Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 557 Қаулысы

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 557 қаулысына  
қосымша       

2012 жылы әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери қызметке
шақыруға жататын запастағы офицерлердің саны

Р/с

Әскери-есептік мамандық

Саны

Офицер

1.

Мотоатқыштар әскерлері

33

2.

Химиялық әскерлер

3

3.

Инженерлік әскерлер

16

4.

Тәрбие және құқықтық жұмыстар жөніндегі

5

5.

Психология

1

6.

Заңгер

5

7.

Зымыран-артиллериялық қару-жарақ

3

8.

Қазақстан Республикасы Әскери прокуратурасы үшін заңгер

5

9.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

99

10.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

9

БАРЛЫҒЫ


179

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады