы

Әбдiкәрiмов Оралбай       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
                            хатшысы

Әбiқаев Нұртай            - Қазақстан Республикасы Парламентi
                            Сенатының Төрағасы

Әмiрина                   - N 32 орта мектептiң қазақ тiлi
Ғалияш Қуанышбекқызы        және әдебиетiнiң мұғалiмi,
                            Астана қаласы

Әуезов                    - Республикалық Ұлттық
Мұрат Мұхтарұлы             кiтапхананың бас директоры,
                            Алматы қаласы

Байгенжин                 - "Республикалық клиникалық аурухана"
Абай Қабатайұлы             республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                            директоры, Астана қаласы

Байқадамов                - Қазақстан Республикасындағы
Болат Кенжекешұлы           Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл

Барон                     - "Мицва" еврей мәдени орталықтары
Александр Иосифович         қауымдастығының президентi

Бәйменов                  - "Ақжол" Қазақстан демократиялық
Әлихан Мұхамедияұлы         партиясының тең төрағасы

Бексұлтанов               - Қарағанды қалалық мәслихатының
Құдайберген Бексұлтанұлы    хатшысы

Бектасов                  - "Қазақтелеком" ашық акционерлiк
Әбен Ағыбайұлы              қоғамының президентi

Белкин                    - Қазақстан Еркiн кәсiподақтар
Сергей Леонидович           конфедерациясының президентi

Беркiмбаева               - Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық
Шәмшә Копбайқызы            институтының ректоры

Бисекенова                - Батыс Қазақстан облысы Бөкей
Гүлжиян Исағалиқызы         ордасы аудандық мәслихатының хатшысы

Бишiмбаев                 - Оңтүстiк Қазақстан облыстық
Уәлихан Қозыкеұлы           мәслихатының депутаты, М.Әуезов
                            атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк
                            университетiнiң ректоры, "Қазақстан
                            Республикасының Ұлттық ғылым
                            академиясы" қоғамдық бiрлестiгiнiң
                            академигi

Божанова                  - Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы
Алмагүл Божанқызы

Бунаков                   - Қазақстан Орыс қауымдастығының басшысы
Юрий Захарович

Бурлаков                  - Қазақстан Республикасы Парламентi
Леонид Николаевич           Сенатының Аймақтық даму және жергілікті
                            өзін-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi
                            комитетiнiң төрағасы

Головачев                 - "Қазхром" трансұлттық компаниясы
Николай Петрович            ашық акционерлiк қоғамының филиалы -
                            Ақсу ферроқорытпа зауытының
                            директоры, Павлодар облысы

Двуреченский              - "Заречное" республикалық
Валентин Иванович           мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының
                            директоры, Қостанай облысы

Демеуов                   - Павлодар қаласының әкiмi
Бәкiр Саматұлы

Дербiсәлi                 - Қазақстан мұсылмандары дiни
Әбсаттар қажы               басқармасының төрағасы, бас мүфти

Доскен                    - "Қазақстан" республикалық
Ғалым Төлембекұлы           телерадиокорпорациясы басқармасының
                            төрағасы

Дүмбаев                   - "Жан" мүгедектер құқықтары
Айбек Еркiнұлы              жөнiндегi Азиялық қоғамының төрағасы

Дiнiшев                   - Қазақстан Республикасының
Әлiбек Мұсаұлы              халық артисi

Ермегияев                 - "Отан" республикалық саяси партиясы"
Амангелдi Дiнұлы            қоғамдық бiрлестiгi төрағасының
                            орынбасары

Ертаева                   - Атырау облысының Құрманғазы
Сәуле Қайыржанқызы          ауданы Бәйдi ауылдық округiнiң әкiмi

Есенбеков                 - Оңтүстiк Қазақстан облысының
Пердеш                      Мақтаарал ауданы Үлгiлi ауылдық
                            округiнiң әкiмi

Есiмов                    - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы          Премьер-Министрiнiң орынбасары

Ешмұхамедова              - "Мөлдiр" әйелдер қауымдастығының
Ләззат Ескендiрқызы         директоры

Ешiмова                   - Алматы облысындағы Қапшағай қаласының
Раиса Советқызы             қалалық білiм беру бөлiмiнiң
                            меңгерушiсi

Жаворонков                - "Лига" жауапкершiлiгi шектеулi
Виктор Павлович             серiктестiгiнiң директоры, Петропавл
                            қаласы

Жалыбин                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
Сергей Михайлович           Мәжiлiсiнiң Заңдар және сот-құқықтық
                            реформа жөнiндегi комитетiнiң төрағасы

Жанғоразов                - "Ижевское" жауапкершілiгi шектеулi
Ибрагим Дәуiтұлы            серiктестiгiнiң бас директоры,
                            Қазақстан Республикасы
                            Агроөнеркәсiподағының бiрiншi
                            вице-президентi, Қазақстан Құс
                            өсiрушiлерi одағының вице-президентi

Жолжақсынов               - Қазақстан Республикасының халық
Досқан Қалиұлы              артисi, Қазақстан Республикасы
                            Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты,
                            Алматы қаласы

Жұмабаев                  - Қазақстан Республикасы Парламентi
Ермек Жианшаұлы             Сенатының Заңдар және құқықтық
                            реформа жөнiндегi комитетiнiң төрағасы

Жұмабаев                  - Қазақстан телерадиохабарлар
Айдар Әбiлмәжiнұлы          таратушылар қауымдастығының президентi

Жұмабеков                 - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Оңалсын Исламұлы            министрi

Жұрынов                   - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы              ғылым академиясы" қоғамдық бiрлестiгiнің
                            президентi

Жылқышиев                 - Оңтүстiк Қазақстан облысы
Байдiлда                    Төле би ауданының әкiмi

Исабеков                  - жазушы, Қазақстан Республикасы
Дулат                       Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты,
                            Қазақстан Республикасы Мәдениет
                            министрлiгi Қазақ мәдениет және
                            өнертану ғылыми-зерттеу институтының
                            директоры, Aлматы қаласы

Каримов                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
Мұрат Абдулхайұлы           Мәжiлiсiнiң депутаты, "Идел" татар
                            және татар-башқұрт қоғамдық және
                            мәдени орталықтары қауымдастығының
                            президентi" (келiсiм бойынша)

Кекiлбаев                 - халық жазушысы, Қазақстан Республикасы
Әбiш                        Парламентi Сенатының депутаты

Келiмбетов                - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы             және бюджеттiк жоспарлау министрi

Керiмқұлова               - Шымкент қалалық N 1 емхананың
Ғалия Ықсанқызы             бас дәрiгерi, қалалық мәслихат депутаты

Коген Ешая                - Қазақстан иудейлерiнiң бас раввинi

Қадырова                  - Қазақстан Республикасы Парламентi
Зәуре Жүсiпқызы             Мәжiлiсiнiң Әлеуметтік-мәдени даму
                            жөнiндегi комитетiнiң төрайымы

Қалиев                    - Қазақстанның "Ауыл"
Ғани Әлiмұлы                социал-демократиялық партиясының
                            төрағасы

Қарабалин                 - "Қазмұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясы
Ұзақбай Сүлейменұлы         жабық акционерлiк қоғамының президентi

Қасқабасов                - Қазақстан Республикасы Бiлiм
Сейiт Асқарұлы              және ғылым министрлiгiнiң М.О.Әуезов
                            атындағы Әдебиет және өнер институтының
                            директоры, "Қазақстан Республикасының
                            Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық
                            бiрлестiгiнiң академигi

Қасымов                   - Қазақстан патриоттары партиясының
Ғани Есенгелдiұлы           төрағасы

Қожамқұлов                - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Төлеген Әбдiсағиұлы         университетiнiң ректоры

Құлекеев                  - Қазақстан Республикасы Бiлiм
Жақсыбек Әбдiрахметұлы      және ғылым министрi

Құтпанов                  - Алматы облысы Қарасай аудандық әкiмi
Болат-би Сатымбайұлы

Ландик                    - T.Рысқұлов атындағы орта мектептiң
Анна Адреевна               директоры, Жамбыл облысы Меркi аудандық
                            мәслихатының депутаты

Мадинов                   - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ромин Ризович               Мәжiлiсi Аграрлық мәселелер жөнiндегі
                            комитетiнiң төрағасы, Қазақстан
                            аграрлық партиясының төрағасы
                            (келiсiм бойынша)

Мәсiмханұлы Дүкен         - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
                            университетi шығыстану кафедрасының
                            меңгерушiсi

Мефодий                   - Қазақстандағы Астана және Алматы
(Немцов Николай             Орыс православие шiркеуiнiң
Федорович)                  митрополитi

Мусин                     - Атырау облысының әкiмi
Аслан Есболайұлы

Мұқашев                   - Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар
Сиязбек Өнербекұлы          федерациясының төрағасы

Мұхаметжанов              - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Бауыржан Әлiмұлы            Әкiмшiлігі Басшысының орынбасары -
                            Мемлекеттiк-құқық басқармасының
                            бастығы

Мырзалин                  - Ақтөбе облысы Темiр ауданының әкiмi
Ахат Ахметұлы

Нәрiкбаев                 - Қазақстан демократиялық партиясының
Мақсұт Сұлтанұлы            төрағасы

Никандров                 - Петропавл қаласының әкiмi
Владимир Петрович

Нұрғожаев Жақыпжан        - Журналистер конгресi атқару комитетiнiң
                            мүшесi, Алматы облыстық "Жетiсу"
                            газетiнiң бас редакторы

Нысанбаев                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы       және ғылым министрлiгiнiң
                            Философия және саясаттану институтының
                            директоры, "Қазақстан Республикасының
                            Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық
                            бiрлестiгiнiң академигi

Өтебаев                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
Мүсiрәлi Смайылұлы          Сенатының Экономика, қаржы және
                            бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрағасы

Өтемұратов                - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Болат Жәмитұлы              Кеңесiнiң хатшысы

Өтешов                    - Қазақстан Жастар конгресiнiң
Нұрлан Сүлейменұлы          атқарушы директоры

Пак                       - "Жаңа арай" жауапкершiлiгi
Валерий Михайлович          шектеулi серiктестiгiнiң директоры,
                            Астана қаласы

Перуашев                  - Қазақстан Азаматтық партиясы
Азат Тұрлыбекұлы            орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы

Петухова                  - Астана қалалық мәслихатының депутаты,
Надежда Михайловна          N 1 қалалық балалар ауруханасының бас
                            дәрiгерi

Пэта Томаш                - Рим-католиктiк шiркеуiнiң архиепископы
                            (Астанадағы Әулие Мария Қыз архидиоцезi)

Рамазанов                 - Қазақстан Республикасы Парламентi
Еркiн Аманоллаұлы           Мәжiлiсiнiң Аграрлық мәселелер
                            жөнiндегi комитетiнiң төрағасы

Рогов                     - Қазақстан Республикасы
Игорь Иванович              Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы

Савченко                  - Қазақстан Республикасы
Светлана Юрьевна            Тұтынушылар Ұлттық лигасының президентi

Сағдиев                   - Қазақстан Республикасы Ардагерлер
Мақтай Рамазанұлы           ұйымдары орталық кеңесiнiң төрағасы

Самақова                  - Қазақстан Республикасы
Айткүл Байғазықызы          Президентiнiң кеңесшiсi - Қазақстан
                            Республикасы Президентiнiң жанындағы
                            Отбасы iстерi және гендерлiк саясат
                            жөнiндегi ұлттық комиссияның
                            төрайымы

Сейдiмбек                 - жазушы, филология ғылымдарының
Ақселеу Сланұлы             докторы, Л.H.Гумилев атындағы Евразия
                            ұлттық университетiнiң профессоры

Сиврюкова                 - Қазақстанның Yкіметтік емес
Валентина Андреевна         ұйымдар конфедерациясының президентi

Соловьева                 - Қазақстанның Кәсiпкер әйелдерi
Айгүл Сағадибекқызы         одағының тең төрайымы, Қазақстан сүт
                            және сүт тағамдарын өндiрушiлер
                            қауымдастығының төрайымы,
                            "Базальт-Инт" Атырау сүт зауыты"
                            акционерлiк қоғамының президентi

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Парламентi
Қуаныш Сұлтанұлы            Сенатының Әлеуметтiк-мәдени даму
                            жөнiндегi комитетiнiң төрағасы

Сыдықов                   - Шәкәрiм атындағы Семей
Ерлан Батташұлы             университетiнiң ректоры, Шығыс
                            Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

Тасмағамбетов             - Алматы қаласының әкiмi
Иманғали Нұрғалиұлы

Тәжин                     - Қазақстан Республикасы Президентi
Марат Мұхамбетқазыұлы       Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi
                            орынбасары - Iшкi саясат басқармасының
                            бастығы

Терещенко                 - Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Сергей Александрович        төрағасының орынбасары

Тоқаев                    - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт Кемелұлы        Сыртқы iстер министрi

Төлеуов                   - Қарғалы ауданындағы "Степное"
Аманғос Сансызбайұлы        жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
                            директоры, Ақтөбе облыстық мәслихатының
                            депутаты

Тукалевская               - Қазақстан Республикасы Диабет
Наталья Николаевна          қауымдастығының президентi

Түсiпбеков Рашид          - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Tөлеутайұлы

Ужакин                    - Ақмола облысы Ақкөл аудандық
Юрий Иванович               мәслихатының хатшысы

Yмбетов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Серiк Әбiкенұлы             шаруашылығы министрi

Халмұрадов Розақұл        - "Достлик" өзбек қоғамдық
Сатыбалдиевич               бiрлестiктерi қауымдастығының төрағасы

Хасанов                   - Қазақстан ұйғыр мәдениетi қоғамының
Фархад Таипович             төрағасы

Хакiмов Махамбет          - "Каспий табиғаты" қоғамдық
                            бiрлестiгiнiң төрағасы

Хильниченко               - "Хильниченко және К" коммандит
Виктор Петрович             серiктестiгiнiң төрағасы, Алматы
                            облыстық мәслихатының депутаты

Храпунов                  - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi
Виктор Вячеславович

Цхай                      - "Қазақстан кәрiстерi қауымдастығы"
Юрий Андреевич              республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң
                            президентi

Червинский                - "Казахстанская правда"
Олег Чеславович             республикалық газетi" ашық акционерлiк
                            қоғамының президентi

Чулаков Андрей            - Ақтау қаласындағы "Бриз" бiрлескен
Константинович              кәсiпорнының директоры

Шабанова                  - Шығыс Қазақстан облысы
Елена Ивановна              Шемонаиха ауданы Өстал кентiнiң әкімi

Шелпеков                  - Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы
Бақтыбай Ақбердiұлы

Шәймерденов               - Екiбастұз қалалық мәслихатының хатшысы
Балғабай Мыңбайұлы

Шалахметов                - Қазақстан Республикасы Парламентi
Ғаділбек Мiнәжұлы           Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм
                            бойынша)

Шаяхметов                 - Арқалық қалалық мәслихатының
Әдiлхан Асылханұлы          депутаты

Шүкеев                    - Астана қаласының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы

Ысқақова                  - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Балкүмiс Қайырзатқызы       Мүсiрепов атындағы аудандық
                            мәслихатының хатшысы

Дунаев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы          министрi

Кулагин                   - Қостанай облысының әкiмi
Сергей Витальевич

Назарбаева                - Қазақстан Республикасы Парламентi
Дариға Нұрсұлтанқызы        Мәжілiсiнiң депутаты, "Асар"
                            республикалық саяси партиясының
                            төрайымы (келiсiм бойынша)

Әбдiрахманов Серiк        - Қазақстан Республикасы Парламентi
                            Мәжiлiсiнiң Халықаралық iстер,
                            қорғаныс және қауiпсiздiк жөнiндегi
                            комитетiнiң төрағасы (келiсiм
                            бойынша)

Әлиев Жұматай             - Қазақстан Республикасы Президентi
                            Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы
                            Қазақстан халықтары Ассамблеясы
                            хатшылығының меңгерушiсi, Қазақстан
                            халықтары Ассамблеясы Төрағасының
                            орынбасары

Жақсыбеков                - Қазақстан Республикасы Президентi
Әдiлбек Рыскелдiұлы         Әкiмшiлігінiң Басшысы

Қалмырзаев                - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сарыбай Сұлтанұлы           қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                            қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы

Көпеев                    - Қазақстан Республикасы Төтенше
Мұхамбет Жұманазарұлы       жағдайлар министрi

Қосыбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы            ақпарат және спорт министрi

Мамашев                   - Дүниежүзiлiк қазақтар
Талғат Асылұлы              қауымдастығының вице-президентi

Мұхамеджанов              - Қазақстан Республикасы Парламентi
Орал Байғонысұлы            Мәжiлiсiнiң Төрағасы (келiсiм
                            бойынша)

Нығматулин                - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ерлан Зайруллаұлы           Мәжiлiсi Экология және табиғат
                            пайдалану мәселелерi жөнiндегi
                            комитетiнiң төрағасы (келiсiм
                            бойынша)

Сағадиев                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Кенжеғали Әбенұлы           Мәжiлiсi Қаржы және бюджет жөнiндегi
                            комитетiнiң төрағасы (келiсiм
                            бойынша)

Сухорукова                - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Вера Николаевна             Мәжiлiсi Экономикалық реформа және
                            аймақтық даму жөнiндегi комитетiнiң
                            төрайымы (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады